Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЙҚЫН БАҒДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

05.02.2014
FacebookWhatsappTelegram

Тарбағатай ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиыны болды.

 

Жиынға аудан әкімі, оның орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев Елбасы Жолдауының негізгі мақсат-мұраты, онда алға қойылған міндеттер және оны жүзеге асырудың айқын көрсетілген жолдары туралы жан-жақты баяндап шықты.

— 2012 жылдың желтоқсан айында Елбасы еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа Стратегиясын ұсынғаны өздеріңізге белгілі,- деді аудан басшысы,- Ал биылғы 17 қаңтарда облыс әкімдері мен министр-лердің, Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасы депутаттарының, жалпы қалың жұртшылықтың қатысуымен өткен отырыста Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялап, «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты орындау жолындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Елбасының кезекті Жолдауында мемлекетіміздің алдағы дамуының барлық бағыттарына назар аударылып, маңызды міндеттер сараланды. Жолдау жарияланғалы бері байтақ еліміздің барлық жеріндегі сияқты Тарбағатай ауданының халқы да оны жылы қабылдап, толықтай қолдайтындықтарын білдіруде.

 

{jcomments on}Жиында сондай-ақ, биылғы Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінгені, ол үшін алдымен елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыртуды қолға алудың маңыздылығы арта түскені айтылды. Жолдаудың басты мақсаты – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу екені, осы мақсаттың орындалуына мүмкіндік беретін бірқатар тапсырмалар бергендігі, оларды орындау жолында қажетті ресурс-тар елімізде жеткілікті екені жан-жақты сөз     болды.

 

Жиынға қатысқандарды Елбасы үндеп, қалың ел оны қуаттап отырған жаңа заманның жаңа қадамын бірлесе жасауға шақырған аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы Жолдауда алға қо-йылған міндеттердің әр саласын аудан өмірінен дәйекті мысалдар келтіре отырып айтып берді. Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға облыстағы даму, өркендеу жағынан алдыңғы қатардағы, мал өсіру және егін шаруашылығы мықты қалыптасқан Тарбағатай ауданының да лайықты үлес қоса алатынын мәлімдеді.

Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың депутаты Ержан Құттыбаев, «Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Талант және К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Өмірбек Төленбаев сөз сөйлеп, талқыланып отырған мәселеге, Елбасы Жолдауындағы алға қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Мысалы, Бейбіт Талант партиялас әріптестерін Елбасы Жолдауының түпкілікті мәнін бұқараға тереңірек түсіндіріп, насихаттауға шақырса, Ержан Құттыбаев әлемдегі дамыған отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алу үшін жас ұрпаққа білім беру саласын дамыту мәселесінің маңыздылығына кеңірек тоқталды. Білім сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты екенін айтқан ол әр ұстаздың ғылыми негізде жұмыс істеуі қажеттігін, мұғалім еңбегі оның оқытып отырған шәкіртінің білім сапасымен бағалануы тиіс екенін баса айтты.

— “Мәңгілік Ел”  болу, баянды мемлекет болу, Тәуелсіздігімізді мәңгілік ете білу ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы еді. Енді сол бабалар армандаған ізгі-мұрат бүгінгі біздің және бізден кейінгі ұрпақтың басты мақсаты мен нысанамызға, ұлттық ұранымыз бен идеямызға айналмақшы,- деді орта мектеп мұғалімі Ө.Төленбаев. Жиында, сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Мауадинов сөз кезегін алып, Жолдаудың негізгі мазмұнын, мәнін бұқараға түсінікті түрде жеткізудің маңыздылығын айта отырып, ауданда насихаттық топтардың құрылғанын жариялап, оның жұмыс кестесімен таныстырды.

Хамза СӘТИЕВ,

“Семей таңы”.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС