Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ

05.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 1 шілде күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында шаһарымызда өзекті мәселелердің біріне айналған қалаішілік жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің жайы талқыға салынды. Бұл жолы да кеңес отырысы, әдеттегідей, жолаушы тасымалдаушы мекемелердің өкілдерінсіз өтті.

Билік партиясының ғимаратындағы басқосуға Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қоғамдық кеңес мүшесі Зульфия Жамалтдинова, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық кеңестің тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша құрылған комиссия мүшелері қатысты. Басқосуда алғаш сөз алған қоғамдық кеңес мүшесі Зульфия Жамалтдинова аталған жиынға дейін қаламыздың жолаушы тасымалын бақылау орталығының мамандарымен бірлесе отырып қаланың тасымалдаушы мекемелерінің өкілдерімен кездесулер өткізгенін, сәйкесінше, олардың қоғамдық кеңестің отырысына шақырылғанын атап өтті.

— Жолаушы тасымалы мәселесі бүгінгі күні қаламыз үшін өте өзекті саналады. Сол себепті тасымалдаушылар аталған жиынға шақырылып, қордаланған мәселелер солармен жан-жақты талқыланып, пікірлерін естуіміз керек еді. Алайда олар қоғамдық кеңес отырысына келмеді. Бүгінде, қоғамдық көлік мәселесі талқыланғанда, барлығын тендерге сілтеу әдетке айналды. Бұл дұрыс емес,- деген Зульфия Жамалтдинова қоғамдық көліктердің әлі де тасымалдау ережелерін бұзып, ерте тоқтап қалатынын, олардың кешкілік жолаушылар болмайды дегені  әншейін сылтау екенін айтып, мәселенің өзекті екендігін жеткізді.

— Тасымалдаушылар кешкілік жолаушылардың болмайтынын айтып ақталады. Қала халқын кешкі сегізден кейін аялдамаларда тұрмайтындай етіп өздері үйретіп алған. Ойлап қарасаңыздар, автобустың кешкілік ерте тоқтап қалатынын білетін адам қалайша саналы түрде аялдамаға барады?! Сонда қалай болғаны, жолаушылар кешке аялдамаға шығып, тасымалдаушыларды өздері үйретулері керек пе?– деді З.Жамалтдинова.

Бұл ретте сөз алған Н.Серғазинов қаламыздағы қоғамдық көліктер шарт бойынша 9:30-ға дейін жолаушы тасымалдауы керек екенін, алайда оның барлық қоғамдық көлікке қатысты еместігін түсіндірді. Жалпы, жиында аталмыш сала төңірегінде қордаланып қалған біраз мәселелер талқыға салынды. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселелердің барлығын алдағы уақыттарда да кең көлемде көтеру керектігін айтты. Жиында БАҚ өкілдері жекелеген тасымалдаушылар туралы да сөз қозғап, кейбір бағыттағы автобустардың тасымалдауларына көңілдері толмайтындарын жеткізді. Бұл тұрғыда сөз алған Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов бұл мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС