Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ — ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

01.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша педагог кадрлар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлеміне курстан өтіп, біліктілігін арттырды.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі таңдағы білім беру үдерісіндегі мұғалімнің шеберлігін шыңдап, жаңашылдыққа үйренуге және тиімді әдіс-тәсілдерді басшылыққа алып,  тұлғалық жетілуіне зор ықпалын тигізді. Жалпы, аталмыш курс бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің педагогикалық кәсіби біліктілігін жетілдіріп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруіне, оны іс жүзінде тәжірибеде қолдануына жағдай туғызды. Курс тыңдаушылары 4 топқа бөлінді. ШҚО бойынша 2 топтың жетекшісі Семей қаласындағы № 6 гимназияның жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерболат Шөкенов болды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы курсының құрылымы күрделі теорияларға негізделгендіктен, бастапқыда әр жақтан барған тыңдаушыларға түсініксіздеу тұстары да болғаны жасырын емес. Алайда Ерболат Шөкеновтің мол іс-тәжірибесі мен өз саласын жетік, терең білуінің арқасында аз ғана уақыт ішінде күңгірт тұстарға білімнің шуағы түсіп, біртіндеп  мұғалімдерге берілген білім түсінікті бола бастады. Бір жағынан, Ерболат Слямбекұлы бұл мәселені тәжірибе жүзінде көрсету арқылы мұғалімдердің санасына жеткізіп, жүрегіне жол тапты. Мысалы, белсенді оқылымның әдіс-тәсілдері ретінде ТКО, қабырғадағы рөл, эмоция кестесі, ыстық орындық, пікірлер сызығы, қарым-қатынас аймағы сияқты тиімді әрі қызықты тәсілдер, зерттеу дағдыларын дамытуға арналған дара диаграмма, қос диаграмма, уақыт тізбегі, хикая картасы, 9 гауһар, балық қаңқасы тәрізді графикалық органайзерлер және критериалды бағалауды айтуға болады. Күн сайын ықшам сабақтарды жоспарлау   барысында мұғалімдердің білім көкжиегі кеңейе түсіп, жаңа қадамдарға қол жеткізді. Жалпы, сабақ кезеңінде ықшам сабақтарды жоспарлау мұғалімді жүйелі жинақылық пен ептілікке үйретіп, уақытты тиімді жоспарлап, педагогикалық тәсілдерді меңгеруге оң ықпал жасады. Осы орайда Ерболат Слямбекұлының теория жүзінде  айтылған құндылықтарды, ақпараттарды, қолданылған ресурстарды сабақ кезеңінде мұғалімдерге арнайы тапсырмалар ретінде ұсынып, оларға шынайы сезіндіре білді. Сабақ барысында Ерболат Слямбекұлының кәсіби  біліктілігінің нәтижесінде теория мен тәжірибенің тамаша үйлесімі ұдайы көрініс тауып отырды. Осы сипат курстың мазмұнды әрі мағыналы, қызықты өтуіне себеп болды. Сондықтан осындай кәсіби біліктілігімізді жетілдіру бағдарында бізге табандылық пен шыдамдылық танытып, өз идеяларымен бөліскен, әрбір сауалымызға жалықпай жауап беріп, жаңа білім үйреткен Ерболат Слямбекұлына  ШҚО бойынша бүкіл курс мұғалімдері үлкен алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Курс тыңдаушылары жаңартылған білім беру бағдарламасын тамамдағаннан кейін Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде онлайн-тест тапсырып, ай көлемінде алған білімдерінің нәтижесін көрсетті.

Жаңа мазмұнда білім беру — XXI ғасырдың басты талабы. «Білімдінің күні  жарық, білімсіздің күні ғаріп» деген халық мақалына орай,  XXI ғасыр — білім мен оқудың ғасыры, сондықтан мұғалімдерден жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білім беріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру талап етіледі. Жалпы, түйіндей айтқанда, жаңартылған білім беру бағдарламасының жаңаша оқыту жүйесі нағыз жаңа ғасырдың шығармашыл ұстазы мен бәсекеге қабілетті, рухани дамыған жеке  тұлғасын даярлаудың бірден-бір қайнар көзі деп ойлаймын.

Меруерт МҰХАМАДИЕВА, «№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС