Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАДІР ТҮНІ ТІЛЕКТЕРДІ ТОҒЫСТЫРДЫ

05.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Шілденің бірінші жұлдызы, өткен жұманың кешінде күллі мұсылман жұртшылығы мың айдан қайырлы болған Қадір түнін қарсы алды. Шапағаты мол осынау Рамазан айындағы қастерлі кеште қаладағы Әнет Баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов ораза тұтқан жандарға ауызашар дастарқанын жайды.

Ата дінімізде ізгілікке бастау болар сауапты істер көп. Солардың бірі — ауыз бекітіп, сауаптан үміт еткен жандар үшін дәм татқызып, ақ дастарқан басында ортақ тілек тоғыстырып, ақсақалдардың өнегелі әңгімесін тыңдау, жасы үлкеннің батасын алу.

Дәстүрлі дініміздің діңгегі саналар осынау үрдістің жалғасын табуға Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы биыл да ұйытқы болды. Ауызашар дастарқанына шаһарымыздағы ораза тұтқан ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты әжелер жиналды.

Арнайы жайылған дастарқан басында алғашқы сөз алған ҚМДБ-ның  Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай жиналған қауымды Рамазан айының соңына жетуімен құттықтап, қасиетті Қадір түнінің маңыздылығына кеңірек тоқталды. Сонымен қатар  дәстүрлі дініміздегі ағайынның басын қосып дәм татқызу сынды игілікті үрдістің мәні жайын да айтып өтті.

Жылдағы дәстүрге сай ауызашар дастарқанына қаламыздағы өзге де діни конфессиялардың өкілдері шақырылыпты. Көпшілік алдында сөз алған Воскресенск кафедралды соборының настоятелі Федор Проскурин барша жиналған қауымды құттықтап өтті.

— Бүгін, міне, қаламыздағы мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алып отыр. Осынау сәтте біз де өз тарапымыздан ілтипат білдіріп, ізгі ниетпен құттықтау жолдаймыз. Елімізде қаншама ұлттар мен ұлыстар, тілі мен діни сеніміне қарамастан, тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Лайым Жаратушымыз осы береке-бірліктен айырмаса екен деп тілейміз. Көп ұлтты мемлекетіміздің шаңырағы берік, іргесі тыныш болсын,- деген лебіз білдірді.

Сондай-ақ мұсылмандар үшін осынау қасиетті түннің басталуымен барша семейліктерді  жергілікті католиктер бірлестігінің жетекшісі Йозеф Трела да құттықтады.

Осылайша, ақ дастарқан басында ақ тілектер ағытылды. Сөз алған жандардың барлығы да ортақ үйіміздегі береке-бірлік пен ынтымақтың артуына, еліміздің өсіп-өркендеуіне тілектестік білдіріп жатты. Ауызашар соңында жиналған қауым арнайы жайылған дастарқан үшін қала әкіміне ризашылықтарын жеткізді.

Сөз орайында биылғы Рамазан айы 29 күнге созылып, бүгін, яғни 5-ші шілде күні, аяқталып, дініміздегі айтулы мерекелердің бірі Ораза айт мейрамы басталғанын айта кеткен ләзім.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС