Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАЗҒЫ ШАТЫРЛАР ЖАЙСЫЗДЫҚ ТУҒЫЗУДА

15.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жаз басталысымен, қала көшелеріндегі халық көп шоғырланған жерлерде алкогольді ішімдіктерді саудалайтын жазғы шатырлар көбейіп кететіні жасырын емес. Биылдың өзінде Семей бойынша мұндай шатырлардың саны 20-ға жуықтапты. Белгілі болғандай, оның тек 8-інде ғана заңды түрде жұмыс істеуге рұқсаттары бар болып шықты. Бұл туралы кеше, 13  шілде күні, қалалық ақпарат орталығында осы тақырыпқа арқау болған баспасөз мәслихатында Семей қаласы ІІБ жергілікті полиция бөлімінің басшысы Радик Сайфутдинов мәлімдеді.

Сондай-ақ баспасөз жиынында соңғы уақытта семейліктер арасында резонанс тудырып, халық қызу талқылап жатқан қант бағасының қымбаттауы да сөз болды. Бірақ алдымен құқық қорғау органы қызметкерлері БАҚ өкілдеріне қоғамдық тәртіп пен жазғы шатырларға қатысты атқарылып жатқан істерді айтып берді.

— Бұл бағыт бойынша, шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік полиция бөлімінің табиғатты қорғау бөлімшесімен бірлескен рейд жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде 9 жазғы шатырдың заңсыз түрде жұмыс істегені анықталды. Олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бүгінде барлық айыппұл толық өндірілді. Дегенмен де біздің мұнымен тоқтап қалмақ ойымыз жоқ. Барлық жиналған материалдарды жер инспекциясына жібердік. Енді қаланың атқарушы билігі қолда бар материалдарға жүгіне отырып, сотқа шағымданатын болады. Жақында Чехов көшесі мен Шығыс кентіндегі Қамбар сауда үйінің маңындағы жазғы шатырлардың иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Біз оларға қызметтері заңға қайшы екендігін түсіндірдік. Нәтижесінде аталмыш тұлғалар шатырларын өз еріктерімен алып тастады. Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметі қаланы көркейту мен абаттандыруға байланысты 1 120 әкімшілік іс қозғады. Ұсақ бұзақылық бойынша 1112 факті тіркелді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 654 материалды құраған болатын. Сонымен қатар Түйемойнақ аралындағы тәртіпті ретке келтіруге байланысты біршама іс атқарылды. Мәселен, аралда тұратын 20-ға жуық отбасы 100-ден аса ірі қара малды баптап, өсіретіндігі анықталды. Солардың ішінде 9 азамат малды рұқсат етілмеген жерде баққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 20 АЕК-те айыппұл салынды,- деді Рафик Харисұлы.

Бұдан өзге жергілікті полиция бөлімінің басшысы жабайы сауданың алдын алуға байланысты атқарылып жатқан шараларға да тоқталды. Мәселен, ағымдағы жылы тәртіп сақшылары осы жағдайға қатысты 684 әкімшілік хаттама толтырыпты.

— Үстіміздегі жылы Чехов көшесі бойында рұқсат етілмеген жерде сауда жүргізгені үшін 120 адамға 254 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Аймауытов көшесінде дәл осындай айыппен 54 адам жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 106 мың теңгені құрады. Сонымен қатар «Южный» сауда үйінің маңында жабайы саудамен айналысқан 70 тұлғаға әкімшілік жаза белгіленді. Қорыта айтқанда, бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта үдете түсуді көздеп отырмыз,- деп түйіндеді өз сөзін полиция майоры Р.Сайфутдинов.

Осыдан кейін баспасөз жиынында қант тапшылығы мәселесі көтерілді. Жыл сайын дәл осы мезгілде қант жетіспеушілігі байқалатыны жасырын емес. Бар болғанның өзінде, оның құнын саудагерлердің аспандатып жіберетіні бар. Биылғы тосап қайнату науқанында осы азық-түлік шикізатының бағасы келісіне 300 теңгені құрап, рекордтық межеге жетті. Бұл жағдай қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Тұрғындар биылғы тосаптың тым қымбатқа түсіп жатқандығын ашық айтып, не істерін білмей дал. Анықталғандай, Семейде күнделікті пайдаланылатын қанттың мөлшері 14 тоннаны құрайды екен. Ал қантты қалаға жеткізумен үш ірі тасымалдаушы айналысатындығы белгілі болды. Олар «Ақ сұңқар» ЖШС, «Спутник» ЖШС және ЖК Ермеков – «Қант орталығы». Ал қалалық кәсіпкерлік бөлімнің жетекшілері семейліктерге алаңдауға еш себеп жоқ екендігін айтып, тек қантты шаһарға жеткізу барысы кешеуілдеп жатқандығын алға тартады.

— Қазіргі таңда «Ақ сұңқар» ЖШС мен ЖК Ермековте қажетті қант қоры жоқ. Дей тұрғанмен де олар қантқа тапсырыс беріп, қаржысын толығымен төлеп қойған. Тек қана Семейге жеткізілуі кідіріп тұр. Қазақстанда екі ірі қант зауыты жұмыс істейді. Оның бірі Таразда, ал екіншісі Меркеде орналасқан. Соңғысы жуық арада ғана іске қосылған-тұғын. Осы себептерге байланысты қант шаһарымызға жетпей, кешігіп жатыр. Бұл ретте біз Орталық Азия  Қант Корпорациясымен қаламызға қантты тезірек жеткізу мәселесі бойынша тиісті келіссөздер  жүргіздік. Қазіргі күнде тек «Спутник» ЖШС-де ғана 30 тоннадай қант қоры бар. Алайда олар оны өздерімен келісімге отырған бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындарға ғана босатуда. Соған қарамастан, абыржуға негіз жоқ. 18 шілдеге дейін қажетті қант мөлшері Семейге жеткізілетін болады,- деп сендірді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сауданы дамыту секторының меңгерушісі Айжан Хасенова.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС