Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?

15.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Ағымдағы жылдың 15-ші тамызынан бастап электр жарығының бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл жайында сәрсенбі күні Семей қаласы әкімдігінің үлкен залында өткен қоғамдық тыңдауда айтылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья Петрованың жетекшілік етуімен өткен қоғамдық тыңдау отырысына «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов, үкіметтік емес ұйым өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Жиында сөз алған Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья Петрова «Шығысэнерготрейд» ЖШС ағымдағы жылдың 1 шілдеcінде аталмыш департаментке тарифті өсіру жөнінде өтініш бергенін атап өтті. Бұл өтініш бойынша электр энергиясының алдағы уақыттағы орташа тарифі, қосымша құн салығын есептемегенде, 1 квт электр қуаты үшін 11,574 теңгені құрамақ. Яғни, бұл 9,95 пайыз өсімді құрап отыр. Наталья Петрованың сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 15 тамызынан бастап «Шығысэнерготрейд» мекемесі электр жарығының бағасын қымбаттатуға мәжбүр. Себебі электр энергиясын тасымалдау да, сатылым бағасының тарифі де артқан. Сонымен қатар «КЕGОК» АҚ-ның жүйелік қызметінің тарифі де қымбаттаған.

— Электр қуатының қымбаттауының негізгі себебін компания электр энергиясына кететін шығынмен түсіндіреді. Бұдан өзге «Шығысэнерготрейд» ЖШС құны 160 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Бұл бағдарлама аясында автоматтандырылған төлем терминалдарын сатып алу да көзделіп отыр,- деді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья Петрова.

Айта кетуіміз керек, ағымдағы жылы электр тасымалдаушы мекеме электр қуатын қымбаттатуды сұрап, шаһарымызда төрт рет қоғамдық тыңдау өткізген. Бұл жиындарда электр энергиясын жеткізуші компания жұмысына бірқатар сын пікірлер де айтылған болатын. Әсіресе қоғам белсенділері Семей қаласында қойылған екі төлем терминалының жеткіліксіз екенін айтқан еді. Аталған инвест бағдарламада осы ескертпелер ескерілген сыңайлы. Өйткені «Шығысэнерготрейд» ЖШС төлем жасайтын автоматтандырылған 30 терминал алуды көздеп отыр. Ал оған 30 млн. теңге қаржы жұмсауды жоспарлап қойған. Бұдан өзге инвест бағдарлама аясында тұтынушылармен байланыс орталығын жетілдіру және мекемеге қажетті техникалар сатып алу жоспарлануда.

Қоғамдық тыңдауда мінбеге көтерілген «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов тарифтің көтерілуіне байланысты енгізіліп отырған осы инвестициялық бағдарламаға кеңінен тоқталды. Дегенмен ол жарықтың көтерілуінің басты себебін электр энергиясын жеткізуші компаниялармен байланыстырды.

Осы жолы «Шығысэнерготрейд» ЖШС мекеменің жалға алып отырған ғимараты туралы ешқандай пікір білдірмеді. Өткен жолғы тыңдауларда жеке ғимарат тұрғызып немесе сатып алу үшін де электр жарығының құнын арттыру керектігі жайында айтқандары қоғамдық тыңдауға қатысқандардың әлі де есінде.

Қоғамдық тыңдауда тағы бір түйткілді мәселенің жайы белгілі болды. Айталық, электр қуатының қымбаттауын «КЕGОК» АҚ, ШҚ АЭК және «Казцинк Энерго» ЖШС сынды ірі мекемелермен байланыстырған «Шығысэнерготрейд» ЖШС директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов аталған мекемелердің қазірден электр энергиясын көтергенін атап өтті. Мәселен, «КЕGОК» АҚ тарифті өсіруді алдағы бес жылға бекітіп қойған екен. Осы жайт қоғамдық тыңдауға қатысқандардың ашуын туғызды. Белсенділер, егер  «КЕGОК» АҚ тарифті көтеруді заңды түрде бекітіп алған болса, «Шығысэнерготрейд» ЖШС тарапынан өткізіліп отырған қоғамдық тыңдаудың бос әурешілік екенін айтты. «Өйткені «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің тарифті көтеру туралы ұсынысын құптамай, компанияны шығынға батырудың пайдасы жоқ»,- дейді қоғамдық тыңдауға қатысушылар. Осы ретте жиналғандар халық қалаулыларына сауал жолдап, мәселені заң жүзінде ретке келтіру керектігін атап өтті. Бұған қоса қоғам белсенділері Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне аталған мәселені жан – жақты талқылау қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар семейліктерді тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін алынғалы отырған 30 төлем терминалының жайы алаңдатты. Белсенділер аталған құрылғылардың қаншасы шаһарымызға қойылатынын сұраған еді. Алайда бұған да нақты жауап айтылмады.

Жалпы, қоғамдық тыңдауда Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС өкілдері семейліктерден түскен талап-тілектердің ескерілетінін жеткізді.

Өңірдегі тарифтің көтерілуіне байланысты соңғы шешім 30 шілде күні қабылданады.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей  таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС