Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАРИЯЛАР-ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

04.10.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қазақ қоғамында қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс пен ынтымаққа жұмылдыра білген. Халқымыздың «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген даналық сөздерінен қариялардың қаншалықты құрметке лайықты болғанын аңғару қиын емес. Ақылдың кені қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау — біздің парызымыз. Осы ретте қарттарға құрмет көрсету шараларының бірі өткен сенбі күні Семей қаласының қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында өтті.

1 қазан — Халықаралық  қарттар күніне орай ұйымдастырылған кеште орталықтың әлеуметтік қызметкерлері мерекелік концерт ұсынды. Ал шығармашылық ұжым тарапынан  ұйымдастырылған шараларды, қарттармен қатар, кештің арнайы қонақтары мен шаһардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары да тамашалады.

Қарттар күні – еліміз үшін айтулы мерекелердің бірі және осы күні ұлағатты ұрпақ тәрбиелеген үлкендерге кейінгі буын барынша көңіл аударады. Бұл — күн алдыңғы буын аға-апаларымызға, ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен ардагерлерімізге қайырымдылық пен ілтипат көрсетілетін жарқын мереке. Қарттар кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанға адал қызмет етуге, қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келеді. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбекпен жақындатуды қазыналы қарттарымыздан үйреніп келеміз. Қарттарға құрмет көрсетіп, оларды құттықтау, сонымен бірге ардагерлерді жан-жақты қолдап, ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіру шаһарымыздағы Зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсететін аймақтық орталығында да дәстүрге айналған. Кеш барысында орталықтың шығармашылық ұжымы естен кетпес ескі әндермен қатар, халық әндерін, қазақ эстрадасының жаңа әндерін, сондай-ақ майдандағы әндерді орындады. Әлеуметтік жұмысшылардың орындауындағы ән-жырлар ешкімді бейжай қалдырмады, қариялар орындаушылармен қосылып ән шырқап, би биледі. Шара барысында Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев сөз алып, ардагерлерге алғысын білдірді.

— Сіздердің әрқайсыларыңыз өмірдің талай белестерін артқа тастап, қан майданды, өтпелі кезеңді бастан өткердіңіздер. Сіздер болашақ ұрпақтың тыныштығы мен еліміздің тұтастығы үшін егіс даласында, зауыттар мен фабрикаларда тынбай еңбек еттіңіздер. Бүгінгі күні, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Қазақстанның жеткен жетістіктерін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде мемлекет басшысының сындарлы саясаты мен еңбекқор халқының арқасында еліміздің экономикасы қарыштап дамып, ішкі және сыртқы саясатымыз тұрақталды. Ең бастысы, бірлігі бекем еліміз болашағына сенім артты. Ел дамуына сүбелі үлес қосып, өскелең ұрпақ тәрбиесін де назардан тыс қалдырмай, бізге үлгі-өнеге көрсетіп отырған қарттарды кұрметтеу — біздің басты парызымыз,- деді Азамат Амангелдіұлы.

Осыдан кейін орталықтың жұмысына жылдар бойы қамқорлық көрсетіп келе жатқан «Якуб» шаруа қожалығы мен «Семья Филипповых» жеке кәсіпкері және «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы өкілдері өз құттықтауларын жеткізді. Бұл күні қаншама құттықтаулар мен жылы сөздер айтылды. Олардың қатарында, әрине, Зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсететін аймақтық орталығының қызметкерлері де бар. Бүгінгі күні Галина Дүксімбаева басшылық жасап отырған орталықта тәжірибелі ұжым ардагерлерге қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде аталған мекеме қариялардың сүйікті орнына айналған.

— Бүгінгі күн  – ізгілік пен құрметке арналған күн. Осы күні қарияларымызға ерекше әсерлі кеш ұсынғанымызға қуаныштымыз. Біз орталыққа көмек көрсетіп, қайырымдылық жасаған барша адамдарға алғысымызды білдіреміз,- деді Галина Дүксімбаева.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС