Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ»

27.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семейде республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Соңғы жылдары қолға алынған бұл акцияның өтуі дәстүрге айналған. Акция аясында Әділет министрлігінің барлық ведомстволарының өкілдері халықпен кездесу өткізіп, туындаған мәселелер бойынша кеңестер береді.

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында азаматтарды құқықтық сұрақтары бойынша қабылдау өткізілді. Шара аясында қалалық әділет басқармасы қызметкерлері, адвокаттар мен нотариустар тұрғындарға жан-жақты құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларына түсініктеме және кеңестер берді.

Қабылдауға алғаш келгендердің бірі Семей қаласының тұрғыны Анатолий Гурторенко өзінің жақсы танысынан гараж сатып алғанын, алайда жылжымайтын мүлікті танысы әлі күнге дейін өз атына жекешелендіруге мүмкіндік бермей жүргенін айтып жүгінді. А.Гурторенконың айтуынша, ол осыдан он төрт жыл бұрын сатып алған нысанды рәсімдемеген, ал нысанды сатқан танысы ешқандай құжат бермепті. Құжаттарының дұрыс болмағанын алға тартқан танысына соңғы рет барғанда, жылжымайтын мүлікті ұлының атына аударып жібергенін айтқан екен.

— Ол кезде ауызша келісіп, бір-бірімізге сенім білдірген едік. Алғашқыда ол құжаттарының дұрыс емес екенін, оны рәсімдейтінін айтқан болатын. Содан бері қаншама уақыт өтті. Ауладағы көршілерім куә бола алады. Сотқа жүгінгеніммен, құжаттарымның жоқтығын айтып қабылдамады,- деді Анатолий Гурторенко.

Осы ретте «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова қабылдауға қатысып отырған адвокаттардан осы шағымға қатысты түсінік берулерін өтінді. Сала мамандары сексеннен асқан қарияға мәселені алдымен бейбіт жолмен шешіп көруге кеңес берді. Ал одан ешқандай нәтиже шықпаған жағдайда, қалалық ІІБ-на шағымданып, алаяқтық фактісі бойынша іс қозғауға болатынын жеткізді. Ал кәсіби медиатор Марат  Тайғұлов, мәселені бейбіт жолмен шешу үшін, алдымен өзіне жүгіну қажет екендігін айтып, медиация мүмкіндіктері жайлы баяндап берді.

Акция аясында қабылдауға келген азаматшаның бірі — Динара Хабидулина. Оның айтуынша, қала тұрғыны жер телімін алғанда, «Қазгипрозем» мемлекеттік мекемесі жердің аумағын қате белгілеген, соның салдарынан құрылыс жұмыстарын өзгенің жеріне жүргізген. Дегенмен отбасылы Хабидулиндер өздеріне тиесілі жерді сатып, құрылыс жүргізген жерді иесінен сатып алған. Қабылдауға келген Динара Хабидулина мемлекеттік органның қателігінен орын алған  шығынды аталған мекеменің өтеп беруін талап етіп отырғанын айтты. Сондай-ақ, Динара Хабидулинаның айтуынша, «Қазгипрозем» мекемесі алғашқыда қателіктерін мойындағанымен, кейіннен оны жоққа шығарып отырған көрінеді. Осы орайда кеңес берген мамандар мәселенің жай-жапсарын тек құқық қорғау органдары ғана анықтайтынын тілге тиек етіп, азаматшаға сотқа жүгінуге кеңес берді.

Бұл жолғы қабылдауға келген тұрғындар, негізінен, құқықтық мәселелер бойынша көмек сұрай келгендер. Оның сыртында әлеуметтік мәселелер де қаралды. «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының  өкілдерінің айтуынша, республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы халықтың заң сауаттылығын көтеруге және оларға қызығушылық туғызатын сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндік береді. Шараның негізгі мақсаты азаматтардың азаматтық санасын және заң алдындағы  жауапкершілігін көтеру үшін тұрғындар арасында консультативтік жұмыс жүргізу және кең көлемді құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС