Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

01.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбі, 29 маусым күні Семей қаласының ақпарат орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Аленов пен қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазиновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатында алғаш болып сөз алған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Аленов ағымдағы жылы шаһарды абаттандыруда ауқымды жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Марат Болатұлының айтуынша, бұл жұмыстардың ішінде қаланың орталық бөлігін абаттандыру мен Орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстары аталмыш игілікті істің ең ауқымдылары екен. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары әзір жобаларға байқау өткізу рәсімдері жүргізілуде.

— Ағымдағы жылы Орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Оның аясында алаң көгалдандырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар көшеттер отырғызу жұмыстары да жүзеге асырылады. Бұдан өзге он мың шаршы метрден астам аумаққа тротуар плиталары төселетін болады,- деген Марат Аленов қазір Ертіс жағалауын абаттандыру мен сатылы субұрқақты қалпына келтіруге арналған жобалардың да сараптамадан өткізіліп жатқанына тоқталып, жалпы құны 340 млн. теңге болатын жобаның 100 млн. теңгесі бөлінгенін жеткізді.

— Бұл жұмыстар жүзеге асқанда, Семей шаһары айтарлықтай көріктене түседі деп ойлаймын. Қаладағы көгалдарды күтіп-баптау негізгі жұмыстарымыздың бірі болып саналады. Қарамағымызда 58 мың шаршы метр аумақты құрайтын көгал бар екенін айта кеткеніміз жөн. Өздеріңіз байқағандай, қазір қалада гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде,- деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Аленов.

Бөлім басшысы көктемгі тазалық шараларының екі айлығы нәтижесінде қаламыз тазарып, біршама көркейе түскенін де жеткізді. Сондай-ақ тазалық айлығына белсенді қатысқан семейліктерге жергілікті билік атынан алғысын білдірді.

Өткен жылыту маусымында жиналып қалған жеке және заңды тұлғалардың қарыздары да осы басқосуда сөз болды. Жылыту маусымы соңында тұтынушылардан қомақты берешек жиналып қалғанын атап өткен Марат Болатұлы семейліктердің «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнына берешегі тіпті  1 млрд. теңгеден асқанын жеткізді. Алайда осы бағыт бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіліп, қала әкімдігі  жанынан арнайы штаб та құрылған. Оны сараптайтын топ та жұмыс істеуде. Оның сыртында бүгінгі күнге дейін қала әкімдігі, кәсіпорынның абонент бөлімі мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлерінен құралған мамандар рейд шараларын өткізіп, қарызы бар тұрғындармен жұмыс жүргізуде. Ал пайдаланған қызметі үшін төлемді жүйелі түрде жасамай келе жатқандар жылу көзінен ажыратылуда екен. Бүгінде қала бойынша 5 мың іс сот орындарының қарауында болса, төлем жасамаған 200–ден астам жеке нысан жылыту жүйесінен ажыратылыпты. Бұған қоса осынша пәтер иелері де осындай жағдайда  екен. Бөлім басшысының мәліметіне сүйенер болсақ, осы жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні «Теплокоммунэнерго» МКК-не қарыз 531 млн. теңгені құрап отыр. Яғни, тұтынушылар берешегінің елу пайыздан астамы қайтарылды деген сөз. Бұл — дебюторлық қарыздың жайы. Келелі кездесуде кредиторлық қарыз жайы да елеусіз қалмады. Яғни жылумен қамтамасыз ететін «Теплокоммунэнерго» МКК-нің өзгелердің алдында жиналып қалған берешегі. Бүгінде кәсіпорынның пайдаланған электр қуаты мен еңбекақы бойынша қарызы бар көрінеді. Ал қуат көзіне қарызы үшін монополист компания — «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ кәсіпорынның қазандықтарын электр жарығынан ажыратуда. Ал бұл өз кезегінде алдағы жылыту маусымына дайындықты айтарлықтай тежемек.

Баспасөз мәслихатында Марат Аленов ағымдағы жылы, Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына орай, Түйемойнақ аралындағы «Өлімнен де күшті» монументіне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін де сөз етті. Сонымен қатар, бөлім басшысы атап өткендей, қаламыздағы Қабанбай батыр мен М.Әуезов ескерткіштері, «Өлім вагоны» ескерткіші бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ағымдағы жөндеуден өткізіледі екен.

Басқосуда тілшілер қауымы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу жүйелеріне жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысы туралы, сондай-ақ кейбір нысандардағы жауапсыз мердігерлердің салдарынан кешеуілдеп жатқан жұмыстардың жайын сұрап білді. Бұл тұрғыда М.Аленов өткен жылы аталмыш бағдарлама аясында қаладағы «Теплокоммунэнерго» МКК-не 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінгенін, ол қаражатқа қаланы жылумен қамтамасыз ететін он нысан қайта жаңғыртылуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күні мердігерлердің көбі өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып шыққан. Дегенмен бұл істе жұмысына салғырт қараған мердігерлер де бар болып шықты. Осыған байланысты қалалық әкімдік үш мердігердің үстінен шағым түсіріпті.

— Айталық, «35 квартал» және «Зооветинститут» қазандықтарында жұмыс істеп жатқан мердігерлер жұмыс кестесінен 70 пайызға кешігуде. Аталған жобаны мердігердің уақытында аяқтайтынына сенім жоқ. Осыған байланысты біз өз талабымызды қойып отырмыз. Сонымен қатар 14- ықшам ауданында жұмыс жасап жатқан тағы бір мердігермен осындай мәселе туындауда. Өкінішке орай, кейбір мердігерлер өздері атқара алмайтын жұмыстарды мойындарына алады. Бүгінгі күні мәселе туындаған осы үш нысанда тиісті жұмыстар атқарылуда,- деді Марат Аленов.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС