Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚАДАҒАЛАУҒА АЛЫНДЫ

23.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қала тұрғындары қалаішілік жолаушылар тасымалдаушы мекемелер жұмысының  сапасына үнемі наразы. Ал бұған қоғамдық көлікпен қамтамасыз етушілер  кәсіпкерлер әр кез өз уәждерін айтып келеді. Бұған дейін тасымалдаушылар бірнеше мәрте тарифті көтеру мәселесін де көтерген болатын. Қоғамдық көліктің жұмыс сапасын жақсарту мақсатында қаламыздың атқарушы билігі Астана қаласында болып, ондағы диспетчерлік бақылау жүйесінің жұмысымен танысып қайтқан еді.

Жаңашылдық, диспетчерлік бақылау жүйесі, қала тұрғындары үшін таңсық емес, өйткені осыдан бір жылдай уақыт бұрын аталған жүйе Семейге де енгізіліп, кейін белгілі себептермен жұмысы тоқтап қалған болатын. Алайда диспетчерлік автоматтандырылған жүйе осы айдан бастап қаламызда қайтадан толық негізде жұмыс істей бастады. Апта сәрсенбісінде Семей қаласының жолаушы тасымалын бақылау орталығында жолаушылар тасымалын диспетчерлендіру жүйесінің таныстырылымы өтті.

Жолаушылар тасымалын диспетчерлендіру жүйесін қазақстандық «KazInterSoft» компаниясы әзірлеген. Мұндай жүйе Астана, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған, Орал қалаларында бар көрінеді. Аталған жүйе барлық өңірлер үшін ортақ болып табылады. Жүйе автобустар мен маршруттардың қозғалыс арақашықтығын сақтауын, тасымал көлігінің кешкісін ерте кетіп қалмауын қадағалау, бір-бірінен жолаушыларды алып кетуге тырысатын жүргізушілердің «жарысы» мен тағы да басқа бірқатар проблемаларды шешуге арналған. Семей қаласының жолаушы тасымалын бақылау орталығының директоры Бейсенғазы Тастекеевтің айтуынша, автоматты бағдарлама, ең бастысы, қаладағы 400-ге жуық қоғамдық көлікті бақылауға мүмкіндік береді.

— Семейліктердің қоғамдық көлік қозғалысына көңілдері толмайтыны жасырын емес. Айталық, өзара арақашықтықтың сақталмауы, қоғамдық көліктердің аздығы және кешкілік уақытта автобустардың уақытынан бұрын тоқтап қалатыны жайлы көп айтылып жүр. Әрине, бүгінгі күні қоғамдық көліктердің арнайы бағыт кестесі бар. Дегенмен қаладағы 400-ге жуық қоғамдық көлікті толықтай бақылау мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі іске қосылып отырған GPS бағдарламасы арқылы біз автобустарды спутник арқылы бақылап отыратын боламыз. Яғни, аталған бағдарлама арқылы біздің диспетчер-операторлар мен тасымалдаушылардың диспетчерлері қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылай алады,- дейді Б.Тастекеев.

Бұдан өзге бағдарлама тұрғындарға қолжетімді болу мақсатында «KazInterSoft» компаниясы «infobus» бағдарламасын ұсынып отыр. Айталық, әрбір тұрғын www.infobus.kz порталы немесе оның мобильдік қосымшасы арқылы аталған бағдарламаға кіріп, қоғамдық көліктердің қозғалысын бақылауға мүмкіндігі бар. Бұл жолаушыларға өзіне қажетті қоғамдық көлікті анықтап, журу бағытын көруге мүмкіндік береді.

— Бұл, бір жағынан, орынсыз түскен шағымдарды анықтауға да септігін тигізеді. Осы тұрғыда біз аталған бағдарлама арқылы шағымның қаншалықты шындыққа жанасатынын біле аламыз. Шағым расталған жағдайда, барлық ақпарат тиісті жерге жіберіліп, шара қолданылатын болады. Сондықтан аталған бағдарлама өте қажет,- дейді жолаушы тасымалын бақылау орталығының директоры Бейсенғазы Тастекеев.

Жоғарыда аталған бағдарламамен қалалық қоғамдық көліктің біразы жұмыс жасағанын айтып өттік. Дегенмен ол кезде қаладағы екі тасымалдаушы ғана  аталған бағдарламаға қосылып, қалғаны желі арқылы жүйеге кірген қоғамдық көліктердің жұмысына  қиындық тудырған екен. Бүгінгі күні диспетчерлік бақылау жүйесіне қаладағы барлық алты тасымалдаушы қосылып отыр. Айта кетуіміз керек, аталған бағдарламаны  алуға жергілікті билік 4 млн. теңгеден астам қаражат бөлген, ал автобустарға қажетті құрылғыларды тасымалдаушылар өз қаражаттарына сатып алған.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС