Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

29.07.2016
FacebookWhatsappTelegram

Су – тіршілік көзі. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету — маңызды мәселе. Осы бағытта тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша күш салынуда. Сәрсенбі күні Семей қаласының шетінде орналасқан 666-шақырым тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш орын алды. Өйткені мұнда су құбыры тартылып, колонка орнатылды.

Аталған ауданның отызға жуық отбасы жиырма жылдан астам уақыт тіршілік көзіне зар болып, ауыз суды тасымалдап пайдаланып келген. Енді сапалы ауыз суды тұтынуларына мүмкіндік туды.

— Мен сияқты жалғыз басты зейнеткер үшін су құбырының болмауы қиындық туғызды. Осыған дейін 5-6 шақырым жердегі Кирпичный кентінен су тасып ішкен едік. Оның қыс мезгілінде қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Су мәселесімен 2004 жылдан бері айналысып келе жатырмыз. Әкімдікке, депутаттарға өтініш айттық. Бізге ауданымыздың картада жоқ екенін, сондықтан әзірге «Ақбұлақ» бағдарламасына ену мүмкін болмайтынын жеткізді. Ал осы көктемде біз депутатымыз Марлен Көкрекбаевпен кездескенімізде, мәселемізді шешетінін айтқан болатын,- дейді 666 шақырым тұрғыны Қайша Тлеубаева.

Бүгінгі күні халық қалаулысы, «Қазақстан темір жолы» АҚ және қалалық әкімдіктің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде аталған мәселе толығымен шешімін тапты. Бұл жұмыстар компания мен тұрғындардың жинаған қаражаты есебінен жүргізіліп, жақын маңдағы су арнасынан тартылды.

— Бұл жерде 25 жылдай ауыз су болмаған еді. Бүгін бұл мәселе шешімін тапты. Су темір жол компаниясының орталық су арнасы желісінен келіп отыр. Тариф, есептегіш құралдары сынды барлық жұмыстар реттелді. Енді тұрғындар өз қаражаттары есебінен үйлеріне су құбырын жүргізетін болады. Бүгінгі күні 27 тұрғын үйдің үшеуі үйлеріне су кіргізіп алды,- деді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов тұрғындармен кездесу барысында. — Бұл — тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысатын депутаттардың жеңісі. Біз тұрғындарды құттықтадық және олардың басқа да мәселелеріне назар аудардық. Бұл ретте олар қоғамдық көліктердің қатынасына көңілдері толмайтынын айтты. Алдағы уақытта осы мәселемен айналысатын боламыз. Қазір желілердің бағыты бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында 666-шы  шақырым тұрғындарының өтініштерін ескеретін боламыз. Бүгінде қала көлемі ұлғайып келе жатыр, сондықтан бұрынғы желілердің бағытын қайта қарастыруымыз керек.

Ал 666 шақырым тұрғындары ауыз судың сапасына және жергілікті биліктің қоғамдық көліктердің желісін жаңартудағы бастамаларына ризашылықтарын білдірді.

— Бұл жерде тұрып жатқаныма бес  жылдың жүзі болды. Осы уақытқа дейін ауыз суды 44-ші автобустың соңғы аялдамасынан көлікпен тасып пайдаланған едік. Ауданымызға көктем мен қыс мезгілінде көліктер кіре алмайды. Суды мейлінше үнемдеп пайдаланып келдік. Енді қала әкімі мен біздің округтен сайланған депутатымыздың жүйелі жұмысының нәтижесінде бұл мәселеміз толықтай шешімін тапты. Су құбыры жылдам, айналасы бірнеше күн ішінде орнатылды. Әр отбасынан 28 мың теңгеден жиналды, алайда бұл қаражатты біз қымбатсынып отырған жоқпыз. Өйткені біз сапалы ауыз суға қол жеткіздік,- дейді Әсел есімді тұрғын.

666- шақырым тұрғындары енді бау-бақша салып, мал өсіруді де жоспарлап отыр. Су тіршілік көзі деген — осы.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС