Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ ҚАНДАЙ?

07.10.2016
FacebookWhatsappTelegram

4 қазан, сейсенбі күні Қазақ инновациялық гуманитарлық — заң университетінде «Жергілікті өзін-өзі басқару саясаты мен мәселелеріндегі кешенді гендерлік қатынас қағидаттары» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Семинар – тренингтің өтуіне ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Астана қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) орталығы ұйытқы болды.

Семинар-тренингтің мақсаты жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын және әлеуметтік саясатты жетілдірудегі гендерлік аспектілерді қолдану кешенін оқыту болып табылды. Айтулы шараға Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары Елена Тарасенко, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен, Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, Қазақ ИГЗУ-дің оқытушылары және Семей өңіріне қарасты ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Семинардың ашылуы кезінде сөз алған Елена Тарасенко биыл ел Тәуелсіздігіне ширек ғасыр толғандығын тілге тиек етіп, мемлекеттік маңызы бар бұл мереке жоғары деңгейде аталып өтілетінін жеткізді. Сондай-ақ ол Тәуелсіздік жылдарында демократиялық қоғам құрудың негізгі бағыттарының бірі гендерлік теңдікке қол жеткізу болғанын, бұл тұрғыда Қазақстан аз уақыттың ішінде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін де Елена Тарасенко айтып өтті.

— Бүгінде Қазақстанда гендерлік саясатты ілгерілету бағытында көптеген ауқымды істер атқарылып келеді. Бұл ретте бізге ұдайы қол ұшын созып, түрлі жобаларды жүзеге асыруға көмектесіп келе жатқан Астанадағы ЕҚЫҰ-ның орталығына алғысымызды білдіреміз,- деген Елена Ивановна еліміздегі әйелдер саны халықтың жартысын құрайтынын айтып, мемлекеттік қызметте де олардың үлес салмағы едәуір екендігін жеткізді.

Семинар-тренингке халықаралық тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан елордадағы ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо да Ұлттық комиссия өкілдерінің сөзін толығымен қуаттап, бұл бағытта Қазақстанда оң нәтиже байқалып отырғанына тоқталды.

— Гендерлік саясат  тек қана әйелдердің мүддесін көздемейді. Бұл — қате түсінік. Оның түпкілікті мақсаты — ерлер мен әйелдердің құқығын тең дәрежеде сақтау. Осы орайда Қазақстанда әйелдердің қоғамдағы рөлі айрықша айқындалғанын атап өткім келеді,- дейді халықаралық сарапшы.

Жұмыс сапары барысында Ұлттық комиссия және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшылары М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде болып, оқытушылар және студенттермен кездесті. Сонымен қатар мәртебелі меймандар қаладағы «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы, сондай-ақ Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайына да барып, өңірдің мәдени тынысымен танысуға мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек Ұлттық комиссияның жетекшілері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысына қатысты. Мұнда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру әрі ішкі саясат басқармасы басшыларының есептері тыңдалды. Аталмыш басқосу аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысушылар алдындағы сөзінде: «Мемлекет басшысының дана саясаты арқасында бүгінде елімізде отбасылық дәстүрдің жоғары моральдық құндылықтары сақталып келеді. Тек отбасының ғана емес, тұтастай еліміздегі тұрақтылық пен өркендеу құпиясы да осында. Бұл өз кезегінде әлемдік дағдарыс қиындықтарын ауыртпашылықсыз өтуге мүмкіндік бермек»,- деп атап өтті.

Осы күні түстен кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның көшпелі отырысы өткізілді. Көшпелі отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко және ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.

Көшпелі отырыс жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар төрағалық етті. Іс-шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Семей шаһарында өткізіліп отырған жиынның өзектілігіне тоқталып, Астана қаласынан келген мәртебелі меймандарға аталған сала бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

— Бүгін біз Семей шаһарында өте маңызды мәселелердің бірін қозғайтын жиын өткізіп отырмыз. Көшпелі отырыс барысында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтылып, орын алып отырған кемшіліктер және болашақтағы жоспарлар талқыланбақ. Еліміздегі гендерлік саясат — Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап Елбасының ерекше назар аударып келе жатқан мәселелерінің бірі. Өйткені біздің ұлттық менталитетіміз бен мемлекеттік құрылымымызда да әйелдердің орны ерекше. Бұл өзіміздің ұлттық тәрбиемізде де бар дүние. Аналарымыз қашанда азаматтық қоғамның дамуына белсенді араласып, айрықша үлес қосуда. «Әйел  бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөзді айтқан М.Әуезовтің жеріне қош келдіңіздер дейміз,- деді Жақсылық Мұқашұлы.

Өз сөзінде Жақсылық Мұқашұлы бүгінгі таңда Елбасының тапсырмасымен еліміздің гендерлік саясаты бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, аталған сала бойынша Шығыс Қазақстан облысында да тыңғылықты істер атқарылып жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде облыста әйелдер, негізінен, әлеуметтік салаларда қызмет атқарады екен. Айталық, өңіріміздегі әйелдердің 85 пайызы денсаулық сақтау саласында еңбек етсе, білім саласында 75 пайыз, қаржы саласында 68 пайыз, мемлекеттік басқару қызметінде 54 пайыз, ал ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында және орман шаруашылығында 22 пайыз әйелдер қызмет жасайды. Сондай-ақ өңірдің әйелдер қауымы 13 үкіметтік емес ұйымдар мен  39 этномәдени бірлестіктерді басқарады. Айта кетуіміз керек, гендерлік теңдік және отбасылық — демографиялық мәселелерге байланысты шараларда үкіметтік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады. Жыл өткен сайын осы бағытта олардың әлеуметтік маңызды жобаларын қаржыландыру көлемі де артуда.

— Бүгінгі күні облыстағы басшылардың 40 пайыздан астамы әйел азаматшалар. Ал қалалық және аудандық дәрежедегі депутаттардың 27 пайызы нәзік жандылардың еншісінде. Осыған қарап-ақ әйелдер қауымы Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық өміріне белсене араласып, оның дамуына айтарлықтай үлестерін қосып келеді деуімізге болады,- деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС