Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БАСТЫ НАЗАРДА

01.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның сейсенбісінде Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев пен бөлім меңгерушілері бұқаралық ақпарат құралдарының алдында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде жан–жақты мәлімет берді.

Басқосуда алғаш болып сөз алған Азамат Амангелдіұлы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жүзеге асырылу барысына тоқталды. Оның айтуынша, бөлім бүгінде Семей қаласының тұрғындарына 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді екен. Бүгінде бұл салада жаңашылдықтардың да барын сөз еткен сала маманы ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту туралы заң нормалары қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Бұған қоса Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Мекенжайлық әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заң жобасы әзірленген. Аталған Заң  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгізілмек. Бұл өзгерістер, Елбасының тапсырмаларына сай, нақты көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуда септігін тигізбек. Бұл ретте бөлім басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев жұмысқа жарамды азаматтардың бос жатпай, екі қолға бір күрек табулары керектігін атап өтті. Ал жұмысқа жарамсыз азаматтар заң аясында мемлекет тарапынан арнаулы әлеуметтік көмек алмақ.

Жиында сөз алған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмагүл Айтқалиқызының мәліметінше, ағымдағы жылдың алты айында мекенжайлық әлеуметтік көмекке 226 отбасы жүгінген. Ал оларға барлығы 11 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліпті. Айта кетуіміз керек, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына мемлекет тарапынан әртүрлі көмектер көрсетіліп келеді.

Халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі «Тұрғын үй көмегі» болып саналады. Бұл көмек тұрғын үй иелері немесе оны жалдаушылар болып табылатын аз қамтылған отбасыларға ұсынылады және де тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтерді төлеу үшін тағайындалады. Семей қаласы бойынша тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығыстар үшін шекті жол берілетін үлесі отбасының жалпы табысының 7%-ы мөлшерінде белгіленген екен. Ал бүгінгі күні 2 мың отбасы 36 млн. теңгеге тұрғын үй көмегін пайдаланған.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары — «100 нақты қадамының» 84-қадамында: «Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға көрсетілетін болады. Еңбек ете алатын табыстары төмен азаматтарға атаулы мемлекеттік қолдау тек олардың еңбекпен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болады»,- деп көрсетілген.  Осы ретте шартты ақшалай көмекті енгізу жөніндегі «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда. «Өрлеу» жобасындағы шартты ақшалай көмек – отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен адамдарға көрсетілетін төлем түрі.

«Өрлеу» жобасын тиімді іске асыру және оны «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен байланыстыру мақсатында тұрақты жұмысқа жолдау, үміткерлерді курстарда оқыту және одан кейін жұмысқа орналастыру бағытында Жұмыспен қамту орталығымен тығыз жұмыс жасалуда. Ай сайынғы төлем түріндегі шартты ақшалай көмекті ұсынудан басқа, «Өрлеу» жобасы тағы да бірнеше мүмкіндік береді. Айталық,  жұмысқа орналасуға көмектесу, мамандыққа оқыту, басқа мамандық немесе кәсіп бойынша қайта даярлау, қажет болған ретте, отбасы мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсына алады екен. Бүгінгі күні бұл жұмыстар өз нәтижесін беріп те келеді. Мәселен, 2014 жылдан бастап 2016 жылды қоса алғанда, 176 отбасы жоба қатысушысы болған. 184 адам жұмыспен қамтылып, соның ішінде 41 адам жұмыспен қамту жол картасының қатысушысы болған. Ал 39 адам шәкіртақы төлемімен біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша тегін курстардан өткен.

— Жоба іске асырылғаннан бері, оның қатысушылары өздерінің әлеуметтік және материалдық жағдайларын жақсарта отырып, сұранысқа ие мамандықтарды алуда, тұрақты табысы бар тұрақты жұмысқа орналасуда. Бұл аталған жобаның нәтижелілігі мен әлеуметтік маңыздылығын айқындайды,- дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Жұмагүл Айтқалиқызы.

Жалпы,  жиында жұмыспен қамту, мамандарды даярлау мен қайта даярлау, кәсіби біліктіліктерін арттыру, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жан-жақты түсіндіріліп, олардың халыққа тиімділігі жайында сөз болды. Ең бастысы, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС