Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТҚАРЫЛҒАН ІС АЗ ЕМЕС

22.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы жылдың алғашқы бес айының көрсеткіші бойынша, Семей өңірінде мал басының өскені байқалуда. Мәселен, барлық шаруашылық нысандарында мүйізді ірі қараның басы 61, 2 мыңға, қой мен ешкі 180, 5 мыңға, жылқының басы 34, 8 мыңға жетіпті. Бұл туралы Семей қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаевпен өрбіген арнайы сұхбат барысында белгілі болды.

— Нұрлан Нұрғалиұлы, бүгінде Семей өңірінде қанша ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген? Олардың неше пайызы белсенді жұмыс істеп келеді? Әуелі осы сауалдан бастасақ.

—  Рақмет. Қаланың аграрлық секторында қазіргі уақытта 628  шаруа қожалығы,  2 өндірістік кооператив, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 11 саяжай кооперативі  және тұрғындардың 32,0 мыңнан астам жеке ауласы бар. Бізге қарасты шаруашылық құрылымдарының басым бөлігі белсенді жұмыс атқаруда.

— Ағымдағы жылы мал өнімдерінің көлемі былтырғы кезеңмен салыс-тырғанда қанша есеге артты?

— 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында 10,2 мың тонна ет, 10,4 мың тонна сүт және 0,9 млн. дана жұмыртқа  өндірілді. Өткен жылы ет 10,0%, сүт 0,8 % деңгейінде ғана болатын. Биыл айтарлықтай өсім бар. Үстіміздегі жылдың 5 айында  ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 5085,3 млн. теңгені құрады.

— Нұрлан Нұрғалиұлы, асыл тұқымды мал өсіру жағы қалай дамып келеді. Бұл ретте қандай жұмыстар қолға алынған?

— Генофондты сақтау және жоғары сапалы мал тұқымын асылдандыруға байланысты біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері асыл тұқымды ірі қара малдың басы 9, 9 пайызды, асыл тұқымды қойдың саны 12,0 пайызды және жылқы малының көлемі 10,8 пайызды құрап отыр. 19 шаруашылықтың асыл тұқымды қожалық мәртебесі бар. Бұл ретте асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың зор септігі тиіп келе жатқандығын айта кету керек. Нақтырақ келтіргенде,  «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен 2 шаруашылық  98 бас аналық ірі қара және 5 бас бұқа сатып алды. Сонымен қатар «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық  97 Қамбар ата тұқымын түлетуде.

— Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы барлық деңгейдегі әкімдер мен басшыларға өңірде сүт-тауарлы фермасын дамытуды мықтап тапсырған болатын. Осы ретте Семей өңірінде сүт белдеуін арттыру бағытында қандай жұмыстар жүзеге асырылды?

— Өңірде сүт шаруашылығымен айналысатын үлкен шаруашылықтар жоқтың қасы. Бізде сүт өндірумен тек шаруа қожалықтары мен жеке аулалар ғана  айналысады. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында, аймақ басшысының сүт-тауарлы фермаларды дамыту бастамасына сәйкес, Семейде екі жоба іріктелініп алынды. Олар «Нұр» және «Көпежан» шаруа қожалықтары. Соңғысы 200 бас сиырға арналған СТФ-ны қайта жабдықтау бойынша бизнес-жобаны іске асыру үстінде. Осы мақсатта «Көпежан» ферма қожалығы «Ауыл   шаруашылығын қаржылай  қолдау» АҚ арқылы 102,3 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Үстіміздегі жылы қожалық Достық ауылдық округінен берілген 100 гектар суармалы жерге күнбағыс дақылын екті.

Бұған қоса олар «АШҚҚ» қорынан бөлінген  жалпы соманың 47,8 млн. теңгесіне құрал жабдықтар және 30,0 млн. теңгеге сүт-тауарлы фермасына қажетті құрылғылар алды. Сондай-ақ Зырян ауданындағы «Средигорненский» ЖШС-нен  94 бас  асыл тұқымды   симментал құнажындары әкелінді. Бүгінде СТФ-ны қайта жабдықтау жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Қазір сүт сауатын жабдықтарды тексеру мақсатында  60 бас сиыр сауылып жатқанын жеткізді бізге ферма өкілдері. Қожалық «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 50,6 млн. теңгеге техника бірлігін алуды жоспарлауда. Осы жылдың ішінде аталмыш сүт тауарлы фермасы іске қосылады деп көзделіп отыр. Ал «Нұр» шаруа қожалығы Өскемен қаласындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалының есебінен 228,9 млн. теңгеге, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде 79,2 млн. теңгеге бизнес-жоба әзірлеуде. Ағымдағы жылы шаруа қожалық 26,2  млн. теңге көлеміндегі қаражатқа сүт сауатын арнайы жабдықты сатып алуды, көң шығару тетіктері мен  гидранттар дайындауды және құбыр тарту құрылғыларының жұмыстарына бағыттауды жоспарлап отыр. Қожалық өз жұмысын ағымдағы жылдың қазан айында бастайды.

— Шаһардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай жұмыстар атқарылып келеді? Семейліктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін кімдер ұсынуда   әрі олардың сапасы жөнінде не айтасыз?

— Инфляциялық процестерді тежеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін әр сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. 2016 жылдың 5 айында Семей өңірі қожалықтарының күшімен және жақын көрші аудандардың қатысуымен барлығы 22 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 259,3 млн. теңге көлемінде өнім сатылды. Олардың бағасы базар бағасынан 15- 20 пайызға төмен болды. Бұдан басқа, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен кестеге сәйкес, сенбі күндері Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Аягөз, Көкпекті  аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін ұсынып,  жәрмеңкелер өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрмен қарай да жалғасын табатын болады. Біздің басты міндетіміз — шаһар халқын арзан әрі сапалы табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету. Осы арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі белдеуі қалыптасады.

— Осы ретте, Нұрлан Нұрғалиұлы, тамақ өнеркәсібі мен құс етін өндіруде қандай ілкімді істер барын айтып өтсеңіз. Бүгінде қала халқы құс еті тапшылығын сезініп отырған жоқ па?

— Биыл бес айдағы нәтиже бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 8475 млн. теңгені құрады. Өңірде құс етін өндірумен айналысатын бірегей кәсіпорындардың бірі — «Шығыс Бройлер» ЖШС. 2012 жылдан бастап кәсіпорын жұмыртқа бағытынан  бройлерлік, яғни құс етін өндіру бағытына толығымен ауысты. Бүгінгі күні «Шығыс Бройлер» ЖШС-де сою цехы мен жаңа инкубатордың құрылысы  аяқталу алдында тұр. Олар соңғы үлгідегі голландиялық «Pas Reform» фирмасының инкубациялау жабдығы мен «EMF» неміс фирмасының бройлерді сою қондырғыларын орнатып, өндіру үрдісін оңтайландырды. Бұл өз кезегінде құс етін өндіру көлемін біршама арттыруға және өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, бес айдағы жағдайға сәйкес, 2,9 мың тонна ет өндіріліпті. Сондай-ақ бұл бағытта жұмыс істейтін тағы бір кәсіпорын — «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС. Бірінші тоқсандағы жағдай бойынша, аталмыш кәсіпорын 3,6 мың тонна құс етін өндірген. Бұл жаман нәтиже емес. Бұдан бөлек Семейде кондитерлік және кулинарлық өнімдерді шығару жақсы жолға қойылған. Осы орайда «Кондиз» ЖШС-нің жұмысын атап өтпеске болмас. Жаңа заманауи кәсіпорын әлемдік стандарттарға сай құрылған. Фабрика өндірістік мүмкіндіктері бойынша қаланың ірі фабрикалары арасында лайықты орын алады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 14 400 тоннаны құрайды. Кәсіпорынның күшімен бірінші тоқсанда 0,6 мың тонна крекерлі печенье өнімі өндіріліп шығарылды. Сонымен қатар тоқаш және кондитерлік өнімдерді шығаруда «Семнан» ЖШС-нің айтарлықтай жетістіктері бар. Биыл кәсіпорын өндірісті кеңейту мақсатында және өнімнің сапасын арттыру мен көлемін ұлғайту үшін тәулігіне 60 тонна өнім өндіретін Түркиядан әкелінген заманауи диірмен қондырғысын орнатты. Кәсіпорынның бидай өсіретін 2500 гектар егістік алқабы бар. Бұл өз кезегінде өндіріс орнын толықтай қажетті ұнмен қамтамасыз етеді. Мұнда 5 айда 1,3 мың тонна өнім өндірілді. Ет өнімдерін дайындау бойынша МПК «Технология» ЖШС 2014 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке Ресейде шығарылған 17 дана қондырғыны сатып алды. Қазіргі таңда комбинат 48 түрлі кулинарлық-шұжық, деликатес өнімдерін әзірлейді. Барлық өнім түрлері мемлекеттік талаптарға сай. Биыл мұнда 5 айлық көрсеткіші бойынша 50,05 тонна шұжық өнімдері шығарылды.

— Нұрлан Нұрғалиұлы, сізге мазмұнды сұхбатыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сұхбаттасқан Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС