Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

15.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз орталығында «2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы соттың атқарған жұмыстарын талқылау» тақырыбында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ринат Ақпар, Семей қаласының №2 сотының төрағасы Дәулетбек Бұлғынбаев 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын БАҚ өкілдеріне баяндады.

Дәулетбек Бұлғынбаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында 498 тұлғаға қатысты қылмыстық іс түскен.

— 2016 жылдың алғашқы 6 айында 498 тұлғаға қатысты 451 қылмыстық іс түсті. Осы уақыт аралығында 480 тұлғаға қатысты 431 іс қаралды. 221 тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 13 тұлға ақталды. 30 қылмыстық іс бойынша іздеу жарияланғандықтан, прокурорға қайтарылды,- дейді жарты жылдық жұмыс қорытындысын баяндаған Дәулетбек Бақтиярұлы.

Семей қаласының №2 сотының төрағасы ерекше атап өткен мәселенің бірі медиация болды. 61 тұлғаға қатысты 61 істің медиация бойынша қысқартылғаны, әлбетте, айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы қорытынды оң нәтижеге ие.

— 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 4 іс қаралып, шешімін тапты. Өткен жылдың осы кезеңінде жемқорлық сипаты бар 13 іс қаралған болатын,- деген Д.Бұлғынбаев қылмыстық істің саны ғана емес, сапасы да қуанарлық мәнге ие екендігін жеткізді.

Мәселен, сот шешімін өзгерту немесе жою 2015 жылы 15 пайыз болса, биыл 2 пайыздық көрсеткішке ие.

Ал ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ринат Ақпар 2016 жылдың 6 айында, жалпы, 356 іс қаралғанын, оның ішінде 176 тұлғаға қатысты 176 әкімшілік іс, 175 азаматтық және 7 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады. Сонымен бірге қаралған істердің шешім тапқандығын да баяндады.

— Алғашқы жарты жылдықта сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы мәмілеге келу арқылы 40 іс аяқталды, яғни ол қаралған азаматтық істердің 23 пайызын құрайды.  Оның ішінде, атап айтсақ, әкелікті тану және кәмелетке толмаған балаларына алимент өндіру туралы 22 істің 13-і медиациямен аяқталды. Ата — аналық құқығынан айыру туралы 63 істің бесеуіне қатысты медиация қолданылды,- деген Ринат Миратұлы қаралған істерді санатқа бөле отырып, ата-ана құқығынан айыру ісі бірінші орында тұрғандығын мәлімдеді. Сонымен бірге сот жүйесі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды терең қолданып отырғандығын да атап өтті.

— «Сот кабинеті» сервисінің қызметіне ерекше көңіл бөлуге болады. «Сот кабинеті» арқылы өтініштерді өткізу жылдан-жылға артып келеді. Жеке кабинеттерінде «Сот кабинеті» сервисін қолданушылар өздерінің тапсырған өтініштерінің қозғалысын қарау үшін сенімді өкілдерін қостырып қоя алады,- деген Ринат Ақпар сот процестерін дыбыс-бейне құрылғысына жазу әдісі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС