Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

17.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде еліміздің бар аймағында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мемлекеттік органдар басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер, құқық қорғау органдарының басшылары мен депутаттар азаматтар үшін жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіп келеді. Аталмыш игілікті үрдіс билік партиясының Семей қалалық филиалында да жүйелі түрде көрініс тапқан.

Кеше, апта бейсенбісінде, қаламыздағы жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелерін қарастырып, оларды шешуге көмектесу мақсатында «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қоғамдық қабылдау өтті. Нақтырақ айтсақ, Семей қаласы прокурорының орынбасары Марат Турубаев және ІІБ жергілікті полиция бөлімінің басшысы Рафик Сайфутдинов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бұл жолғы қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар, негізінен, құқықтық мәселелер бойынша көмек сұрап келді. Араларында шаһарымыздың қоғамдық өмірі, санитарлық тазалығы бойынша мәселе көтеріп келген қала патриоттары да болды. Десек те прокурор орынбасарының қабылдауына жазылған жандардың басым көпшілігі тұрмыстық сипаттағы мәселелерді алға тартты. Мәселен, қаламыздың Суықбастау кентінің тұрғыны, зейнет жасындағы бір ақсақал өзі тұратын аталмыш аумақтағы қоғамдық тәртіптің сақталуы жайлы, аумақтағы тазалық мәселесін айта келіпті. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстарының аяқсыз қалмауын да өтінді. Қарияның сауалына жауап қайырған Марат Тельманұлы қазіргі таңда қала көшелері бойынша прокурорлық тексеру жүргізіліп жатқанын алға тарта келе, ақсақалдың ұсынысы жерде қалмайтынын жеткізді. Әйтсе де, тазалық жайы аймақты абаттандыру жұмысына кіретіндіктен, аталған мәселелерді жергілікті атқарушы билікке жолдаған дұрыс болады деген пікір айтты.

Ал Н. есімді азаматша құқық қорғау қызметкерлерінің үстінен шағым айта келді. Оның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында ұлы жол апатына түскен. Кінәлі жүргізуші оқиға орнынан із суытқан. Алайда айыпталушы әлі күнге дейін табылмай отыр. Басынан жарақат алған ұлы ауруханаға жатып шыққан. Шығынды да өздерінің көтеруіне тура келіпті. Бұл сауалға жауап берген ІІБ жергілікті полиция бөлімінің басшысы Рафик Сайфутдинов, оқиға түнгі мезгілде болғандықтан, кінәлінің  көлігі туралы мәліметтер жинау қиынға түскенін, оның тек «Прадо» маркалы жол талғамайтын көлік болғандығынан басқа мәлімет жоқтығын айтты. Іздеу-тексеру жұмыстары әзірге нәтиже бермеуде.

Ал келесі кезекте қабылдауға кірген Победа көшесіндегі 18-үйдің тұрғыны Тамара әжей өзі тұратын аумақтың тым шулы екендігін, аулада көліктердің заңсыз тұрақжайы қалыптасқандығын және үйінің жанындағы дүңгіршектің сыра сататындығынан, аулада адамдардың мас күйінде жиі ұйықтап жататынын айтып шағымданды. Сонымен қатар жаңадан ашылған қонақ үйге келушілер де түнгі мезгілде шу көтеріп, тұрғындардың мазасын алатын көрінеді. Бірқатар мекемелерге арызданғанымен, әзірге нәтиже болмапты. Ол дәл терезесінің түбіндегі заңсыз сыра сататын дүңгіршекті орнынан көшіруді, аулаға, балалардың ойын алаңқайына көлік қоюға тыйым салуды өтінді. Бұл мәселеге жауап қайырған ІІБ жергілікті полиция бөлімінің басшысы Рафик Сайфутдинов қазіргі күні қаламыз бойынша сыра сатуға тек төрт жаздық дәмхананың ғана құқығы бар екенін алға тарта келе, егер заңсыз сыра саудалайтыны анықталатын болса, аталмыш сауда нысанына қомақты айыппұл салынып, оның тіпті мемлекеттік лицензиясынан айырылуы да мүмкін екендігін жеткізді. Ол үшін аталмыш аумақта қызметтік тексеріс жүргізілетін болады. Ал аулаға көлік қоюға тыйым салу белгісін полицейлер тіпті бүгін түстен кейін-ақ орнатуға әзір.

Жалпы, бұл күні қоғамдық қабылдауға жазылған қала тұрғындарының барлығы да құқық қорғаушылар тарапынан тиісті кеңес, жанды көмек алды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС