Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДАМУЫНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

05.02.2014
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының биылғы Жолдауының ерекшелігі мен құндылығы – «Мәңгілік Ел»  жасампаздық идеясының ұсынылып, дамуымыздың дара жолының белгіленуінде деп білемін.

2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының орындалу механизмдерін жан-жақты нақтылап берді. Ендігі жерде “Мәңгілік Ел” — ұлттық идеологиямыз. Еліміздің экономикалық- әлеуметтік саладағы жетістіктері дамыған 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді. Межеге «өз өзімізді қамшылап, тек алға ұмтылу» арқылы ғана жетеміз деген қағидат айтылды. Бір қарағанда қарапайым сөз. Бірақ мұнда үлкен салмақты мағына жатыр. Демек, біздер бір мезет бір орында тұрып қалмауымыз керек. Барлық қажыр-қайрат, жігерімізді жұмылдырып, өзіміздің жеке жетістіктеріміз арқылы Отанымыздың игілігін арттыруға барынша үлес қосуымыз керек. Әрбір адам өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, адал атқарса, студент жастар оқуда үлкен табыстарға жетсе, Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құрудың басты шарты, міне, осында.

Жолдауда “Мәңгілік Ел”  идеясын жүзеге асырудың 7 құндылығын атап көрсетті. Мәңгілік Ел — зайырлы, рухы биік, тарихы мен мәдениеті ортақ, қазақстандықтардың бірлігі мен берекелі тірлігінен құралады. Мемлекет басшысының осынау пайымы бүкіл қоғамның жүрегінен терең орын алғанын, олардың пікірлерінен естіп-көріп отырмыз.

Осынау ұлы мұратты бабаларымыз «Жер ұйығы» деп ежелден аңсаған. Сол асыл арман небары 20 жылдың аралығында ақиқатқа     айналды. Біз осы бақытты кезеңнің куәгерлері ғана емес, тікелей қатысушыларымыз.

Білім беру саласы әлемдік стандарттарға сәйкес, жүйелену керектігін баса айтты. Жалпы өнімнің кем дегенде 3 пайызы білім мен ғылымды дамытуға жұмсалады деп атап көрсетті. Бұл мүмкіндіктерді сіздер мен біз қазірдің өзінде сезініп отырмыз. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын 8 ғылыми    Жобаны университет ғалымдары жүзеге     асыруда. Инновациялық озық ғылыми жо-   баларды қолдауға бұрынғыдан да кең мүмкіндіктер ашылатын болды.

 

{jcomments on}Білім берудің жаңа сапаға көшуі, дуальды, техникалық кәсіби білім беруді қолға алу міндеті қойылды. Осы орайда оқу орнымыздың стратегиялық жоспарын қайта қарап, кешенді білім беру корпорациясы деңгейіне жету мақсатын белгілеуіміз қажет деп санаймын. Өйткені, уақыттың жедел талабы осыны қажет етеді. Н.Әбішұлы өз сөзінде құбылған уақыттың    жеделдігіне сәйкес, әрекет етуді ұсынғанын естідіңіздер. Сонымен қоса, өңірлердің экономикалық және инновациялық әлеуетін арттырудағы ғылым мен білімнің рөлі ерекше айтылды. Облыста сұранысқа ие, әсіресе, техникалық   мамандықтар бойынша мамандар даярлаудың мониторингін жасап, жұмыс беруші серіктестермен атқарылатын істердің ауқымын белгілеуіміз керек.

 

Елбасы Жолдауындағы әрбір сөз біздің әрқайсымызға тікелей қатысты. “Мәңгілік Ел”  патриоттық актісін жетілдіруге әскери кафедра ұжымы белсенді ат салысады деп сенемін. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірімділік көрсету, оларды өз қатарымыздан қалдырмауды тапсырды. Ол жандардың қоғамның белсенді мүшесі болуына көп болып қол ұшын береміз. Өз тарапымнан: мүмкіндігі шектеулі жастарды ректор  грантын бөліп оқытуды жалғастыратынымды жеткіземін. Осы уақытқа дейін ондай балаларды қолдап келдім, әлі де қолдай беремін. Олар масыл емес, тағдыр талқысын ержүрекпен көтеріп жүрген жігерлі жандар. Студенттерге айтарым университетте өздері құрған «Ақниет» қайырымдылық қоры арқылы, сондай-ақ, «Жас заңгерлер» қауымдастығы арқылы оларды пайдалы істерге тартуды ұсынамын. Бір жағынан жәрдем, қолдау, екіншіден, мүмкін, шағын кәсіпкерлік ашып, қоғамнан өз орнын табуға ықпал етуге болады. Президентіміз шағын кәсіпкерлікке толық қолдау көрсететінін қадап айтты. Сондықтан, оңтайлы да оң ұсыныстарыңызды ортаға салу керек. Ақыл жастан деген ұстанымды әлі ешкім өзгерткен жоқ. Тың идеялар керек, бірақ, асығыстық пен қисынсыздың орын алмауы тиіс. Барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімшелерде  Жолдауды талқылау мен зерделеу кеңінен жүргізіліп, басты мақсаттар мен қағидаттар әрбір студент-жастарымызға өз мәнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Нұрсұлтан Назарбаев іргесін қалаған “Мәңгілік Елдің” келешек ұйытқысы, бақытты тұрғындары, қадірлі жас достар, Сіздер! Сіздерді нем-құрайлы болмауға, жалынды жігерлі болуға шақырды. Жасалынып жатқан жағдайлардың барлығы жастарымыз үшін, жаңа қазақстандық патриотизм идеясын ұсынды. “Мәңгілік Елдің” басты тұрғындары, шынында да, жастарымыз Жолдаудың әрбір жолын мұқият қарап, өрлеу жолы ретінде оқып-үйренеді деп сенемін.

Жолдауды тек өз университетіміз ғана емес, қала мен ауыл жастарының Жолдауды насихаттау, іске асыруға ат салысулары — міндеттен де жоғары парызымыз.

Мақсаты мен келешегі ортақ “Мәңгілік Еліміздің”  әр күнін мерекелі  етуге берекелі істерімізбен үлес қосайық.

Шырын ҚҰРМАНБАЕВА, саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚазИГЗУ-нің ректоры.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС