Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САБАНТОЙ — ЕҢБЕК ПЕН ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ

16.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жексенбі күні Татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой жылдағы дәстүр бойынша Түйемойнақ аралында өтті. Биыл 26-шы мәрте ұйымдастырылған атаулы мерекеде татар халқының әні шырқалып, ұлттық ойындарынан сайыс өтіп, келген ағайын тіл үйірер ұлттық тағамдардан дәм татты. Береке мен бірлікке бастайтын мерекеге Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қатысты. Сондай – ақ Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Сергей Анненков та мерекенің құрметті мейманы болды.

Татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой шаһарымызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіретін дәстүрлі мейрамға айналған. Мереке татар халқының көп жылдық дәстүрлерімен таныстырып, ұлт достығын нығайта түсуде. Мерекенің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов көп ұлтты елімізде ұлттардың достығы мен қарым-қатынасын сақтап, түрлі ұлт өкілдерінің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне барынша жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

— Бүгін ынтымағы жарасқан, киелі өлкеде біз «Сабантой» мерекесін тойлаудамыз. Халқымызды бейбітшілік пен достыққа, береке-бірлікке шақыратын бұл мереке біздер үшін қымбат. Сондықтан баршаңызды құттықтап, мықты денсаулық, амандық тілеймін, — деп атап өткен Ермак Бидахметұлы, — Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың салиқалы, сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінде елімізде татулық пен тұрақтылық сақталып келеді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру арқылы ұлттар достығының тамаша үлгісін әлемге таныта алған елміз. Біздің еліміз Қазақстандағы барлық ұлттардың, барлық ұлыстардың басын қосып, бүгінгі күні қазақ жерін өзінің ежелгі мекеніндей, туған еліндей көреді. Бұл — барлық ұлттарды бауырына басқан көңілі көлдей қазақ халқының жеткен жетістігі. Бүгін ынтымағы жарасқан қаламызда Сабантой мерекесін кезекті рет атап өтуде. Халқымызды бейбітшілік пен достыққа, салт-дәстүрін ұлықтауға шақыратын бұл мейрамның, барлық ұлттардың мерекелері сияқты, біз үшін алатын орны ерекше. Сондықтан да баршаларыңызды Сабантой мерекесімен құттықтаймын. Екінші кезекте сөз алған Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы бас консулы Сергей Анненков Консулдық атынан барша татар халқын ұлттық мерекемен құттықтап, мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Бұл мереке татар халқының ұлттық құндылығын әрі тарихын айшықтай түседі. Жыл сайын Сабантай мерекесін атап өту дәстүрі ұлғайып келеді және ұлттардың басын біріктіретін бірден – бір мереке екенін айта кетуіміз керек. Мереке әр отбасына қуанышын, жақсылығын алып келсін, — деп атап өтті Сергей Анненков.

— Сабантой мерекесі татар қоғамдық орталығы құрылғаннан бастап дәстүрлі түрде жыл сайын аталып өтіп келе жатыр, — дейді Татар өнер мектебінің директоры Ғабдулхақ Ахунжанов, — Сабантой — отбасылық мереке. Сабантой тек татар халқының ғана мерекесі емес. Ол барша ұлттардың  басын қосып, халыққа қуаныш сыйлайды. Ең бастысы, халықтар арасында достық пен өзара түсіністікті қалыптастырады. Айтулы шараға Павлодар, Өскемен қалаларынан да мәртебелі меймандар қатысты. Ал мерекелік бағдарлама қаланың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етті. Мерекенің көркін кіргізетін татар халқының ұлттық ойындары — татар күресі, арқан тарту, гір көтеру, қол күрес және тағы да басқа көптеген спорттық ойындар ойналды. Сабантойға келген қалалықтар татар ұлтының ұлттық тағамдарынан дәм татып, көркемөнерпаздар концерті мен фотокөрмені тамашалап, ойындарға қатысты.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС