Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙЛІК ДИҚАНДАР МОЛШЫЛЫҚҚА КЕНЕЛМЕК

28.06.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей өңірі бойынша ағымдағы жылға жоспарланған көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл ауылшаруашылық алқаптарына салынған егіннің көлемі 12668, 4 гектарды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 972, 4 гектарға, немесе 8, 3 пайызға артық. Мұндай жағымды жаңалықты Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ержан Сүлеймен арнайы сұхбат барысында мәлім етті.

— Биылғы егістік науқанында 465, 5 гектарға дәнді дақылдар, 3400 гектарға картоп, 1370 гектарға көкөніс және 65 гектарға бақша дақылдары отырғызылды. Сонымен қатар майлы дақылдар, азықтық дақылдар, көпжылдық шөптер және күздік дақылдар егілді,- дейді Ержан Әшімұлы.

Бөлім басшысының орынбасарының мәліметіне сүйенсек, көктемгі дала жұмыстары кезінде Озерки ауылдық округіндегі «Қайырхан» шаруа қожалығы бұрын пайдаланылмаған 13 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісін қолданып жатқандарын жеткізді. Бұдан өзге өңір шаруашылықтарындағы  9 930 тонна картоп тұқымы 3 400 гектар жерді толықтай қамтыған екен.

— Семей өңірінде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда өңірде картоптың жоғары өнімді тұқымдарын өндіретін 2 шаруашылық құрылымы бар. Олар «Агрофирма Приречное»  ЖШС мен «Мұздыбай» шаруа қожалығы. 2016 жылы картоптың 2348 тоннасы ( I, II және III репродукциялы тұқымдары) сатуға шығарылған еді. Аймақтағы отыздан аса шаруашылық картоптың осы тұқымдарын пайдаланып, егіс материалдарының сапасын жоғарылатуға мүмкіндік алды. Тұқымдық материалдар сұрыптық және себуге жарамдылығын тексеру мақсатында кестеге сәйкес «Казагрэкс» АҚ-ның зертханасынан өткізілді. Жалпы, көкөніс дақылдарының элиталық сұрыптарының тұқымдары қапталған түрде Голландия және Ресейден әкелінді. Осы жылы егілген барлық тұқымдар 1-2-ші класты және III репродукциядан төмен емес екендігін айта кету керек,- деді Е.Сүлеймен.

Сұхбат кезінде жердің құнарлығын жоғалтып алмау үшін бірқатар көлемді істер қолға алынғаны да айтылды. Мәселен, 2015 және 2016 жыл-дың  күз  пен қыс айларынан бастап шаруашылықтар, 15, 5 мың тонна көлеміндегі органикалық тыңайт-қыштардың көмегімен егістік жерлерді өңдеп шығыпты. Мұнымен қоса үстіміздегі жылы өңірдегі ауылшаруашылық құры-лымдары Үкіметтен субсидия түрінде                 1 860 тонна минералдық тыңайтқышқа қол жеткізген екен.

— Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 325 тонна дизель отыны бөлінді. Оның 130 тоннасы сәуір айына, тағы 130 тоннасы мамыр және 65 тоннасы маусым айына жұмсалды. Оператор болып «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ белгіленді. Жанар-жағармай материалдарын жеткізуші компаниямен келісімшарт жасалып, тиісті қаржы толықтай төленді. Бүгінгі уақытта қожалықтар қажетті отындарын алып жатыр. Оларға дизельді босату құны литріне 94 теңге болып бекіді,- деп атап өтті Ержан Әшімұлы.

Ағымдағы көктемгі егістік жұмыстарына техника да толықтай жеткілікті болған екен. Қазіргі күнде ауылшаруашылық құрылымдарының иелігінде тракторлардың барлық түрі – 712 дана, оның ішінде 631 дөңгелекті, 65 шынжыр табанды трактор бар. Бұдан басқа 73 соқа, 52 культиватор, 32 тұқым сепкіш (сеялка) және 235 жүк машинасы шаруалардың ісін оңтайландыруда. Соңғы бес жылда қожалық өкілдері өз қаражаты есебінен «Қаз АгроҚаржы» АҚ арқылы 300-ге тарта жаңа техника сатып алыпты. Атап айтқанда, өткен жылы 25 шаруашылық 369, 7 млн. теңгеге 85 бірлік ауыл шаруашылығына арналған техника мен қажетті құрал-жабдықтарға ие болған. Бүгінде техника паркінің жаңартылуы 4,7 пайызды құрауда. Тапсырыс беру науқаны әлі де жалғасу үстінде екенін айтады Ержан Әшімұлы. Сондай–ақ өңірде жаңа технологияларды  енгізу бойынша жұмыстар да жақсы жолға қойылыпты. 2015 жылы тамшылатып суару әдісімен суарылып, бапталған жер көлемі 18 гектарды құраса, ағымдағы жылы бұл меже тағы 13 гектарға ұлғайғаны анықталды. Мұндай әдіспен өңделген алқаптың жалпы ауданы 240, 2 гектар.

— Өңірдегі мал басын өсіру үшін ең алдымен мал азығы базасын қамту керек екені белгілі. Осы ретте биыл азықтық дақылдар, бұрынғы егілген көпжылдық шөптермен бірге есептегенде, 5063, 2 гектар алқапты алып жатқандығын айта кету керек. Бұл жалпы егістік жерлердің 40 пайызын құрайды. Қорытындылай келгенде, өңірдің ауылшаруашылық құрылымдары көктемгі дала жұмыстарын ұтымды әрі дәл мерзімінде аяқтауды қамтамасыз ете білді,- деп түйіндеді өз сөзін Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Е.Сүлеймен.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС