Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҢЫР КҮЗБЕН ІЛЕСЕ ҚОҢЫРАУ ҮНІ ЕСТІЛДІ

02.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семей өңірі бойынша бес мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныптың оқушысы атанды. Бұл туралы 1 қыркүйек – Білім күнінде шаһардағы №22 мектеп — лицейінде өткізіліген алғашқы қоңырау салатанатында мәлім болды. Айтулы шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Ағымдағы жылы жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 23 мың бүлдіршін бірінші сыныптың партасына отырыпты. Ал 11-ші сыныпқа көшкен оқушының саны он мыңға жетеғабыл. Ал Семей қаласында бұл көрсеткіш 1700 түлекті құрауда. №22 мектеп — лицейінде өткен алғашқы қоңырау мерекелік жиынында шаһар басшысы Ермак Сәлімов, семейлік мектеп түлектерінің биылғы ҰБТ-де жеткен жетістіктеріне тоқталып, бұл нәтижені келер жылы мектепті тамамдайтын оқушылар еселей түсетініне сеніммен қарайтынын айтты.

— Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! 1-ші қыркүйек – Білім күні мерекесімен барлықтарыңызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл мереке жалпыхалықтық сипатқа ие болған айрықша күндердің бірі. Әр адамның өмірінде оның алар орны да ерекше екені күмәнсіз. Әсіресе бүгінгі күн мектеп табалдырығын алғашқы рет аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндеріміздің естерінде сақталып қалатыны белгілі. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққалы тұрған оқушыларға қадамдары сәтті болсын деген тілегімді білдіремін. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылы 33 оқушы «Алтын белгіге», 19 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болған. Биылғы жаңа оқу жылына білек сыбана кірісуді көздеген 1700-ге тарта түлекке білімнің жоғары деңгейін көрсетсін деген ниетімді жеткізгім келеді. Мыңдаған ұстаздар үшін 1 қыркүйек, жаңа бастамалар мен тың идеялардың нышаны іспетті елеулі күн. Сондықтан да мұғалімдерге зор шығармашылық табыс тілеймін. Білімнің қара шаңырағы болып саналатын №22 мектеп, биылдан бастап лицей атағына қол жеткізіп отыр. Бұл әуелі білім ұжымы бірлесіп атқарған жұмысының жеңісті жемісі деп білемін. Осы ретте Семей қаласының әкімдігі лицейге 6 млн. 4 мың теңгені құрайтын мультимедиялық лингофонды кабинетті сыйға тартуға шешім қабылдады. Аталмыш озық үлгідегі кабинет, мектеп оқушыларына инновациялық технологияларды меңгеруге жол ашып, білім ордасы биік белестерді бағындырады деген ойдамыз. Әрдайым жастарымыз білім мен еңбекте тек қана алдыңғы қатардан көрінсін. Мерекелеріңізбен құрметті жерлестер, — деп түйіндеді өз құттықтау лебізін Ермак Бидахметұлы.

Әрмен қарай №22 мектеп лицейінің жас өнерпаздары жиналған қауымға театрландырылған көрініс пен дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. № 22 мектеп – лицейдің бірінші сынып табалдырығын аттап тұрған бүлдіршіндердің бірі — Аяла Серғазы. Ол дәл осы білім ұясына келгеніне дән риза. Себебі оның үлкен ағасы да бұл лицейді тәмамдап, бүгінде еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірінде өз білімін жетілідіруде. Келешекте кішкентай балғын әкесі сынды адамның өміріне араша болатын мықты дәрігер болуды армандайды екен.

— Бүгінгі білім күні мейрамымен барша оқушыларды және өзімнің жаңа достарымды, яғни сыныптастарымды құттықтаймын. Мектепте оқитыныма қуаныштымын. Менде өзгелердей жақсы білім алып, елімнің дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Сол үшін сабағымды жақсы оқып, зерек болуға бар күшімді саламын, — деген өзінің асқақ арманымен бөлісті кішкентай балғын.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС