Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ — БАРШАҒА ОРТАҚ ІС

21.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

17 маусым күні Семей қаласындағы Көлік колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуда азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың жұмысын нығайту және күшейту» тақырыбында өңірлік семинар-практикум өтті. Семинар – практикумның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған тиімді жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік оқу орындарының қызметін бақылау және жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру болып табылды.

Семинар-практикумға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алла Нұрсеитова, Семей қаласының прокуроры Тәжиден Найманов, Семей қаласы ІІБ басшысының орынбасары Мақсат Зекенов, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледж басшылары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Алқалы басқосу Көлік колледжінің директоры Шаған Жұмақсановтың төрағалығымен өткізілді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты фактілерді әшкерелеуде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлесіп әрекет етуі мен осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыға түсті. Ең алдымен шаһар басшысы Ермак Сәлімов сөз алып, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы стратегия әзірленгенін тілге тиек етіп, оның тиімділігін арттыруда мемлекеттік органдар, білім мекемелері және үкіметтік емес ұйымдар белсенділіктерін үдете түсуі керектігін атап өтті.

— Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты берік ұстанатыны баршамызға белгілі. Бұл мақсатта арнайы бағдарлама да дайындалды. Осы ретте жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру қажет. Бүгінгі басқосу осы XXI ғасырдың індетіне айналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда септігін тигізетініне мен сенімдімін. Тек бүкіл қоғам болып бірлесіп жұмыс атқарсақ қана, оның деңгейін төмендетуге жол ашылады. Бұл орайда семинар-практикумды ұйымдастыруға атсалысқан Көлік колледжінің басшылығына және оған қатысуға ниет танытқан мәртебелі меймандарға алғысымды білдіремін. Осы жиынның жұмысы жемісті болар деген ойдамын,- деп түйіндеді өз сөзін қала әкімі.

Сондай-ақ алқалы жиында қала әкімінің сөзін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Алла Нұрсеитова да толық қуаттап, бүгінде аймақтағы білім ордаларында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілігін қалыптастыру мақсатында біршама келелі істер атқарылып жатқандығын атап өтті.

— Өздеріңізге мәлім, Елбасы Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына қосуды мақсат етіп отыр. Оны жүзеге асыру үшін ел халқы барлығы бірдей  жұмыла атсалысуы керек. Бұл ауқымды жоспардың сәтті іске асуын қаласақ, сыбайлас жемқорлық сынды келеңсіз әрекеттердің тамырына балта шауып, оны түбегейлі жоюымыз қажет. Осы бағыттағы жұмыстар кездейсоқ болмауға тиіс. Бұл ретте кешенді конструктивті жоспар дайындаған абзал болмақ. Жемқорлықтың кез келген көрінісімен, оның түрлерімен күресуде облыстық білім басқармасы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Алайда жіберілген олқылықтар да жоқ емес. Сондықтан да осы мәселеге қатысты іс-шараларды ширата түсу қажет деп санаймын,- деді Алла Нұрсеитова.

Бұдан бөлек өңірлік семинар-практикумда өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күресуге, оның алдын алуға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Осыдан кейін аталмыш колледжде осы тақырыпқа арқау болған сурет көрмесі, флешмоб, пікірсайыс және тағы басқа да іс-шаралар өткізілді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС