Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

НАШАҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

28.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

26 маусым – Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні. Бұл туралы шешім 1987 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қабылданған болатын. Ғасыр індеті саналатын ахуал әлемнің көптеген елдерін ерекше алаңдатып отыр. Статистика деректеріне сүйенсек, әлем бойынша екі жүз миллионнан астам нашақор бар, ал біздің еліміздегі есірткі тұтынатындар саны 55 мыңнан асып жығылады екен.

Өкінішке орай, бұл қауіпті дерттен Семей өңірі де шет қалып отырған жоқ. Күні бүгін қалалық наркологиялық диспансер есебінде 500-ге жуық есірткіге тәуелділер тіркелген. Дегенмен сала мамандары бұл көрсеткіштің нақты еместігін алға тартуда. Өткен аптада Семей қалалық наркологиялық диспансерде аталмыш дерттің алдын алу, одан бас тарту жолдары сөз болған баспасөз жиыны өткізілді. Іс-шараға наркологиялық диспансер, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, қалалық ІІБ және бірқатар мемлекеттік емес  ұйымдарының өкілдері қатысты. Басқосуда сөз алған наркологиялық диспансер директоры Павел Брыжахин есірткінің қай қоғамда болмасын өзекті екендігін, оның адам денсаулығына, қала берді ұлт тағдырына балта шабатындығын айтып өтті.

— Бүгінде нашақорлықпен күрес мәселесі әлі де болса өзекті болып қалып отыр. Қазіргі күні емдеу мекемесіне есірткі затын пайдаланатын 500-ге жуық адам тіркелген. Алайда бұл көрсеткішті нақты деп айтуға болмайды. Өйткені арнайы емдеу мекемелерінде есепке тұрмағандары қаншама. Қазақстанға зерттеу жұмыстарын жүргізген халықаралық статистердің ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті кем дегенде 4-5 есеге көбейту керек. Демек, Семейдің бес мыңға жуық азаматы есірткіден зардап шегіп отыр деген сөз. Есірткі пайдаланатын адам тек өзіне ғана емес, қоршаған ортасына да, отбасы мен туған-туыстарына да зиянын тигізеді. Бұл да үлкен әлеуметтік мәселе болып отыр,- дейді Павел Григорьевич.

Айта кетуіміз керек, теріс жолға түскендердің арасында әсіресе жастар көптеп саналады екен. Өйткені есепте тұрғандардың дені 30 жасқа дейінгі азаматтар көрінеді. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, соңғы бес жылмен салыстырғанда шаһарымызда бұл дертке шалдыққандар екі есеге дейін кеміген. Бір қуантарлығы, қаламызда есепте тұрған жасөспірімдер ішінде нашақор балалар жоқ.

— Жастар көбіне бос жүргеннен немесе тікелей қоршаған ортасына байланысты осындай жолға түседі. Кейбіреулер тіпті жұмыссыздықты да сылтау етеді. Ойланбай бір рет пайдаланған есірткі кейін бүкіл өміріне балта шабады. Бұл жерде жалғыз медицина қызметкерлерінің күші жетіспейді. Қоғамдық дертпен баршамыз бірлесе күресуіміз керек. Бұл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Құқық қорғау органдарының да атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Сондай-ақ жастар ұйымдары, үкімет-тік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуда. Міне, сонда барып бұл індетті жеңуге болады,- дейді қаламыздың бас наркологі.

Басқосуда сөз алған өзге де сала мамандары жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етіп, ең бастысы, отбасы тәрбиесіне баса назар аудару керектігін сөз етті. Жиын соңында баспасөз мәслихатын өткізушілер журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС