Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРТІСКЕ БЕКІРЕ БАЛЫҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

17.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Аптаның сейсенбісінде Ертіс өзеніне бекіре балықтары жіберілді. Сирек кездесетін әрі аса бағалы саналатын бұл бекіре балығы 2014 жылдан бері Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Агротехнопарк» ғылыми орталы- ғында арнайы өсірілген болатын.

Аталмыш игілікті шараға ұйытқы болғандар — Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғалымдары мен жас зерттеушілері. Олар «Балық – өзен байлығы» атты акция аясында екі жарым жыл бойы аталмыш балық түрінің Ертіс аймағында өсуі, қоректенуі, бейімделуі бойынша жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Ал бұл жоба елімізде қабылданған аквамәдениетті дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асып отыр. Жобаға ұйытқы болған жас ғалымдардың айтуынша, жалпы, Ертіс өзенін Сібір бекіресі ерте заманнан мекендеген көрінеді. «Патша балығы» деген мәртебелі атауы бар балық тұқымына еті мен уылдырығы үшін қызығушылар көп болған. Сол себепті де ғалымдар өткен ғасырдың орта тұсында шектен шыққан браконьерлік әрекеттер мен экологиялық ахуал салдарына байланысты құнды балық түрі өзенімізден толығымен құрып кетті дейді. Ендігі міндет — осынау келеңсіздікті қалпына келтіру. Ал ол үшін Қазақстанда аквамәдениетті дамыту мақсатында арнайы қабылданған бағдарлама көмекке келді. Атап айтсақ, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен арнайы грант бөлініп, сол бойынша университет жанындағы «Агротехнопарк» ғылыми орталығында бекіре тұқымдас балықтарды тұйық сулы мекенжайда өсіру ісі қолға алынған болатын. Сол еңбек, міне, біртіндеп жемісін беріп келеді.

— Біз бекіре балығының шабақтарын екі айлық жасында Алматы қаласынан арнайы алдырған   болатынбыз. 2,5 жасына дейін өсірілді. Осылайша, «Агротехнопарк» кешенінде қатаң қадағалауда өсірілген 50 балықтың 15-і Ертіс өзеніне жіберілді. Қалғаны тоғандарға арнайы келісімшартпен жіберіліп, ары қарай олардың өсіп-жетілуі ұзақ мерзімде зерттелетін болады»,- дейді БАҚ өкілдеріне пікір білдірген Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аграрлық факультетінің мал шаруашылығы және аңшылықтану кафедрасының меңгерушісі Балнұр Ахметова.

Айта кетсек, аса құнды саналатын бұл ерекше балық тек алты-жеті жылдан кейін ғана уылдырық шашып, көбейе алады екен. 60 жылдай жасап, 200 келіге дейін салмақ жинайды. Ауылшаруашылық саласында еті мен уылдырығы өте бағалы. Яғни, ғалымдар осы арқылы, уақыт өте келе, кәсіптік балық шаруашылығын дамытуға да маңыз беруге болатынын айтады. Ал дәл қазіргі күнгі міндет — еліміздегі бекіре балығының табиғи қорын арттырып, олардың биологиялық өнімділігін қалыптастыру.

Журналистердің «Бұл балық түрі Ертіске бейімделіп, жерсініп кете ала ма? Қандай да бір қауіп жоқ па?» деген сауалына Шәкәрім университетінің зерттеушілері ол үшін барлық шаралар жасалынғанын айтты. Яғни балықтар өсірілген тұйық судың температурасы мен ішкі әлемі дәл Ертіс өзеніндегідей әзірленген. Оның үстіне, Сібір бекіресі бұған дейін де Ертісте өмір сүргендіктен, олар үшін қолайлы орта бар деп пайым жасауға болады. Сонымен қатар балықтың бұл тұқымы табиғат аясында өз жемін өзі тауып жеп, жауларымен де күресе алады. Дегенмен алаңдататын бір ғана жайт бар көрінеді. Адам қолынан жем жеп үйренген балықтар кісіден қорқуды, сақтықты білмейді екен. Оның үстіне судың тереңіне емес, адамдар жиі жүретін жағалауға, адамдарға үйір. Сол себепті олардың қауіпсіздігі үшін шамалы алаңдаушылық бар. Әйтсе де, зерттеушілердің пікірінше, балықтар көп ұзамай-ақ жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі тиіс.

Бір ескерерлігі сол, қазіргі күні еліміздегі өзен-көлдерден бекіре балығын аулауға заңмен тыйым салынған. 1993 жылы қабылданған бұл тыйым аясында аталмыш балық түрін аулаушыларға қомақты айыппұл салынып, тіпті іс қозғалуы мүмкін.

Алдағы уақытта Ертіске жіберілген бағалы балық түрінің көбеюі күтілуде. Олардың популяциясы ғалымдардың және облыстық балық инспекциясының бақылауында болады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС