Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ: СЕМЕЙДІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

02.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Павел Казанцев жұмыс сапарымен Семей қаласына келді.

Сондай-ақ семейліктермен болған кездесуге Жолдау жүктеп отырған міндеттер арқау  болды. Халық қалаулысы кездесуде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың бағыттарына түсіндірме бере отырып, елімізде жүзеге асырылып жатқан экономиканы әртараптандыруға бағытталған ауқымды істерге тоқталып өтті. Павел Казанцевтің айтуынша, Парламент Мәжілісінің депутаттары қызметке кіріскеннен бері осы уақытқа дейін жиырмадан астам заң жобасын қабылдаған. Қазір халық қалаулылары жазғы демалыста. Дегенмен Елбасының тапсырмасымен өңірлерді аралап,  тұрғындардың ахуалымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысуда.

Кездесу барысында халық қалаулысы келешекте мұнай экономиканың негізгі қозғаушы күші болудан қалатынын, сол себепті Қазақстанға экономиканың негізгі тетігін өзге салалардан қарастыру керектігін де атап өтті. Осы ретте депутат Мемлекет басшысы Н.Назарбаев аталған мәселеге қатысты нақты тапсырма бергенін де жеткізді. Осы ретте мысал келтірген депутат Шығыс Қазақстанда балық өнімдерін экспорттайтын жалғыз кәсіпорынның барын айтып, оның өңір үшін тым аз көрсеткіш екенін атап өтті.

— Бүгінгі күні Зайсандағы балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорынның өніміне көрші Қытай елінде сұраныс өте жоғары. Олар мұздатылған балық түрлерін тонналап алып жатыр. Өңірдегі қайта өңдеу саласында да мол мүмкіндіктер бар. Ауыл шаруашылығы саласында жандандыра түсу қажет. Қазір Қазақстанға 40 пайыз ет өнімдері сырттан тасымалданады. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар еліміз әлі күнге дейін ет өнімдерін шетелден тасымалдайды. Сол сияқты шұжық өнімдерінің 40 пайызы Ресейден жеткізіледі. Міне, осы бағыттарда жұмыс жасауымыз керек, — деді П.Казанцев.

Парламент мәжілісінің депутаты П.Казанцев бүгінгі күнде бүкіл әлемде басты қауіпті мәселеге айналып отырған терроризм мен экстримизм мәселесіне де жіті назар аударылып отырғанын айтты. Ол бұл бағыттағы жұмыстар Елбасы Н.Назарбаевтың жіті назарында екенін, алдағы уақытта «Терроризмге қарсы күрес заңы» қайта қаралатынына тоқталды. Кездесуде әлеуметтік сала назардан тыс қалған жоқ. Депутат бұл тұрғыда «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы қаралып, дегенмен мәжілісмендер құжаттың «шикілігіне» байланысты қайта қарауға жіберілгенін жеткізді. Басқосуда кірісті жаппай декларациялау мен Парламенттің жаңа ақпараттық саясаты да сөз болды.  Оның айтуынша, алдағы қыркүйек айынан бастап Парламенттің пленарлық және комиссия отырыстары тікелей эфирде көрсетілетін болады. Бұл Парламенттің жұмысын ашық көрсетіп, халықтың ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік бермек.

Халық қалаулысымен болған кездесуде Семей полигонынан зардап шеккендерге жеңілдік, жергілікті өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы реформасы, пайдаланылмай жатқан жер мәселелері көтерілді. Депутат алдағы уақытта барлық мәселер бойынша жұмыстар атқарылып, заң нормалары қабылданарда ескерілетінін жеткізді.

Павел Казанцев осыған дейін Өскемен қаласында, Күршім мен Катонқарағай аудандарында болған. Кездесу барысында  ішкі туризмді дамыту, балық, ағаш өңдеу салалары, ауылшаруашылық саласын өркендету мәселелері көтерілген. Халық қалаулысы Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында өңірдің туристік нысандарға бай екенін аңғарған. Ерекше архитектурасы мен бірегей табиғи ландшафт кез келген адамның көз жауын алатынын айтқан мәжілісмен облыста ішкі туризмді дамыту үшін қызмет көрсету аясын жақсарту керек. Депутат бұл ретте алдымен жолдарды жөндеп, инфрақұрылымды жақсарту маңызды дейді.

— Өңірдің туристік әлеуеті жоғары. Дегенмен бұл салада ұйымдастыру мен инфрақұрылым мәселелері орын алып отыр. Туризмді дамыту үшін алдымен инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Сіздерде аралайтын көптеген нысандар бар. Семей экономикалық және мәдени тарихы бай өңір. Бұл артықшылықтар сіздерге қаржы әкелетін қалталы туристерді тартуға көмектеседі. Халықаралық спорттық шараларды ұйымдастыруға да болады. Яғни  Семейдің әлеуеті өте жоғары. Туризм дамығанда елімізге қосымша қаржы түсіп, мұнайға тәуелді болмаймыз. Бүгінде Елбасы да әр өңірді шикізатқа тәуелділіктен арылтудың баламасын табуды жүктеп отыр, — дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев.

Семей шаһарына сапары аясында Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев қаланың кәсіпкерлерімен де кездесті. Шағын және орта бизнес өкілдерімен болған басқосуда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің осы уақытқа дейін атқарған жұмысы, алдағы жоспарлар сөз болды. Басқосуда еліміздің экономикалық әлеуеті де ортаға салынды. Алдағы жоспарлар, жүзеге асырылып жатқан жобалар айтылды. Кездесу барысында П.Казанцев жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

5 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС