Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЛҒЫНДАР БЫЛҒАРЫ ДОП САЙЫСЫНДА

22.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

«Спартак» стадионында республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Coca-cola былғары доп — 2016» турнирінің ақтық ойындары болып өтті. Қазақ футболының отаны болып саналатын Семей төрінде биыл аталмыш сайыс 10-шы мәрте ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту әрі өскелең ұрпақтың арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды. Әр жыл сайын бұл турнирге еліміздегі 6 200 мектептен 400 мыңнан аса балалар қатысуға ниет танытады екен. Сондай-ақ дәл осы сайыстан қазақ футболының жарық жұлдыздары Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Сергей Хижниченко сынды бірқатар саңлақтар шыңдалып шыққанын да айта кету керек. Бұған қоса «Coca-cola былғары доп» додасы Еуропа футбол ассоциациясы одағы (УЕФА) тарапынан балалар спортының өркендеуіне қосқан үлестері үшін екі мәрте арнайы дипломдармен марапатталыпты. Ал Семей жерінде өткізілген ойындарға келер болсақ, 200-ден аса балғын аяқдоп шеберлері кіші жас тобы бойынша өзара кіл мықтыны анықтады. Олар қаладағы «Турист» және «Цементник» алаңдарында сынға түсті. Ақтық ойын «Спартак» алаңында өрбіді.

Шешуші кездесуде Қарағанды және Атырау облысы командаларының жолы түйісіпті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталғандықтан, жеңімпаз команданы пенальти сериясы арқылы   анықтауға тура келген. Оның нәтижесінде сарыарқалықтардың айы оңынан туып, мерейлері үстем болды. Қорытынды есеп – 5:4 (1:1 негізгі уақыт), Қарағанды облысы құрамасының пайдасында. Осылайша, қарағандылық балғындар «Coca-cola былғары доп  — 2016» кубогінің иегерлері атанды. Ал кездесу барысында жанкештілік танытып, соңына дейін күрескен мұнайлы өлкенің ұландары күміс медальді қанжығалады. Үздік үштікті Жамбыл облысының құрамасы түйіндеді.

— Құрметті жарысқа қатысушылар әрі қала қонақтары! Игі дәстүрге айналған «Coca-cola былғары доп» турнирінің ағымдағы жылғы сайысы да мәресіне келіп жетті. Айтулы турнир 10 жыл көлемінде біздің қаламызда үзілмей ұйымдастырылып келеді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімовтің атынан және өз атымнан шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл жобаны қолға алған ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Осы жарыс арқылы балалар үлкен тәжірибе жинақтайтыны анық. Бұл олардың келешекте кәсіби спортпен айналысуына жол ашады. Сіздерден еліміздің абыройын асқақтататын болашақ футбол дүлдүлдері шығатынына біз күмән келтірмейміз,- деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев.

Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» және «Үздік ойыншы» сынды аталымдар бойынша сайыс барысында ерекше көзге түскен бірнеше жас сайыскерлер марапатталды. Балғындарға арнайы жүлдені отандық футболдың мақтанышы Андрей Карпович табыс етті.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС