Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БЕРЕКЕСІ АРТҚАН БЕСҚАРАҒАЙ

27.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Бесқарағай ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысын берекелі Бесқарағай ауданында атқаралып жатқан жұмыстармен аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов  жан – жақты таныстырды.

Даниал Ахметов жұмыс сапарын ағымдағы жылдан бастап жалға жер алып, қарқынды дала жұмысын қолға алған шетел инвесторлары «Long Xin» ЖШС – нің жұмысымен танысудан бастады. Бесқарағай ауданының салық түсімін арттыру мақсатында тіркелген «Long Xin» ЖШС-нің негізгі жоспары — майлы дақылдар өсіріп, шетелге экспорттау. Егістік алқабына аялдаған облыс әкіміне серіктестіктің өкілі Цю Пин мен бригадир Ақай Жолтай өз жұмыстарын таныстырды. Қарабас ауылдық округінің қарамағынан 14 750 гектар жер телімін жалға алған Қытай инвесторлары бұл жерлерге қарбыз, асқабақ, күнбағыс және екі түрлі (қызыл және жасыл) бұршақ тұқымдас соя өсімдігін егіпті.

«Жаз бойғы еңбектің нәтижесіне асқабақтан гектарына 1 тонна, күнбағыстан гектарына 1,5 тонна, қарбыздан гектарына 5 центнерден өнім жинадық. 2 300 гектар жерге егілген сояны жинауды енді қолға аламыз. Келер жылы қайта өңдейтін зауыт салу, қосымша техникалар әкелу сияқты мәселелердің барлығын шешу  жағын қарастыру жоспарымызда»,- дейді серіктестік өкілі Цю Пин. Қазір мұнда тұрақты 44 адам жұмыс істесе, мерзімдік кезеңде олардың саны 200–ге жуықтайды екен. Орташа еңбекақы 60 мың теңгені құрайды. Осы ретте Даниал Кенжетайұлы шетел инвесторларын ауданға тарта білген аудан әкімінің жұмысын оң бағалады. Аймақ басшысы, ҚР Жер кодексіне сәйкес, заңға қайшы ешқандай әрекет жасалмауы қажеттігін, жерді күтіп-баптауға, залалсыздандыруға қатысты керек – жарақтар тек Қазақстаннан алынуы қажеттігін де қатаң ескертті.

Облыс әкімі осыдан кейін аудан орталығындағы Бесқарағай колледжіне барды.  Колледж директорының орынбасары В.Е.Лапа оқу кабинеттерімен,  жол ережелерін жеңіл меңгертудің әдістерімен, спорт залымен таныстырып, оқу орнында қандай мамандар дайындалатынын баяндап берді. Облыс әкімі осы орайда бірқатар өзінің ұсыныстарын айтты. 420 оқушыға арналған колледжде, бүгінгі күні дайындалып жатқан мамандарға қосымша, орманшы, дәнекерлеуші, электрик сынды ауыл шаруашылығында қашанда сұранысқа ие мамандарды даярлау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар осы бағытта аудан әкіміне талдау, сараптау жұмысын жүргізуді тапсырды.                                                                                                                                     Бұл күні Бесқарағайдың брэндіне айналған, ұлт пен ұлыстың басын біріктірген, достық пен бейбітшіліктің құт мекеніне айналған Достық үйінің ұжымы облыс әкімінің келуін асыға күткен еді. Даниал Ахметов Достық үйіндегі мұражай жұмысына қанықты. Осы жерде аудандық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. Сонымен қатар жеке сұрақтарымен келген аудан тұрғындары Достық үйінде облыс басшысының қабылдауында болды. Қабылдау барысында ауданның Құрметті азаматы В.Козинский аудан аумағында орналасқан орманшылықтарда білікті кадрлардың жетіспейтіндігін айтып, орманшыларға жаңадан тұрғын үйлер салу қажеттігін ескертті, сонымен бірге ауылдарда нағыз еңбек адамдарына көрсетілген құрмет ретінде ескерткіштер орнатылса деген ұсынысын да білдірді. Ал аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Омаров  Қоянбай ауылы бағытындағы ауданның немесе облыстың қарамағына енбеген тас жол арқылы ауыр салмақтағы жүк көліктері үздіксіз өтетіні жайында қынжылыс білдірсе, М.Абылғазинова Долон ауылында балаларды сауықтыру лагерін салуға қолдау көрсетілсе деген тілегін білдірді. Барлық сұрақтарды бақылауына алған аймақ басшысы еңбек адамына деген құрмет қашанда жоғары болу керектігін құптап, оларға ескерткіш орнату  ұрпақ тәрбиесі үшін де мағынасы зор іс екенін атап өтті. Ал балаларды сауықтыру лагерін салу туралы ұсынысқа байланысты құрғақ уәде беруді жөн санамайтынын айтып, бұл орайда облыс қарамағындағы лагерьлерден Бесқарағай ауданының балаларына квота бөлуді қарастыруды жауапты тұлғаларға тапсырды.                                                                                                            Келесі кезекте облыс әкімі Глуховка ауылдық округіне аялдады. Мұнда Даниал Кенжетайұлы сүт – тауарлы ферма ашып, аналық басты 600-ге жеткізуді көздеген “Балке» шаруа қожалығының басшысы Оралбек Тоқашевтың  өткен жылдан бері атқарған ауқымды жұмыстарымен танысты. Мал шаруашылығымен қатар, бақша дақылдарын өсіруді мықтап қолға алған азаматтың еңбекқорлығы ескерусіз қалмады. Шетелден шаруашылыққа қажетті техникалар алып, тамшылатып суарудан жаңбырлатып суаруға көшкен шаруашылықтың болашағы да зор екені сөзсіз. Өз өнімдерінен шағын көрме ұйымдастырып, алға қойған жоспарларымен бөліскен Оралбек Тоқашевтың облыс әкіміне айтар өтініші де бар екен. Сүт-тауарлы фермасына электр жүйесі мен су желісі қажеттігін, ол үшін жобалау — сметалық құжаттама да дайын екенін, көздеген мақсатты жүзеге асыру үшін шамамен 75 млн. теңге қаражат қажет болатынын ашық айтты. Еңбекқор азаматтың бастамасын толықтай қолдайтынын жеткізген облыс әкімі Д.Ахметов қажетті қаражатты келер жылы қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар ауданымызда біршама жылдан бері ауқымды жұмыс атқарып, Семей қаласын табиғи таза өніммен қамтамасыз етіп отырған «Қалиханұлы» шаруа қожалығымен, Кривинка ауылынан 600 басқа арналған сүт-тауарлы ферма ашуды жоспарлаған «Левантер» ЖШС ұсынған жобамен танысты. Бұдан соң облыс әкімі жуырда ғана ашылған 200 орынға арналған «Елім-ай» сауықтыру демалыс базасымен танысты.  Қарағайлы орманның қақ ортасында орналасып, жоғары талғаммен салынған база — туризмді өркендетуге бағытталған демалуға таптырмас мекен.

Сондай-ақ аймақ басшысының Бесқарағай ауданындағы жұмыс сапары құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Екі Дос» ЖШС спорттық – сауықтыру, панто-балшықпен емдеу кешенінде қорытындыланды. Облыс әкімі Бесқарағай ауданына жасаған жұмыс сапары жағымды жаңалыққа толы болғанын, ауданда атқарылған ауқымды істердің жүзеге асуы ең алдымен аудан басшысы Н.Тоқсейітовтің дұрыс бағытта жұмыс жүргізе алатындығымен байланыстырды. Барлық тың бастамаларды қашанда қолдайтындығын жеткізген Даниал Ахметов аудан экономикасының өркендеп өсуіне тілектестігін білдіріп, аудан әкімінің жұмысына оң бағасын берді.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС