Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

09.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының мәдениет саласында маңызды оқиға орын алды деуге негіз бар. Дәлірек айтқанда, қаладағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайының директоры Татьяна Автушко Ресейде өнер мен мәдениет саласында үздік атанған қайраткерлерге тағайындалатын Пушкин медалімен марапатталды. Медальді тапсыру үшін Семей қаласына Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников арнайы келді. Жоғары деңгейдегі марапатқа қол жеткізген мұражай директорын Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтады.

Белгілі болғандай, Пушкин медалі — мәдениет пен өнердегі, гуманитарлық ғылым мен әдебиеттегі жетістігі үшін, сонымен қатар мәдени мұраны зерттеп, оны сақтауға қосқан үлесі үшін ресейлік азаматтар мен шетелдік тұлғаларға табысталатын Ресейдің жоғары мемлекеттік марапаты. Татьяна Какимовна Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайын 2002 жылдан бері басқарып келеді екен. Содан бастап мұражай ұжымы өзге елдермен мәдени байланысты нығайту мақсатында көптеген іс-шараларды өткізіп үлгерген. Мәселен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен «Достоевский және әлем мәдениеті» тақырыбында бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылыпты. Оның барысында алыс — жақын шет мемлекеттердің ғалымдары мұражайдың жұмысын жоғары бағалаған. Мәдениет ордасының өзге де еңбектері жетерлік. Міне, Ресей Үкіметі  осындай игілікті бастамалардың ұйытқысы бола білген мұражай директоры Татьяна Автушкоға, мұражай құндылықтарының дәріптелуіне күш жұмсағаны үшін, Пушкин медалін тағайындауды ұйғарыпты.

— Құрметті Ермак Бидахметұлы! Қымбатты Татьяна Какимовна және қадірлі семейліктер! Семей мәдениеттің ордасы екені белгілі. Осы киелі шаһардан қаншама ұлы тұлғалар шыққаны баршаға аян. Жуырда РФ президенті Владимир Путин Федор Михайлович Достоевскийдің 200 жылдығын атап өтуге байланысты Жарлыққа қол қойған болатын. Біздің ел өзінің басқа мемлекеттердегі тарихи, мәдени құндылықтарына айрықша көңіл бөліп келеді. Солардың қатарына Семей қаласындағы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайын жатқызуға болады. Бұл айрықша мәдени ошақ екенін айтқым келеді. Себебі дәл осы мұражай екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту арқылы қос мемлекеттің ынтымақтастығын жақсартуға өзіндік үлесін қосуда. Сондықтан да, Татьяна Какимовна, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің және жеке өзімнің атымнан сізге орыс мәдениетінің жауһарына баланған Ф.М.Достоевский шығармашылығының қазақ жерінде насихатталуына сіңірген еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл осындағы бүкіл ұжымның жемісті жетістігі деп білеміз. Мәдениет пен өнер саласындағы байланысымыз әрмен қарай да өз жалғасын таба береді деген үміттеміз, — дей келе, Михаил Бочарников мұражай директорының кеудесіне салтанатты түрде Пушкин медалін тақты.

Айтулы шара кезінде сөз алған шаһар басшысы Ермак Сәлімов Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайының тек Семейде ғана емес, сонымен қатар күллі республикамыз бойынша да алар орны ерекше екендігін тілге тиек етіп, ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.

— Құрметті жерлестер! Бүгін тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Мен тек Михаил Николаевичтің сөзін қуаттағым келеді. Расымен де, бұл мұражайдың атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Осы жерден біз көрнекті жазушы Федор Михайлович Достоевскийдің өмірінде болған елеулі оқиғалармен таныс бола аламыз. Мұнда оның шығармашылығынан сыр шертетін қаншама құнды жәдігерлер қойылған. Семей еліміздің рухани әрі мәдени орталығы болып саналады. Бүгінгі шара соның айқын дәлелі іспеттес. ШҚО–ның әкімі Даниал Ахметов Семейге жасаған сапары аясында арнайы келіп, мұражайдың жұмысын оң бағалаған еді. Бұл — ұжым қызметкерлерінің ортақ жеңісі. Барлықтарыңызды осы қуанышпен құттықтаймын. Енді қос ел арасындағы әріптестік байланыстың өрісі одан ары кеңейе түседі деген сенімдеміз,- деп Ермак Бидахметұлы жылы лебізін білдірді.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС