Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ФРАНЦУЗДЫ ТӘНТІ ЕТКЕН ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ

22.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің бас ғимаратында белгілі француз режиссері, продюсер Режис Гезельбашпен кездесу өтті. Кездесуге университет басшылығы және ұстаздар мен студенттер қатысты.

Шара барысында Режис Гезельбаш ең алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Алғашқы сөз кезегін алған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров кездесудің маңызы мен мақсатына тоқталып, француз режиссерінің білімі мен біліктілігі, кәсіби тәжірибесі университет қабырғасындағы «Өнер мектебі» сынды ірі жобаларды жүзеге асыруға, білім жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретіндігін атап өтті:

— Бүгін біз Қазақстан мен Францияны, Қазақстан мен Еуропаны жақындастырған, әлем жұртшылығына қазақ елін танытқан аса құрметті азаматпен, өз саласының майталманымен кездесіп отырмыз. Р.Гезельбаш өзінің шығармашылық жолында біздің мемлекетімізге қатысты ауқымды жобалар жасаған, Еуропада тәуелсіз еліміз және тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жайлы жаңа көзқарас қалыптастырған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетін, өнері мен өмірін, ұлттық болмысын, салт-санасын  кино және деректі фильмдеріне арқау етіп, әлем жұртшылығына танытты. Жан-жақты өнер иесі бірқатар жобалар ауқымында жұмыс істеуде, соның бірі — білім жүйесін жетілдіру.  Осы кездесуде ортақ ойымызды жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырамыз. Бұл бастамамызды студенттер де ерекше бағалайды деген ойдамын,- деп атап өтті университет ректоры.

Өз сөзінде Режис Гезельбаш құшақ жая қарсы алып жатқан семейліктерге, Қазақстанға шақырып отырған университет басшылығына алғысын жеткізді. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірлерінің ішінде Семей қаласы ол үшін аса қымбат шаһар екендігін жасырмады.

— Мен сіздердің қалаларыңызды жақсы көремін. Бұл елдің тарихы тереңде, мәдениеті бай, халқы мейірімді, ақкөңіл, әрі қонақжайлылығы қайран қалдырады.  Сіздердің орталарыңызда болу – мен үшін үлкен абырой, өз білгенімді сіздермен бөліскім келеді. Баға жетпес құндылықтары арқылы Қазақстанды Еуропа жұртшылығына таныстырамын деп өз алдыма мақсат қойдым. Сіздердің демеулеріңізбен көздеген мақсатымызға нәтижелі жетеміз. Әсіресе ұлты мен ұлысына, тілі мен діліне қарамай тату-тәтті өмір сүріп отырған көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі әлем жұртшылығының қызығушылығын оятатыны сөзсіз,- деді режиссер.

Университет басшылығы Режис Гезельбашқа Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағын беріп, иығына шапан жапты. Дәл осындай құрмет көрсетілетінін күтпегендігін жасырмаған режиссер, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Кездесу кезінде университет ұжымы Р.Гезельбашпен бірлесіп атқаратын жұмыстардың жоспары жасалды. Жоспар бойынша, режиссер тренинг, шеберлік сыныптары арқылы кинематография, фототүсірілім, деректі фильм түсіру, телеарнаға ақпараттық материалдар дайындау сырын екі апта бойы студенттерге үйретпек. Ал бұл бағытта режиссердің жеткен жетістігі аз емес, тәжірибесі мол. Шығармашылық шеберлігі деректі, көркем және тарихи фильм жанрларын қамтиды. Тіптен фантастика және мультфильм жанрына да бет бұрған. «Тасбақа Ниндзя» мультфильмін ойлап табушылардың бірі де осы  Режис Гезельбаш. Алысқа бармай-ақ, Қазақстан жайлы еңбектеріне тоқталсақ, Тұңғыш Президентіміз жайлы «Идеялар әлемді өзгертеді» деген деректі фильмнің, көпшілікке таныс «Ұлжан» және өзге де кинокартиналардың режиссері. Франциядан білікті маманның арнайы келуін университет басшылығы студенттерді оқыту үрдісін жетілдіру барысындағы алғашқы қадамдардың бірі деп бағалауда. «Көкжиекті кеңейту» бағдарламасының аясында ЖОО қабырғасында «Өнер мектебі» жобасы жүзеге асады. Ол жоба арқылы университет ұжымы әлемдік деңгейдегі мамандарды шақырмақ. Алдағы уақытта әлемге әйгілі саясаткерлер мен экономистердің, дипломаттардың келуі жоспарланған.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС