Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР АРДАГЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

12.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қазақ теміржолының тарихы тағылымға толы. Күні кеше осынау салада ерен еңбек етіп, шойын жолды бүгінгі буынға аманаттаған алдыңғы буынға қашанда құрмет зор. Семей өңірінің теміржолшылары үшін өмірі мен еңбек жолы аңызға айналған сондай даңқты тұлғалардың бірі — Қапсидар Омаров. Артында өлмейтіндей із қалдырған даңқты сала маманының туғанына биыл 100 жыл толады. Міне, осынау айтулы датаға орай аптаның дүйсенбісінде Семейдегі «Түрксіб-Семей» мұражайында теміржол тарланын еске алуға арналған салтанатты кеш өтті. Шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, Семей темір жол бөлімшесінің басшылығы, сала мамандары мен Қапсидар Омарұлының ұрпақтары қатысты.

Қапсидар Омаров Семей белгі беру және байланыс дистанциясында 20 жылға жуық уақыт басшы болған. Жергілікті ұлт өкілінен шыққан алғашқы теміржол саласы басшыларының бірегейі болғандықтан ба, Қ. Омарұлы қазақтың қара домалақтарын шойынжолда қызмет етуге көптеп тартқан екен. Оның тәрбиесін көрген, тәлімін терген теміржолшылардың көпшілігі кейін аталмыш саланың майталмандарына, білікті басшыларына айналды. Бұл жайында Қапсидар Омаровтың еңбектегі ерліктері жайында баяндама жасаған Мақсұт Көшжанов тұшымды жеткізді. Бүгінгі мұражай басшысы, белсенді қарияның өзі де заманында даңқты тұлғаның қол астында қызмет етіп жүрген шақта қамқорлығын көріпті.

Салтанатты жиын барысында ардагер тұлға өмірінің елеулі тұстары жайлы келелі әңгіме қозғалды. Ол кісінің еңбек жолының негізгі ерекшеліктері көп. Атап айтсақ, соғыс жылдарында тұңғыш рет қазақтан шыққан Семейдегі белгі беру және байланыс дистанциясының директоры болған. Сондай-ақ 1964 жылы Мәскеу қаласындағы көрмеде өндірістегі өнертапқыштығы үшін қола медаль иеленген еді.

Еске алу кешінде Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Талғат Еспанов сөз алып, ардагер ағаның тәлімін көрген шәкірттеріне, Қапсидар Омаров қалыптастырған династиялық тізбекке де тоқталып өтті.

-Теміржолшылар арасында ШЧ-да қызмет атқаратын мамандарды, яғни, байланысшыларды «Теміржол интеллигенциясы» деп атау қалыптасқан. Әрине, қызметтің күрделілігіне байланысты аталса керек. Ол заманда бұл қызметке біздің ұлттың өкілдерін «қолдарынан келмейді» деп жібере бермейтін-ді. Бұл қасаң қағиданы алғашқы болып бұзған Қапсидар Омаров болды. Сөйтіп, Қазақстан бойынша тұңғыш рет қазақтан шыққан байланыс саласының басшысы атанды Һәм Қапсидар ағамыз осынау қызметке лайықтап тұтас буынды тәрбиелеп кетті. Мәселен, қазір арамызда отырған Айткен Белгібайұлын баулып, өзінен кейін басшылық қызметке қалдырды. Бүгінгі Семей белгі беру және байланыс дистанциясының жас басшысы Бейбіт Түменғали да, оның әкесі мен ағалары дара тұлғаның ізін жалғастырып, бір ғана аталмыш салада еңбек сіңірді. Қорыта айтқанда, Қапсидар Омаров қазақ байланысшыларының тұтас бір мектебін қалыптастырған тұлға, — деді Талғат Жұманұлы.

Сондай-ақ Қапсидар Омарұлымен 1950 жылдары бірге еңбек еткен, сол жылдары  Семей белгі беру және байланыс дистанциясының аға инженері болған, бүгінде жасы тоқсаннан асқан ардагер Дмитрий Литвиненко да сөз алып, естеліктерімен бөлісті. Бүгінде сағынышқа айналған ағаның жұмыс істеу тәртібі, жастарға жасаған қамқорлығы жайында ой өрбітті. Әйтсе де Қапсидар Омарұлының өмірі тым қысқа болды. 1967 жылы кенеттен дүние салды.

Аталмыш басқосуға сонау Мәскеу қаласынан және еліміздің өзге қалаларынан Қапсидар Омарұлының қыздары Әлия мен Роза арнайы келген екен. Әке жайында естеліктерімен бөліскен ұрпақтары тағылымды іске ұйытқы болған Семейдегі теміржол саласы басшыларына алғысын білдірді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС