Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

РЕЙД ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

12.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қыс қыр астында екенін ескерсек, кезекті жылыту маусымына да аз ғана уақыт қалды. Тұтынған жылуға қарызы барлармен жұмыс жалғасын тауып, сот орындаушылары, учаскелік полиция және арнайы жасақталған топ жыл басынан бері қала бойынша күнделікті рейд өткізуде. Соңғы екі күнде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов рейд барысында жылуға берешегі бар және жылу көзінен ажыратылған 10-нан астам нысанға арнайы барды.

Қазіргі таңда қарапайым тұрғындармен бірге берешектер қатарында ірі мейрамхана кешендері, банктік құрылымдар, бильярд және кафе мен дүкендер бар. Облыс әкімінің тапсырмасымен «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы дебиторлық қарызды қайтару қарқыны күн сайын қарқын алып келеді. Әсіресе жылуға көп мөлшерде қарыз қолында қаражаты бар кәсіпкерлер екенін несін жасырамыз. Арнайы жасақталған рейд құрамымен бірге облыс және қала басшылығын көрген борышкер кәсіпкерлер қарызды қайтару кестесі бойынша төлем жасайтындарын жеткізсе, бәз біреулері жауаптан жалтарып, басшылармен бетпе бет жүздесуге орынбасарларын жіберді.

— Алдын ала хабарлама ала отырып, жұмыс орындарына басшылықтың келуін теріс қабылдаған кәсіпкерлердің бұл әркеті – жауапсыздық. Мұндай көзқарасқа біз де тиісінше жауап қайтарамыз. Жылудан ажыратылған нысандарға техникалық жағдай жасалынбайды. Босатылған жылу мөлшері үшін жылуға қосылуға ниетті көптеген өзге кәсіпорын нысандары бар. Сондай-ақ біз мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге тырысамыз. Жеке сот орындаушыларының жұмысы да шамалы. Бүгінгі істеп отырған жұмысымыз сот орындаушыларына тиесілі. Бірқатар нысандарға қатысты сот шешімі шыққан. Сол нысандарға барып, кассаларын бұғаттаулары керек. Бұл мәселелерді біз прокуратура, сот орындаушылар палатасы арқылы шешетін боламыз. Жүйелі жұмыс жүргізе алмаған сот орындаушыларын лицензияларынан айыруға дейін барамыз,- деді облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Димитрий Гариков жылыту маусымы жақындаған сайын рейд жұмыстары жиілей түсетіндігін тілге тиек етті. Себебі қарқынды жұмыс жылдар бойы жинақталған дебиторлық қарызды қайтарып, мәселені шешуге жол ашады. Ал жауаптан жалтарғандарға қатаң түрде шара қолданылады.

— Жылыту маусымы басталғанша біз қарызды толықтай қайтарып алуымыз керек. Себебі сол қаражатқа көмір алынады және жылу қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу берушілерге жалақы төленеді,- деп атап өтті Д. Гариков.

Жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың арқасында  «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы дебиторлық қарыз көлемі қысқарды. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында қала бойынша 1400 жеке кәсіпкерлік нысандары берешек болса, қазіргі таңда сандық көрсеткіш өзгеріп, 138-ге дейін қысқарған. Десе де жеке және заңды тұлғалардың  «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы берешегі 400 млн. асып жығылады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС