Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БОЛАШАҒЫЗОР БАСТАМА

04.10.2016
FacebookWhatsappTelegram

Түйемойнақ аралында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қолдауымен «Қазақстан және тізбекті серпіліс — 2016 – ядролық сынақсыз, қарусыз әлемде өмір сүру» атты акция өтті. Бейбіт митинг форматында өткен шараға белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, сондай-ақ шет мемлекеттердің  ғалымдары мен оқу ордасының студент жастары жиналды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған акцияның ашылуында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері антиядролық қозғалыстың әнұранына айналған Төлеген Мұхамеджановтың «Заман-ай» әнін орындап, шағын театрландырылған көрініс ұсынды. Өз кезегінде аталмыш әннің авторы жастардың бұл бастамасын жоғары бағалап, осы акция Қазақстанның өзге де қалаларында жалғасын табатындығына сенім білдірді.

— Құрметті Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұстаздары мен студенттері! Бұл бастама Ұлы Даланың рухани ордасына баланған қасиетті Семей жерінен басталып отырғанына мен ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қолға алып отырған істеріңіз еліміздің басқа да қалаларына үлгі болары анық. Ең бастысы,  дәл осы акция Қазақстанның атом қаруы мен ядролық соғысқа қарсы екенін нақтылай түседі. Себебі біздің халқымыз атом қаруының зардабы қаншалықты ауыр екенін жақсы түсінеді. Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің ядролық қаруға қарсы ұстанған саясатын ары қарай да жалғастыра беретіні даусыз,- деп өзінің ақжарма тілегін білдірді Төлеген Мұхамеджанұлы.

Сонымен қатар «Қазақстан және серпінді серпіліс 2016 – ядролық сынақсыз, қарусыз әлемде өмір сүру» акциясын тамашалауға жиналғандар арасында шетелдік меймандардың болғанын да атап өту керек. Солардың бірі — Швейцариядан келген мәртебелі қонақ, профессор Доминик Джордан Гай.

— Бұл менің Семей қаласына алғаш рет келуім. Осы өңірде жүргізілген ядролық сынақтар туралы бұрын-соңды естігенім жоқ. Десе де сіздердің Президенттеріңіз көтеріп жүрген бастамалармен жақсы таныспын, әрі олардың маңыздылығы жоғары екенін атап өткім келеді. Бүгінгі акцияны көру арқылы  қазақ жастарының өз отандарына қаншалықты адал екендеріне көз жеткіздім,- деп түйіндеді өз сөзін профессор Джордан Гай.

Сондай-ақ акция аясында оқу орнының бас ғимараты алдында оқушылар арасында бейбітшілік тақырыбына асфальтқа сурет салудан  сайыс ұйымдастырылды. Балалар қарусыз әлем, тәуелсіз Қазақстан тақырыптары бойынша қиялдарына ерік беріп, тыныш өмірді қалайтындықтарын білдірді. Үздіктері дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС