Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАЙ ШАҢЫРАҚТАРЫ ШАҚЫРҒАН КҮН

25.08.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей жұртшылығы 23 тамыз күні ұлы Абайдың туған күнін атап өтті. Қазақтың бас ақынының дүниеге келген күнін ұлықтау шаралары биыл өзгеше сипат алды. Өзгешелігі сол, шаһарымыздағы ақын есімін еншілеген шаңырақтар бас қосып, арнайы әзірленген бағдарлама бойынша бірқатар игілікті шараларды жүзеге асырды.

Сейсенбі күні зиялы қауым өкілдері, қала басшылығы, ақын есімін еншілеген шаңырақтардың ұжымы, абайтанушылар, ақын-жазушылар, кітапханалар мен мәдениет үйінің ұжымы, қала тұрғындары ең алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.

Мерекелік шара Абай мұражайында «Шыңғыстау» сурет-галереясының таныстырылымымен жалғасын тапты. Сонымен қатар, музейде «Экспонат тарихы» жобасы аясында Абайдың түпнұсқа суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Нақтырақ айтсақ, ғұламаның 1896 жылғы фотосуретіне және ақынның ұлы Мағауияға жазған хатына биыл 120 жыл толып отыр. Алғашқы фотосуретте Абай ұлдары Ақылбай және Турағұлмен бейнеленген. Сурет Семейдегі Н.Кузнецев фотосалонында түсірілген екен.

Дана, дара тұлғаны, жалпы қазақты әлемге танытқан Мұхтар Әуезов жәдігерді Қайым Мұхамедханов арқылы музей қорына табыстаған. Екінші суретте ақынның ұлы Мағауия, ортаншы баласы Турағұл, әйелі Еркежан, баласы Ақылбайдан туған Әубәкір, оның жұбайы Кәмәлия, Ақылбайдың қызы Пәкизат. Бұл суретті де музей қорына заңғар жазушы М.Әуезов өткізген.

Ал хатқа келер болсақ, ол осыдан 120 жыл бұрын ақынның ұлы Мағауияға жазған хаты. Оны Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Амантай Исин қордағы жазбаларды оқып отырғанда тапқан екен. Мерекелік іс – шара аясында мұражайда ақын өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін шолу экскурсиялар ұйымдастырылды.

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхансында «Абайды оқы, таңырқа» атты библиокеруен жүргізілді.

Ақын туған күнінен арналған мәдени іс – шаралар «Абай шаңырақтары шақырады!» атты мерекелік кешке жалғасты. Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев айтулы күнмен барша қонақтарды құттықтады.

— «Саусақ біріксе, ине ілінеді» демекші, Абай есімін еншілеген шаңырақтардың бірігіп жұмыс жасауының арқасында биыл да ақын туған күні жоғары деңгейде атап өтіліп отыр. Бұл 175 жылдық меретойға дайындық. Абай — дана, Абай — дара қазақта. Ақынға әрдайым жағары дәрежеде құрмет көрсетуіміз керек,- деп атап өтті Берік Көпбайұлы.

Келесі ретте сөз алған «Абай» қорының президенті Отантай Кәрібжанов дана тұлғаның даралығына тоқталды.

— Адамзат өркениетінің алтын қорына мәңгілік асыл мұра қалдырған біртуар кемеңгер Абай Құнанбайұлы 171 жыл бұрын өмірге келді. Қазағын жаһанға танытқан ұлы ақынның жауһар жырлары уақыт алыстаған сайын туған халқының мәртебесін асқақтата түсті. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Абай сөзі қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы халқымыздың асыл қазынасы» деген ұлағатты сөздері ұрпақ үшін ардақты да абыройлы аманат екені айқын. өсіп-өркендеуді мақсат еткен адам ең әуелі Абайды оқып, құлақ асуы парыз,- деді Отантай Кәрібжанұлы.

Шара барысында Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театры ұжымы «Абай» трагедиясынан үзінді қойса, жергілікті сурет, қолөнер шеберлері «Шеберлер ауылы» атты көрме-сатылым ұйымдастырды. «Абай» өнер мектебінде тоғызқұмалақ пен дойбыдан Шығыс аймақтық жекелей біріншілігі болып, «Әсемпаз болма әр неге..» атты бөлімде А.Құнанбайұлы шығармалары өзге тілдерде орындалды. Ақындар шеруі де өтті.  Қазақы дәстүрмен жастар алтыбақан теуіп, мұражайдың күмбезді залында ақын туралы фильмдер көрсетілді. Бір сөзбен айтсақ, биылғы ақын туған күні өзгеше өрбіді.

Әйгерім ЖАҚЫП, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

6 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС