Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

05.02.2014
ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
FacebookWhatsappTelegram

Халқымызда «Жас келсе іске» деп бекер айтылмаса керек. Іскерлігі мен ақылын ұштастырып, ертеңгі болашағын бүгін қалыптастырып, тереңнен толғанып,  ойлайтын жастардың қатары көп қазір.    Дарынды, жалынды жастар әсіресе, журналистика саласында алдыңғы толқынның салып кеткен соқпағын сүрлеуге айналдырып, сенім үрдісінен шығып келеді. Әлбетте, бұл    Семей қаласының жастарына қатысты.

 

2012 – ші жылы «Семейде облысқа тарайтын «Шығыс шұғыласы» газеті жарыққа шығады» дегенде қолына қалам ұстаған қауымның көпшілігі «бәрекелді» десе, кейбірі күдікпен қарағаны күні кеше еді. Бүгінгі жастардың шығармашылығын, ой толғамын, тынысын, талғамын, талпынысын қалың бұқараға жеткізуге бел буған бір топ жастар шоғырының еңбегі жанып,  жарыққа шыққан басылым біраз жастың назарын өзіне аударған – ды.

Қашан да жастар қауымының қолдаушысы һәм қорғаушысы бола білетін қала басшысы Айбек Кәрімов таяуда жас басылымның шығармашылық тобымен арнайы жүздесті. Кездесуде жүректің қалауымен журналистика саласына жаны жақын жастардың басын біріктірген басылымның бір жылдағы атқарған жұмысы жайында сөз өрбіді. Қазір «Шығыс шұғыласында» түрлі тақырыптарға түрткі болып жүргендердің дені      студент жастар. Қолына қалам алып, қоғамның қозғаушы күші болуға бел буған жастардың алғашқы қадамы қарымды. Газеттің жарыққа шығу   идеясын ұсынып, бастамашы болып жүрген Айбек Қосанов.

 

{jcomments on}-  Басылым жаңадан құрылса да, өзіндік бағыт – бағдарын, мақсат – мүдделерін орайластыра білді. Қаладағы жастар саясаты мен жастар тарапынан атқарылған жұмыстар жайлы айта отырып, бірқатар мәселелер көтердік. Журналистика мамандығында оқитын онға жуық жас студенттер осы газеттің жарыққа шығуына ерікті түрде қызмет атқарып келеміз, — деп атап өтті газетті қала әкіміне таныстыру барысында Айбек Қосанов.

 

Жүздесуде қала басшысы тек қана журналистика саласы емес, ұлт, рух пен руханият, патриоттық тәрбие төңірегінде келелі ой өрбітті. Әсіресе, Айбек Мүталапханұлы қазақ қыз – жігіттерінің бүгінгі келбеті, тәлімі мен тәрбиесі, талғамы тұрғысында өз өмірлік ұстанымын жеткізді. Бүгінгі қазақ қыз – жігіттерінің бітім – болмысына деген жастардың да пікірін білді, ұстанымын тыңдады.

Жастармен жұмыс — Айбек Мүталапханұлының еңбек жолының бір баспалдағы. Біраз жылдар жастардың жайына, жағдайына қатысты ауқымды бастамалар көтеріп, тындырымды іс атқарғанын сол кезде комсомолдың қатарында болғандар жақсы біледі.   Сондықтан, қала басшысына жастар тұрғысындағы мәселелер таңсық емес. Айбек Мүталапханұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жас журналистерге, әсіресе, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы сияқты салаларды саралап, еңбек адамдарының өмірін нақты көрсету керектігін де тілге тиек етті.

Қала әкімі қазір мемлекеттің тарапынан  жастарға қай жағынан болмасын қолдау бар екендігіне де кеңінен тоқталды.  «Алма піс, ауызыма түс», — деп қарап отыратын емес, тер төгемін, теңге табамын  деген талабы бар жастарға мемлекеттің тарапынан айтарлықтай көмектің көрсетіліп, кез келген саламен айналысуға жол ашық екендігіне қала басшысы айрықша тоқталды.

— Биылғы Елбасы Жолдауында жастар мәселесі аз айтылмады. «Мәңгілік Ел» идеясын  іске асыратын да өздеріңізсіздер. Қазақстанның болашағы бүгінгі жастармен айқындалады. Сондықтан, кез – келген істе жасқанбай, жүрексінбей жұмыс бастау қажет. Қандай елде болсын, ең алдымен  ұлттық мүдденің орыны ерекше. Сол сияқты сіздер де ұлттық мүддені ұмытпаңыздар. Мәңгілік еліміздің мәртебесін биіктетіп, мәңгілік тілімізді құрметтесек, Президентіміз айтқан «Қазақ елі» атанамыз, — деді Айбек Мүталапханұлы кездесу барысында.

Қала басшысы іс тындырамын, өз үлесімді қосамын, қоғамға пайдам тисін деген жастарға бұл заманда еркіндік беру керектігін тілге тиек етті. Әлбетте, еркіндік екен деп еркінсіп  кетуге де болмас. Ой – пікірдің, бағыт – бағдардың еркіндігі іс қыламын деген жасқа ерік – жігер қосатыны анық. Бірақ, Айбек Мүталапханұлы айтқандай, өз- өзіне әрқашан бақылау жа-сауды да ұмытпауы керек.

— Газет шығару оңай іс емес. Үлкен еңбекті, қажыр – қайратты талап етеді. Даңғаза қуған, дақпыртқа әуестік, арзан сенсация абырой әпермейді. Көп басылымдар нақты көзқарас пен объективті тұрғыдан сараптау мен сұрыптауды ұмыт қалдырып, ашылмай жатып жабылады. Жалған айту мен жаңсақ пікірдің соңы  оқырманының көңілін қалдырады.  Қазір халықтың сұранысын мемлекеттік басылымдар орындап отыр, — деп атап өтті  кездесу кезінде Айбек Мүталапханұлы.

Қала әкімінің тағы бір назар аударып, тоқталып өткен мәселесі – өзге елдің жастарымен ара – тұра өзімізді салыстырып тұру. Біреуден ілгері болсақ, жемісті жұмыс нәтижесі, кейін қалсақ қамшы басамыз. Бұл қашан да маңызды.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС