Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЫЛУҒА ҚАРЫЗЫ БАРЛАР СУ ТАРТУ ЖҮЙЕСІНЕН АЖЫРАТЫЛУДА

30.09.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семейде жылуға қарызы бар борышкерлермен жұмыс күшейтілді. Сәрсенбі, 28 қыркүйек күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков бастаған коммуналдық мекеме өкілдері Жамақаев көшесі, 219 мекенжайындағы көп қабатты тұрғын үйдегі жылуға қомақты қарызы бар бірқатар пәтерлерді орталық су тарту жүйесінен ажыратты.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков «Семей Водоканал» мекемесінің аталған нысанда атқарған жұмысын қадағалады. Айта кетуіміз керек, бұған дейін Жамақаев көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйде қала әкімі Ермак Сәлімов болып, тұрғындарымен кездескен еді. Ол кезде, бірқатар түйткілді мәселелермен қатар, жылуға жиналып қалған қомақты көлемдегі қарызды қайтару мәселесі де талқыланған болатын.

Бүгінде аталған мекен жайдағы  (219  және   219   «А») көп қабатты тұрғын үйлерінің «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы жалпы дебиторлық қарызы миллион теңгеден асқан. Оның үстіне жылуға қарыз әрбір екінші пәтерде бар көрінеді. Бұл алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарына кесірін тигізуде. Сондықтан бұл мәселеге жергілікті билік мән беріп, қарызды қайтару жолдарын іздестірген. Нәтижесінде қарыздары 240 мың теңгеден асқан 8 пәтерді орталық су тарту жүйесінен ажыратты.  Нақтырақ айтатын болсақ, аталған пәтерлердің ас үйі, ваннасы мен әжетханасы жұмыс істемейтін болады. Ал аталған жүйені қайта қосу үшін борышкерлерге негізгі қарыздарын өтеп, сонымен қатар коммуналдық мекеменің арнайы бригадасына қосымша жұмысы үшін 12 мың теңге төлем жасауға тура келеді.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың айтуынша, аталған шаралар қызметке уақтылы төлем жасап отырған абоненттер мен жалпы тұрғын үйдің су тарту жүйесі жұмысына кері әсер етпейді. Есесіне тұрғындарды жауапкершілікке үйретпек.

—  Осындай қатаң шаралардың қолданылатыны туралы бұған дейін де айтылған болатын. Бүгін «Теплокоммунэнерго» МКК-нің «Семей Водоканал» МКК алдындағы қарызын өзара шешу үшін Жамақаев көшесіндегі 219-шы тұрғын үйдегі жылуға төлем жасаудан жалтарған жауапсыз борышкерлерді су тарту жүйесінен ажыратып жатырмыз. Аталған жұмыстарды Жамақаев көшесі, 219 «А» көп қабатты тұрғын үйінде де жүргізу жоспарда бар. Әрине, бұл шаралар тұрғындарға жайсыздық тудырады. Алайда коммуналдық мекемелердің басқа амалдары жоқ. Тіпті кейбір абоненттер жылдар бойы есеп айырыспаған. Салдарынан жылуға деген қомақты қарыз жиналып отыр.  Жылу берушілердің, отын сатып алу мен жөндеу жұмыстарына кететін шығыннан өзге, жұмысшылардың жалақысы мен «Семей Водоканал» МКК алдында қарызы бар. Ал аталған мекеме «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не берешек. Осы орын алып отырған жағдайдың барлығы коммуналдық мекеме өкілдерін  қатаң шара қолдануға итермелеп отыр,- дейді Николай Ушаков.

Сала мамандарының айтуынша, пәтерлерді жылу көзінен ажыратқанға қарағанда, су тарту жүйесінен ажырату аса қиындық туғызбайды. Оның үстіне қыс мезгілінде де бұл шаралар кәріз жүйесіне еш әсер етпейді екен. Демек, берешегі бар тұрғындар аталған қызметті ұзақ уақытқа дейін пайдалана алмауы мүмкін. Айта кетуіміз керек, жылуға қомақты қарызы бар Жамақаев көшесіндегі № 219 және 219 «А» тұрғын үйлерінен өзге, пайдаланылған жылу үшін төлем жасаудан жалтарған тағы да бірқатар борышкерлер су тарту жүйесінен ажыратылмақ. Бүгінгі күні «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы жылуға жалпы қарыз 342 млн. 600 мың теңгені құрайды. Оның 240 миллион теңгесі тұрғындар қарызы есебінде.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

03.05.2026
Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 мая 2026 года на территории Государственного национального природного парка «Жоңғар-Алатау», вблизи села Тополевка Сарканского района области Жетісу, на высоком...

Читать далее ...

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

01.05.2026
В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

1 мая – День единства народа Казахстана широко отмечается в области Абай. Сегодня на площади Республики в микрорайоне Карагайлы города...

Читать далее ...

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

01.05.2026
«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

Жители сразу нескольких населенных пунктов обсудили с правоохранителями и госслужащими инфраструктуру своих районов, их благоустройство. Особое внимание жителей стражи порядка...

Читать далее ...

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

01.05.2026
В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

В Туркестанской области продолжается строительство завода «Казкрахмал». Предприятие стоимостью 35 млрд тенге станет первым в стране и крупнейшим в Центральной...

Читать далее ...

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

30.04.2026
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом....

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

30.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей в рамках реализации поручений Главы государства по развитию казахстанской фармацевтической и медицинской...

Читать далее ...

Новости

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 часа назад

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

2 дня назад

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

2 дня назад

Глава государства принял президента Международной кинологической федерации Тамаша Яккеля

2 дня назад

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

2 дня назад

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

3 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

3 дня назад

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

3 дня назад

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

4 дня назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС