Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ЖАЙДАРМАН» ҮЗДІКТЕРІ СЕМЕЙДЕ

24.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

22 маусым күні Семейдің Абай атындағы театрында ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған V Республикалық «Жайдарман» ойындары өтті. Көңілді тапқырлар сайысын өткізудегі негізгі мақ-сат жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттау әрі олардың шығармашылық қабі-леттерін дамыту болып табылды.

Облыс әкімінің кубогы сарапқа салын-ған «Жайдарман» аламанына Алматы, Атырау, Орал, Павлодар, Семей және Өскемен қалалары мен Жамбыл облысынан бірнеше командалар қатысуға ниет білдіріпті. Олардың дені Көңілді тапқырлар клубының республикалық жоғарғы лигада өнер көрсететін құрамалары. Сайысты ұйымдастыруға ШҚО ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар орталығы ұйытқы болған. Бесінші мәрте өткізіліп отырған Семейдегі республикалық жарысты көруге келген әзіл сүйер қауымның қарасы бұл жолы да көп болды. Ал әзіл кешін «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен жүргізді. Айта кеткен жөн, аймақ басшысының жүлдесіне арналған алғашқы «Жайдарман» ойындары 2010 жылы Зайсан ауданында бастау алған еді. Содан бері сайыс дәстүрге айналып, әр жылдары Өскемен қаласы, Абай, Үржар және Аягөз аудандарында өткен болатын. Биылғы жылы бұл мәртебе Семей қаласына бұйырыпты. Ойын барысында жас әзілкештер көрермендер назарына түрлі тақырыптағы әзілдерін ұсынды. Қуантарлығы — командалар қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарды да қозғап, жиналған қауымға ой сала білді. Жайдарманшылардың көшбасшысы Есен Елеукен атап өткендей, ел жастары арасында бұл ойынға деген қызығушылық күннен-күнге артып, бүгінде көңілді тапқырлардың қатары еселеніп келеді екен. Сондай-ақ іс-шара кезінде қатысушылар асық ату сынды қазақ халқының ұлттық ойындарынан өзара сынға түсіп,  күйшілер «домбыра думанын» ұйымдастырды. Ал жарыс қорытындысына келер болсақ, әділ қазылардың ұйғарымымен, бас жүлде Атырау қаласының «Сағыз» құрамасына табысталды. Екінші орынға Жамбыл облысынан келген «Шу-Чу» командасы лайық деп танылса, үздік үштікті Өскемен қаласының құрамасы түйіндеді. Осылайша, ШҚО әкімінің кубогы мұнайлы өлкенің өрендеріне бұйырды. Кубоктан бөлек, І орын алған жеңімпаздарға ұйымдастыру комитеті арнайы 150 мың теңге көлемінде сыйақы әзірлеген екен. Сонымен қатар ІІ және ІІІ орыннан көрінген командаларға да қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал «Үздік ойыншы» атағына Батыс Қазақстанның ҚазИТУ құрамасының мүшесі Қабдол Тілеков қол жеткізді. Бұған қоса ШҚО-ның облыстық мәслихат депутаты Айдос Серікқалиұлы «Көрермен көзайымы»  аталымы бойынша өзінің арнайы дайындаған жүлделерін бірнеше ойыншыға табыс етті.

Шара соңында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев сөз алып, сайыстың жоғары деңгейде өткендігін тілге тиек етіп, елімізде жастар саясаты бойынша ауқымды істер атқарылып жатқанын атап өтті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС