Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАЛҚЫЛАУДА — ОН МӘСЕЛЕ

14.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы болып өтті. Отырысқа қала әкімі Ермак Сәлімов, әкімдіктің бөлім басшылары, шаһардағы түрлі салалық мекемелер жетекшілері қатысты. Алқалы жиын барысында, күн тәртібіне сәйкес, қалалық мәслихат депутаттары 10 мәселе қарады. Аталмыш сессияға №1 сайлау округі бойынша депутат Марлен Көкірекбаев төрағалық етті.

Халық қалаулылары бұл жолғы отырыста бірқатар мәселелерді сарапқа салды. Атап айтсақ, қаланың орта білім беру мекемелері үшін мемлекеттік қызметтер мен қала шетіндегі елдімекендерден оқушыларды тасымалдау жағдайына қатысты мәселелерді қызу талқылады. Бірінші кезектегі бұл мәселе бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко арнайы баяндама жасады. Бөлім басшысы өз сөзінде қала мектептері ұсынып отырған қызмет түрлері мен олардың сапасына кеңінен тоқталды. Нақтырақ айтсақ, қазіргі күні қаламыздағы Степной, Бобровка кенттері мен Шығыс саяжайларынан оқушыларға көлік тасымалы бойынша қызмет көрсетілуде. Аталмыш оқу жылында оқушылардың ата-аналары тарапынан ешқандай арыз-шағым түспеген. Оның айтуынша, 2015-16 оқу жылында Семейдегі білім мекемелерінде 42 мың 439 оқушы оқыған. Қаладағы 56 мектепте аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 5 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтылған. Сондай-ақ 12 мектепке алыс ауылдар мен кенттерде тұратын оқушылар тегін тасымалданған.

Рас, қысқы мезгілде біршама қолайсыздықтар туындағанымен, оның барлығы дер кезінде шешімін тапқан. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының жазғы демалысы ойдағыдай өтуі үшін, мектеп жанынан лагерьлер ұйымдастыру ісі де биыл дұрыс жолға қойылған.

Осыдан кейінгі кезекте автокөлік жолдары мен жолаушы тасымалдау жағдайы жөнінде қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов арнайы баяндама жасады. Бөлім жетекшісінің айтуынша, қазіргі күні қаламыздағы негізгі жолдардағы шұңқырларды жамау жұмыстары аяқталуға жақын.

Ақпараттан құлағдар болған депутаттар Нұрлан Серғазиновке бірқатар сұрақтар қойып, кешкі уақыттардағы қоғамдық көлік қозғалысы мен жол жөндеу жұмысына қатысты бірқатар сын айтты. Мәселен, Шығыс саяжайлар алқабынан қала орталығы бағыты бойынша  қатынайтын бірқатар көліктер кешкісін уақытынан ерте тоқтап қалады. Сонымен қоса ең соңғы аялдамаға жетпей бағытын ерте өзгертетіндер де бар.

Депутаттар отырыс барысында жолаушылар тасымалына байланысты тағы да бірқатар мәселелерді ортаға салды. Атап айтсақ, қала сыртындағы Орленок саяжайына қатынау шаһар тұрғындарына біршама қиындық туғызады. Бұл сауалдарға ретімен жауап қайырған Нұрлан Серғазинов аталмыш мәселелердің күн тәртібінде тұрғанын және кезегімен шешілетінін жеткізді. Ал қазіргі күні негізгі күш автокөлік жолдарын жөндеуге жұмылдырылып отыр. Бұл ретте қала сыртындағы жолдарда да ағымдық жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, шаһар іргесіндегі Озерка елдімекенінде шұңқыр жамау шаралары жақсы нәтиже беруде. Алдағы уақытта осы ауылға қарасты шағын көпір де қайта жөнделетін болады. Қазіргі күні жергілікті және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мұндай жұмыстарға толығымен жеткілікті және айтарлықтай кедергілер туындап жатқан жоқ.

Сонымен қатар, сессия отырысында мәслихат депутаттары Достық ауылдық округі әкімі Нұркен Жарликеновтың өзіне жүктелген функцияларды іске асыруы жөніндегі есебін де тыңдады. Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержан Сүлеймен тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемін анықтау және беру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы кең көлемде ақпараттандырып өтті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС