Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КОНФЕРЕНЦИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ СЕМЕЙДЕ

02.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

29 тамыз күні Астана қаласында «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференциясы өткені мәлім. Айтулы жиын Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналған болатын. Ал тамыздың 31 күні аталмыш конференцияның қатысушылары Семейге арнайы келіп, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Семей өңіріне арнайы келген конференция делегаттары 60-қа жуық адамнан тұратындығы анықталды. Олардың қатарында шетелдің жетекші БАҚ-мен БҰҰ-ның өкілдері, қоғамдық ұйымдардың белсенділері және ядролық қарусыздандыру мәселелерімен айналысатын бір топ шетелдік мамандар болды. Ең әуелі мәртебелі меймандар шаһардағы Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты мен Өңірлік онкологиялық диспансерінде болып, бірегей нысандардың жұмысымен танысты. Бұдан кейін шетелдік меймандар Семей мемлекеттік медицина университетіне аялдады. Мұнда делегаттар Бейбітшілік мұражайындағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына арналып жасалған экспозицияны көріп, сынақ алаңына қатысты құнды мәліметтерге қанықты. Университет ректоры Төлебай Рақыпбеков, полигон жарылыстарының салдарына кеңірек тоқталып, сынақтардың шегерілуіне сеп болған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына қатысты ақпаратпен бөлісті. Кездесудің жалғасы ретінде құрметті қонақтар медицина университетінің жетістіктерімен танысып, оның материалдық-техникалық базасын өз көздерімен бағамдап көрді. Сондай-ақ «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясының қатысушылары Қазақстандағы антиядролық бағыттағы саясат туралы өз ойларын ашық білдірді. Олардың пікірінше, әлемде бейбітшілікті орнатуға талпынған қазақ елінің ұстанған саясаты дұрыс әрі өзге мемлекеттер үлгі алуы тиіс.

— Бұл менің Қазақстанға 9-шы рет келуім. ҚР Президенті көтерген бастамалар өзекті әрі өміршеңдігімен құнды. Нұрсұлтан Әбішұлының атом қаруын қолданбау мен оны таратпауға қатысты жарияланған Манифесті тек қана аймақтық емес, сонымен қоса жаһандық маңызға ие. Екі күн бұрын мен кезінде Семей ядролық сынақ алаңында әскери борышын өтеген, бұрыңғы Кеңес жауынгерімен тілдескен едім. Мен одан егерде соғыс болған жағдайда сізге ядролық қаруды қолдануға мүмкіндік берілсе, қайтер едіңіз деп тікелей сұрадым. Ол маған қысқаша бұйрықтың аты бұйрық деп қайырды. Міне, сол себепті Қазақ елі көшбасшысының әлемдік қауымдастық алдына қойған идеялары қаншалықты маңызды екендігін бағамдай беруге болады. Осы мәні мен маңызы басым Манифесті жаһанның әр бұрышына жеткізуді мен өзімнің борышым ретінде санаймын, — деп нақтылады Норвегиядан келген заңгер Урсула Гелис.

Бұдан бөлек шетелдік делегаттар Түйемойнақ аралында болып, «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, сынақ полигондарының құрбандарын бір минут еске алды. Сонымен қоса, қонақтар қаладағы мұражайларды аралап, жергілікті өңірдің тарихына қанық болды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС