Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ

18.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен, «Өрлеу» жобасының кеңесшілерімен бірлесіп халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында бос орын жәрмеңкесін өткізді.

Бос орындар жәрмеңкесіне бұл жолы жиырмаға жуық көпбалалы және толық емес отбасы мүшелері шақырылды. «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова шараның маңызы мен мақсатына тоқталып, «Нұр Отан» партиясы қашанда халықтың мүддесін қорғайтындығын тілге тиек етті.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бос жұмыс орындарына орналасуға үміткер ретінде тіркелу үшін қажетті құжаттар тізімін атап өткен «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Марина Часовникова:

— Бос жұмыс орындарына тоқталсақ, тұрақты жұмыс орнына мұғалім, дәрігер сынды мамандар сұранысқа ие. Жұмыс істемейтін тұрғындар үшін мемлекеттік қолдаудың тағы бір түрі — әлеуметтік жұмыс орындары. Мұндай уақытша жұмыс орнына тігінші, құрылысшы, аула сыпырушы, еден жуушы, құжаттарды реттеуші қажет. Өткен жылы бағдарлама арқылы 6 мыңға жуық адам тұрақты және уақытша жұмыс орнына орналасса, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында 1500-ге жуық адам еңбек шартын жасасты,- деп атап өтті.

Өткен жылмен салыстырғанда үш жақты еңбек шартын жасасқан адам санының аздығын бөлім басшысы «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа Заңның қабылдануымен тікелей байланысты деп түсіндірді. Ол қолданысқа енгенше, қазынадан халықты еңбекпен қамтуға бөлінген қаржы қалпында сақталып, жұмысқа орналастыру тежеліп тұрады. Десе де келер айда мәселе реттеліп, жылдың соңына дейін тұрғындар жұмыспен қамтылып үлгереді деген сенім бар.

Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығына 2000-ға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері жастар тәжірибесі бойынша өз жолдарын тапса, қайта оқыту курстары арқылы да біршама жұмыссыздардың мәселесі шешілмек. Жалпы, жастар тәжірибесі бойынша 35 мың теңге жалақы белгіленген. Жастар  қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емес өзге де мекемелерге жолданса, жұмыс беруші тарапынан қосымша еңбекақы төленеді. Семей қаласы Сервис колледжін 2015 жылы іс қағаздарын жүргізу және мұрағат мамандығы бойынша тамамдаған Гүлнар Скакова аталмыш шараның маңызы зор деп біледі.

— Бүгінгі шара аса маңызды. Көпбалалы жанұя мүшелері мен толық емес отбасылар уақытша жұмыс орындарымен қамтылуға мүмкіндік алып отыр. Өзім жастар тәжірибесі арқылы өткен жылы бес ай «Казполиграф» ЖШС-де хатшының көмекшісі болып қызмет еттім. Еңбек шартым аяқталған соң, 2016 жылы үш ай Семей қалалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында іс қағаздары бойынша қызметкер болдым. Алдағы уақытта, мүмкін болса, Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары аясында жұмысқа орналассам деген ниеттемін,- дейді  Гүлнар Скакова.

Жәрмеңкеге қатысушылар өздеріне бос орындарды таңдап, жолдама алды. Ал кеңесшілер оқыту және қайта даярлау курстары, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әйгерім ЖАҚЫП, «Семей таңы»

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС