Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА…

05.02.2014
ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА…
FacebookWhatsappTelegram

Өткен бейсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімов қалалық Достық үйінде этномәдени орталық мүшелерімен кездесті. Кездесу мақсаты – этномәдени бірлестіктермен бірлесіп өткізген жұмыстарды қорытындылау, алдағы уақытта өткізілетін шараларды Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы аясында жоспарлау.

Дөңгелек үстел басына жиналғандар өткен жылғы жұмыс қорытындылары жайлы айтып өтіп, Жолдау аясында жүзеге асатын жоспарларымен таныстырды. Татар қоғамдық орталығын қалыптастырушы Ғабдулғазиз Ахмеров    Елбасы Жолдауы бүгінгі күнге дейін халықтан қолдау тауып, межелі түрде орындалған, бұл жолы да жоспар бо-йынша жүзеге асыратындығымызға сенімдіміз деді:

— Татар орталығы ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Өткен жылы өздеріңіз білетіндей Сабантой өткіздік. Орталық мүшелері қалада өткізілетін барлық шараларға белсене қатысады. Ардагерлер қаланың бүгінгі тынысынан хабардармыз. Сонау алғаш Тә-уелсіздік алған жылдары өнеркәсіп орындарының жұмысы тоқтап, тауар, азық-түлік жетіспеушілігі орын алған кезең  бәріміздің есімізде. Ол күндер артта қалды. Бүгін біз әлем картасынан ойып тұрып орын алған мемлекетпіз. Бізді әлем танып отыр. Бұл  Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында қолжеткізген жетістігіміз. Елбасының кезекті Жолдауы әлемдік деңгейдегі тарихи мәнге ие құжат. Біздер, ардагерлер бұл Жолдаудың да бұған дейінгі Жолдаулар сияқты өз уақытында, Елбасы тапсырғандай жоғары дәрежеде жүзеге асатынына сенімдіміз. Өзіміз де жүзеге асыруға атсалысамыз, — деді, Ғ.Ахмеров.

 

{jcomments on}Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рашида Хасанова:

 

— Жолдаудың маңызы — «Мәңгілік Ел» идеологиясы. Мәңгілік Ел деген — сан жылдар бойғы аңсаған арманымыз.  Көпұлтты Қазақстан мемлекетінің түрлі ұлт өкілдері бір үйдің балаларындай тату тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Біздер өз мәдениеттерімізді дамыта отырып, Қазақстанымыздың мәдениетін дамытамыз. Әрқашан есімізде болатын бір ұғым бар: Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сан түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып отырған құтты мекен. Қазақстанның мәдениетін біз жаңғыртуымыз керек. Себебі, бұл біздің идеямыз, — дей келе, әрдайым барлық ұлт өкілдеріне теңдей қарап, мәдениетін дамытуға атсалысатын қала әкіміне алғыс айтып, Түйемойнақ аралы жайлы жаңарған арал семейліктердің тамаша демалыс орынына айналғандығын мақтанышпен сөз етті.

Екінші кезекте сөз алған бірлестік төрағалары қала әкімінің бірлестік мүшелерімен бүгінгі өткізіп отырған кездесуіне алғыс айтып, бұл да болса көпұлтты мемлекеттің бірлігі жолындағы батыл қадам екенін тілге тиек етті. Алғыстарын білдірген қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдары мен ұсыныстарын да ортаға салды.

— Татар халық ансамбльдері облыстық, республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүр. Шет елдерге де арнайы шақыртылып жатады. Бірақ, қаламызда Абай драма театры сахнасы біздің ансамбль үшін жабық. Екіншіден, өнерпаздар аға буын өкілдері, ерте ме, кеш пе ансамбльден кетеді. Жақсы маман ондаған жылдар тәрбиеленеді демекші, бұл іске жас музыканттарды тарту керек. Ол үшін, әрине, еңбекке лайықты жалақы беру мәселесі бар. Сонымен қатар, А.Барабанов, В.Ульянов сынды өнерпаздар бар. Бұл таланттар мемлекеттік марапатқа лайық деп      ойлаймыз.  Жастарымызды ынталандыруды да ескерсек дейміз, — деді.

Ұлттық қолөнер қазақ халқының бір байлығы деп санап, жас буынға қолөнерді үйретіп     жатырмыз деген  Айман Боқпасарова алыс-жақын аудан-аймақтарға сапарға шығу үшін орталыққа көлік берілсе деп өтініш жасады. Сонымен қатар, әжелер арасынан «ЭКСПО-2017» көрмесіне өз үлестерін қосқылары келетіндіктерін білдірді.  Сонымен қатар, орталықтарға қатысты тағы да түрлі сауалдар мен атқарылған істердің қорытындылары баяндалды.

Жиын соңында:  Бүгін біз сіздермен үлкен тарихи мәнге ие құжатты талқылап отырмыз. Ең бастысы бәріміздің мақсатымыз бір, тағдырымыздың ортақ екенін түсінгеніміз абзал. Елбасымыздың «Алдымен экономика, содан соң саясат» деген сөзін назарға ала отырып, жұмыс жасаудамыз. Тәуелсіздік алған сәтте Елбасымыз: «Ең басты құндылық —  бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау» деген болатын. Осы уақытқа дейін біз бір Қазақстан халқы болып қалыптастық. Біздің ендігі ортақ мақсатымыз Семей қаласын, Қазақстан Республикасын гүлдендіру болмақ. Бүгін бір адамдай Жолдауды талдап, жүзеге асырамыз деп отырғандықтарыңыз мені қуантып отыр,- деп өз ризашылығын білдірген қала әкімі, сауалдарға қатысты өнерпаздарды мемлекеттік марапатқа ұсынуды қолға алу керектігін, «Ахау-Семейге» шағын автобустың берілетіндігін айтты.

Кездесу барысында  бірлестік мүшелері Қазақстан Халықтары Ассамблеясы          Кеңесінің орыс, казак, славян үйлестіру    кеңесінің төрағасы Юрий Захаровтың тапсырмасымен қала әкіміне барлық этномәдени бірлестіктердің достығын нығайтуға қос-қан үлесі үшін қазақ-казак жігіттері қатысқан Ұзын-Ағаш көтерілісінің 150 жылдығына орай «Сарыбай би –Айдосұлы» естелік медалін табыстады. Бір айта кетерлігі, бұл медаль бірінші рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілсе, екінші біздің қаламыздың әкімі Айбек Кәрімовке ұсынылып отыр-ған  көрінеді.

Жиын соңында жоспарларымен бөліскен бірлестік мүшелері алдағы 22 наурыз, 9 мамыр сынды ауқымды мерекелерге арналған өздерінің мерекелік шаралары бар екендігін де атап өтіп, қала әкімінің рухани қолдауы этномәдени орталықтар үшін демеу екенін жеткізді.

Түрі мен түсіне, тілі мен діліне қарамай,  «идеологиямыз ортақ» деген орталық мүшелеріне қарап, «…Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген ойға шомдық. Бірлігіміз бен татулығымыз «Мәңгілік Елдің» мақсаты жолында мәңгі жасасын!

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС