Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕРЛІЛЕРДІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ҚАРА ШАҢЫРАҚҚА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

14.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Апта сенбісінде қаламызға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, облыстық білім басқармасының баcшысы Айжан Садықова арнайы сапармен келді. Мәртебелі меймандар қаламыздағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжде болып, оқу ордасының ішкі жабдықталуымен, жалпы ахуалымен танысты. Сондай-ақ оқытушылар құрамымен жүздесіп, колледжді қаламыздағы Бизнес колледж ғимаратына көшіру мәселесін бірлесіп талқылады.

Осыған дейін аталмыш мәселе бойынша музыкалық колледж ұстаздары өз наразылықтарын білдірген болатын. Бұл жайында ғимарат ішін аралату барысында колледж директоры Серік Малаев толығырақ айтып берді. Яғни, аталмыш колледж ұстаздарының пікіріне сүйенсек, бірінші кезекте, колледжді көшіру — мұндағы музыкалық аспаптар үшін үлкен қауіп көзі. Мәселен, осындағы үлкен рояль мен фортепианолардың көпшілігінің орналастырылғанына жиырма жылдан асқан. Әрі оларды орнынан қозғау үшін ғимараттың үстіңгі қабатындағы қабырғаны бұзып, кранды пайдалану қажет. Оның өзінде де бұл жабдықтар тасымалға шыдас бермейді. Ескі аспаптар қирайтын болса, қалпына келтіру мүмкін емес. Ал ең арзан рояльдің бағасы 3 жарым миллион теңге тұрады екен. Тағы бір мәселе бар, көптеген музыкалық құрылғы тұрақты температураны қажет етеді. Ал Бизнес колледж ғимараты қыс мезгілінде тым салқын. Сол себепті колледжді көшіруден келіп туындайтын қолайсыздықтар өте көп.

Облыс әкімінің орынбасары колледж директорының уәжіне құлақ түре жүріп, БАҚ өкілдерімен бірге оқу ордасы ғимаратын аралап шықты. Бұл ғимарат бұрындары жатақхана болған. Бөлмелері шағын, қабырғасы аса қалың. Бұл, оқытушылардың айтуынша, мейлінше тиімді көрінеді. Себебі музыкалық білім беру үрдісі ұжымдық тұрғыдан гөрі әр студентпен жекелей жұмыс істеуді талап етеді. Яғни, шағын бөлмелерде даярлық жасап, машықтанудың мүмкіндігі жоғары көрінеді.

Жақсылық Мұқашұлы бастаған топ колледждің спортзалына, шағын көлемдегі мәжіліс залына, хореография бөлмесіне де кіріп шықты. Бұл сәтте барлық студенттер әзірлік жүргізіп жатқан болатын.

Осыдан соң БАҚ өкілдері бастаған топ қаламыздағы Бизнес колледж ғимаратында болды. Бұл оқу ордасының күрделі жөндеуден өткеніне көп болмапты. Дәрісханалары кең әрі жарық. Біркелкі есіктермен жабдықталыпты. Еурожөндеу үлгісіндегі үлкен зал мен фойе ыңғайлылық тудырады. Сондай-ақ әрбір бөлмеге ғаламтор желісі тартылып, толықтай компьютерлендірілген. Бір ауыз сөзбен айтқанда, студенттердің алаңсыз білім алып, сабақ оқулары үшін барлық қолайлы жағдай жасалған.

Бизнес колледж ғимараты жөнінде мағлұмат берген облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Ерханқызының пікірінше, егер мұнда көшірілетін болса, музыкалық колледж студенттерінің санын әлдеқайда арттырып, тынысын кеңейтуге мүмкіндік туады. Атап айтсақ, аумағы аса кең акт залын концерттік залға айналдырса, тіптен тиімді болар еді. Сонымен қатар мұнда сахна өнеріне машықтанушы студенттер үшін қосалқы гримдеу, киім ауыстыру сынды бөлмелер ашуға да қолайлы болады. Жалпы, ғимарат 970 студентті еркін сыйдыра алады.

Алайда осы арада музыкалық колледж оқытушылары бұл ғимараттың тиімсіздігін тағы бір мәрте алға тартты. Колледж «Базар» аялдамасынан әлдеқайда алыс. Ал күн сайын сабаққа салмағы 10 келідей болатын баян, виолончель арқалап келетін әр студент оқу орнына  жеткенше шаршайды. Бұл, сөз жоқ, оқу процесіне кері әсер етеді. Музыкалық колледж директоры сонымен қатар аталмыш ғимараттың қыс мезгілінде суық екенін алға тартып, музыканттардың саусағы дұрыс икемге келуі үшін, әуендік аспаптардың құлақ күйінде болуы үшін, температураның жоғары болуы қажеттігін алға тартты.

Облыс әкімінің орынбасары бұл айтылған жайттардың барлығын ескеретінін, алдағы уақыттарда арнайы комиссия тарапынан толықтай сарапқа салынатынын жеткізді.

— Бүгінгі таңда облысымыз бойынша 80 колледж жұмыс істеп тұр. Онда жалпы саны 40 мыңнан аса студент оқиды. Дегенмен қазіргі күні көптеген колледждер жартылай бос тұр деуге болады. Кейбірінде 50, енді бірінде 60 пайыз ғана студенттер білім алуда. Яғни, аудиториялар жеткілікті, білім беруге мүмкіндік мол. Бірақ студенттер жеткіліксіз. Бұл бір. Екінші мәселе — ұқсас мамандықтарды тым көп дайындаймыз. Сондықтан да сондай колледж- дерді қарап, оларға бөлінетін мемлекет қаржысын үнемдеу үшін, оларды тиімді пайдалану және сапалы мамандар даярлау үшін біз осындай қадамдарға баруымыз керек. Демек, оларды біріктіріп, ұқсас мамандықтарды қосып, оңтайландыруымыз қажет. Бұл, ең әуелі, мемлекет қаржысын үнемдеуге әкеледі, екіншіден, сапалы мамандар даярлауға тікелей мүмкіндік ашады. Сол себепті көлемінде аталмыш бағыт бойынша жұмыстар жүргіземіз. Тек Семейде ғана емес, Өскеменде де және өзге аудандарда да осындай шешім қабылданатын болады,- деді Жақсылық Мұқашұлы.

Ал музыкалық колледжді Бизнес колледж ғимаратына ауыстыру ісі әлі шешілген жоқ. Яғни, кесімді пікір айтуға ерте. Бұл мәселе алдағы уақытта айқындалатын болады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС