Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«БАҚЫЛАУ» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

20.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей шаһарының Интернет кеңістігі тағы бір сайтпен толықты. Шаһарда қалалық инфрақұрылымды және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуды көздейтін www.bakylau-semey.kz жаңа портал өз жұмысын бастады.

«Бақылау» деп атау алған сайт арқылы кез келген қала тұрғыны шағымдары мен өтініштерін әкімдіктің бөлімдеріне жылдам түрде жолдай алады. Бұл жаңашылдықтың жұмыс жүйесі қарапайым. Мәселен, көшеде келе жатқан адам ашық жатқан кәріз құдығын немесе өсіп кеткен ағаштың жол белгісін жауып қалғанын байқаса, оны бірден «Бақылау» сайтына хабарлай алады. Семейліктерге хабарламасымен қатар фотосуреттерін де жіберуге болады. Портал модераторы келіп түскен хабарламаны бірден жауапты ведомствоға жібереді. Ал шағымдар мен өтініштерге берілген жауап аз уақыттың ішінде қала тұрғынының электрондық поштасына келіп түспек.

Айта кетейік, жоба әлеуметтік желілердің элементтері негізінде құрылған. Айталық, семейліктер қалдырылған хабарламаға қолдау білдіріп, оның төменгі жағына пікірін жолдай алады. Бұл жергілікті атқарушы билік өкілдеріне мәселенің қаншалықты өзекті екенін анықтауға да мүмкіндік бермек. Бұдан өзге «Бақылау» жүйесінің мобильдік нұсқасы да қолданысқа беріліп отыр. Бұл қала тұрғындарына өз сауалдары мен өтініштерін мәселе туындаған орыннан шұғыл түрде жолдауға мүмкіндік береді.

Өткен жұма күні Семей қаласының әкімдігінде аталмыш порталдың таныстырылымы өтті. Жиынға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, сондай-ақ әкімдіктің дербес бөлім басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Басқосуда «Рейтинг» ЖШС компаниясы өкілдері жобаны таныстырды.

— Аталған интернет-портал тұрғындардың шаһарды абаттандыру жұмыстарына белсенді араласуына, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және туындаған мәселенің жылдам шешілуіне жағдай жасайды,- дейді «Рейтинг» ЖШС сараптама секторының жетекшісі Назым Салықова.

Дегенмен жиында сайттың күрделі құрылымына, дұрыс жасалып бітпеген мобильдік қосымшасына, жалпы, жүйенің жұмысына қатысты көптеген сын-ескертпелер айтылды. Алайда Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов аталған жобаның маңыздылығын айтып,  жаңа жүйенің ұтымды тұстарына тоқталды.

— Біз үшін бұл жоба ауқымды жұмыс туындататынын түсініп отырмын. Кейбіреулер жайдан-жай жарысып жазып, сауалдарын жолдай береді. Алайда оны түсініп, қабылдауымыз керек. Бізге интерактивті байланыс өте қажет. Мәселен, мен әлі күнге дейін қабылдауыма жазылған 100-ден астам азаматты қабылдап үлгермедім. Қабылдау күнделікті жүргізілгенімен, физикалық тұрғыда үлгермей жатырмын. Ал арнайы портал көптеген мәселелерді жылдам шешуге көмектеседі. Осылайша, біз ақпаратты технология арқылы жергілікті атқарушы билік пен халық арасындағы өзара байланысты жеңілдете аламыз. Бұл жұмыстардың барлығы қала азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі үшін жасалып отыр. Аталған жоба әкімдіктің бөлім мамандарына салмақ түсіретіні рас. Алайда бұл жұмыстар қажет және маңызды болып саналады,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС