Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙЛІКТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

01.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда Көкшетау қаласында пауэрлифтинг спортынан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ел біріншілігі өтті. Бұл сайыста семейлік спортшылар да өнер көрсетуге мүмкіндік алып, нәтижесінде екі алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі. Ал апта басында жарыс жеңімпаздарын туған-туыстары мен жаттықтырушылар темір жол вокзалында арнайы қарсы алды.

Семейдің құрама командасын баптайтын Андрей Алтайбаевтың айтуынша, биылғы Қазақстан чемпионатына 100-ден аса кілең мықтылар жиналыпты. Мәселен, қатысушылардың арасында әлемдік додаларда алдарына жан салмай, топ жарып жүрген бірқатар саңлақ спортшылар да болған. Осындай тегеурінді бәсекелестікте семейліктердің үздіктер қатарынан көріне білгендігін айтады жерлестеріміздің жаттықтырушысы.

— Көкшетау қаласында ұйымдастырылған ел біріншілігі жоғары дәрежеде өтті. Барлық облыстар оған жақсы дайындықпен келді. Шәкірттеріміз зілтемірді жатып көтеруден сынға түсті. Олардың арасында Андрей Москалев пен Ольга Близнец 1-орынды иеленді. Жаттығулардың қорытындысы бойынша, Андрей 85 келіні еңсерсе, Оля 27, 5 келіні оңай бағындыра білді. Оляның осындай жарысқа алғаш рет қатысып отырғанын ескерсек, оның көрсеткен нәтижесін жаман емес деп бағалауға әбден болады. Дегенмен де ол мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ал қалған саңлақтарымыздың арасынан Серік Айсаулин күміс, Сергей Струков қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, шәкірттеріміз екі алтын, бір күміс және бір қола медальді қанжығаларына байлады. Жетістік жаман емес. Алайда алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсу үшін бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Келер 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты Семейде өтуі мүмкін. Бұл — қуантарлық жаңалық. Себебі өз қаламызда өткізілетін аламанда спортшыларымыз мүдіріп қалмайтынына еш шүбә келтірмейміз. Тағы да бір айта кетерлігі, осы жоғарыда есімдері аталған спортшылар, біздің залда тегін дайындалады. Олардың жаттығып жүргендеріне жарты жылдай ғана уақыт болды. Өткен жылы Талдықорған қаласында ұйымдастырылған республикалық жарыста да Андрей Москалев пен Серік Айсаулин тұғырдың биігінен көрінген еді. Саңлақтарымыз өздері қатысқан бірде-бір жарыстан жүлдесіз қайтқан емес. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетіп, олардың спортпен шұғылданып,  салауатты өмір салтын ұстануларына мейілінше жағдай жасауымыз қажет. Сонда ғана бұл санаттағы адамдарды қоғамға бейімдей аламыз деп есептеймін. Бұл жайында Елбасы өз Жолдауында баса айтқан болатын,- дейді Андрей Алтайбаев.

Сайыста өзінен әлдеқайда күшті спортшылармен бәсекеге түсіп, қарсыластарын шаң қаптырып, алтыннан алқа таққан жерлесіміздің бірі — Андрей Москалев. Андреймен сайысқа түскен зілтеміршілердің басым бөлігі халықаралық додаларда шыңдалғандар екен. Бірақ намысты жігіт жеңісті жұлып әкетті. Енді Андрейдің бар арманы — байрақты бәсекеде  тәуелсіз еліміздің көк Туын көкте желбірету.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС