Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

06.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семейдің «Спартак» стадионында футболдан дәстүрлі «Достық» турнирі жалғасын тауып, биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ҚР Спорт күні және ҚР Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған спорт сайысына қала әкімдігінің аппараты, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы,  сот жүйесі мен «Спартак» футбол клубының ардагерлерінен құралған алты команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Сайыстың ашылуымен қала әкімі Ермак Сәлімов құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

— Бүгін шаһарымызда дәстүрге айналған «Достық» турнирін өткізіп отырмыз. Айта кетуіміз керек, сайыстың ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл өте жақсы. Өйткені спорт — денсаулық кепілі. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты да көпшілікке дене шынықтырумен айналысуды насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету. Биылғы жылғы сайысқа, ардагерлермен қатар, жастарымыздың да көптеп қатысып отырғаны қуантады. Жалпы, қаламызда спорттың кез келген түрінен бұқаралық спорттық шаралар өткізу дәстүрге айналған. Қазір шаһарда әртүрлі спорт нысандары да көптеп салынуда. Оған қала кәсіпкерлері де өз үлестерін қосып жатыр. Баршаларыңызға тек жеңіс тілеймін,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Онымен қоса Семей қаласының прокуроры Марат Турубаев, облыстық мәслихат депутаты Борис Адианов, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшысы генерал – майор Нұрлан Қашағанов сөз алып, ізгі тілектерін білдірді. Кейін турнирдің бас төрешісі О.Багданов қатысушыларды футбол додасының басталуымен құттықтап, шараны өткізу тәртібімен таныстырды.

Алдымен 6 команда екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Екі топтан озып шапқан 4  команда жүлделі орындар үшін барын салды. Жүлделі үшінші орынға таласу үшін қаланың БАҚ өкілдері мен сот жүйесінің футболшылары кездесті. Тартысты өткен ойында бұқаралық ақпарат құралдарының командасы қарсыластарынан 1:0 есебімен басым түсті. Ал жеңімпаз «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы мен «Спартак» футбол клубының ардагерлері арасындағы ойында анықталды. Нәтижесінде «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының командасы пенальти сериясында 7:5 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сонымен, чемпион атанған «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы ауыспалы кубокты иеленіп, медальмен, грамотамен марапатталды. Екінші және үшінші орын алған «Спартак» футбол клубының ардагерлері және БАҚ өкілдерінен құралған командалар да, тиісінше, медальдарға, грамоталарға ие болды. Айта кетейік, өткен жылғы дәстүрлі турнирде қала әкімдігі аппаратының командасы жеңіске жеткен болатын. Салауатты өмір салтын насихаттауды, жастар арасында футболды дамытуды мақсат еткен турнир бұл жолы да сәтті өтті.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС