Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖҮЙЕЛІ ІС БАР

12.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы жылға дейін мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру деңгейі жұмыс берушілердің азаматтық көқарасымен өлшенген. Енді жағдай өзгеше болмақ. «Халықты жұмыспен қамту» туралы жаңа Заң талаптарына сай жұмыс берушілер бұдан былай жалпы қызметкерлер құрамында 3 пайыз мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтуға міндеттеледі. Бұл жайында сәрсенбі күні Семей қаласының ақпараттық орталығында Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының  орынбасары Болат Мусиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова шаһардың жұмыс берушілерімен халықтың жекелеген санатын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу мәселесіне тоқталып өтті.

— Мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың бір бағыты – мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасау. Осы мақсатта 2016 жылдың 6 сәуірінде «Халықты жұмыспен қамту» Заңы қабылданып, онда халықтың жекелеген санатына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға квота белгіленген және жұмыс берушілерді квотаға ие тұлғаларды жұмыспен қамтуға міндеттейді. Оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлініп отыр,- деді өз сөзінде Надежда Шарова.

Аталмыш Заңның 27 бабына сәйкес, халықтың жекелеген санатына мүмкіндігі шектеулі жандар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері  жатады. Оларға жергілікті атқарушы органдар жұмысқа орналастыруға квота белгілейтіндігі де Заңда көрсетілген. Бұл ретте Семей қаласы әкімдігімен 2016 жылдың 6 мамырында «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы қабылданған. Қаулыға сәйкес жұмыс орындарында 3 пайыз мөлшерінде мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылмақ. Сонымен бірге халықтың жекелеген санатына жататын өзге тұлғаларға жұмыс орындарында 1 квота қарастырылған.  Осындай маңызды міндеттерге мән берген қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының  орынбасары Болат Мусин ағымдағы жылдың 7 айлығы бойынша еңбекпен қамту мәселесіне тоқталды.

-Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 107 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш жасады. Соның ішінде 39 адам жұмысқа орналасты. Сонымен бірге 32 мүмкіндігі шектеулі жан қоғамдық жұмысқа қабылданып, оларға  22 859 теңге көлміндегі ең төменгі жалақы тағайындалды. Жастар тәжірибесі бағдарламасына 10 тұрғын, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына 16 адам жолданды,- деді Болат Мусин.

Брифинг барысында қаламызда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалып жатқандығы, ауруханалар мен әлеуметтік мекемелерге, дүкендер пен дәріханаларға  пандустар орнатылғаны жайлы ой қозғалып,  жұмыс жүйелі түрде жалғасатындығы айтылды. Сонымен қатар Заң талаптарына сәйкес жаңа жұмыс орынын ашу үшін жұмыс беруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидия берілетіні де айтылды.

Әйгерім ЖАҚЫП, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС