Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӘСІПКЕРЛІК ҚАНАТ ЖАЮДА

25.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен сәрсенбі, 24 тамыз күні Семейде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорындарға пресс–тур өткізілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» қоры аймақтық филиалының директоры Тимур Екеев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Семей қаласы филиалының менеджері Анжела Маслова мен кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Әмина Сыздықова бастаған топ және БАҚ өкілдері бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған мекемелердің жұмыс барысымен танысты.

Бірінші болып жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Айналайын» шағын орталығына барды. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемесі 3 жастан 5 жасқа дейінгі 180  балаға тәрбие беруде. Мұнда бүлдіршіндерді оқыту мен тәрбие беруге барлық жағдай жасалған. Ұжымда арнайы дайындалған білікті мамандар жұмыс істейді. «Айналайын» шағын орталығының құрылтайшысы Еділ Кенжеғалиевтің айтуынша, шағын орталық ашу ойы аудандағы балабақшаға деген сұраныстың жоғары болуынан туындаған.

— Шағын орталық ашу үшін қаражат қажет болып несие алу мақсатында банк қызметіне жүгінген болатынбыз. Онда «Даму» қоры арқылы мемлекет тарапынан жақсы қолдау барын естіп білдік. Нәтижесінде қажетті қаражатқа ие болық. Қазір несиенің 7 пайызы «Даму» қормен субсидияланады. Бүгінгі күні 10 млн. теңге көлемінде субсидия алып үлгердік, — дейді жас кәсіпкер Еділ Кенжеғалиев.

Балабақша заман талабына сай үштілде білім беруді қолға алған. Сондай-ақ логопед, психолог мамандар қызмет жасайды. Сонымен қатар жеке ағылшын бөлмесі де бар. Жұмыс жасап жатқанына көп бола қоймаса да шағын орталық тәрбиешілері жақында Алматы каласында балабақшалар арасында өткен республикалық сайысқа қатысып, бас жүлдені ұтып алыпты.

Семейлік кәсіпкер Еділ Кенжеғалиев ашқан екінші балабақша 70-ықшам ауданындағы «Балапан» шағын орталығы. Әлеуметтік нысан 120 орынға шақталған. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Кеңес заманынан бері сақталған балабақша ғимараты бұрындары жеке меншік ұйымдардың кеңсесі, ал нысан аумағы автокөлік тұрағы болған. Кейін ғимарат жеке кәсіпкердің қолына өтіп, күрделі жөндеу жүргізіледі.

— «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жұмыс орнын ашуға үлкен көмек көрсетіп отыр. Қазір екі шағын орталықта жетпіске жуық адам қызмет атқарып жатыр, — дейді. «Айналайын» шағын орталығының меңгерушісі Айгүл Туткышева.

Сонымен қатар БАҚ өкілдері «АндроМеда» медициналық клиникасына да барды. Медициналық мекеме урология мен геникология бағыттары бойынша емдейді және диагностика жүргізеді. «АндроМеда» медициналық клиникасының директоры Қайрат Мұқашевтің айтуынша, мекеме «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 11 млн. теңге несие алған. Аталған қаражатқа мекеме қызметі ұлғайтылып, заманауи медициналық құрылғылар да сатып алыныпты.

— Мекеме 2006 жылы ашылып,  қазіргі таңда тұрғындар арасында танылып үлгерді. Осы уақытқа дейін мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 1,5 млн. теңге көлемінде субсидия алдым. «Даму» қоры бағдарламасының арқасында жұмысымыз кеңейіп, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алдық, — деген, Қ.Мұқашев болашақта да мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өз ісін жандандыра түсіруді көздеп отыр.

Пресс — тур аясында БАҚ өкілдері «Жан — Ер» медициналық орталығына атбасын бұрды. Бүгінде жүзден астам қызметкері бар мекеме алғашқыда жалғыз тіс емдеу бөлмесінен басталған.

— Осыдан 10 жыл бұрын жалғыз креслосы бар тіс емдеу бөлмесін ғана ашқан болатынмын, — деген клиника директоры, жоғары дәрежелі тіс-дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Съезбек Ахметов, — Уақыт өте келе емдеу орындарын көбейттік. Алайда одан әрі қарай ұлғайуға мүмкіндігіміз болмады. Дегенмен жоспарымыз көп болатын. Осыдан кейін  субсидия алу үшін «Даму» қорының көмегіне жүгіндік. Бұл 2013 жыл еді. Міне, осы кезден бастап жоспарымыздың барлығын «Даму» қорымен жүзеге асырып келе жатырмыз. Айта кетуіміз керек, осы қолдаулардың арқасында жеке ғимарат алып, қызмет түрін арттыру үшін заманауи қондырғыларға қол жеткіздік.

«Жан — Ер» медициналық орталығы өткен жылы 37 млн. теңге көлемінде субсидия алған. Ал ағымдағы жылы ВТБ Банкі 146 млн. теңгенің несиелік жобасын бекіткен. Аталған қаражатқа қосымша ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, 20 орынға арналған күндізгі стационар іске қосылмақ. Ал «Даму» қоры несиені субсидиялауды жоспарлап отыр.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС