Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОН ҮШ ЖЫЛ КҮТКЕН БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

07.10.2016
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында білім саласына ерекше назар аударып келеді. Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздегі екі ауысыммен оқитын және апатты жағдайдағы білім ошақтарының орнына жаңа да заманауи ғимараттар салуды және осы арқылы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруды міндеттеді.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан Үржар ауданында өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасалып отыр. Бүгінгі күні өңірде жиырмадан астам жаңа мектеп ғимараттары қолданысқа беріліп, күрделі мәселелер оң шешімін табуда. Осы ретте Ұстаздар күні қарсаңында ауданда 320 орынға шақталған Жансүгіров атындағы орта мектеп ғимаратының жаңадан қолданысқа берілуін айтуға болады. Жаңа ғимараттың ашылуына табанды талап қоя білген аудан әкімі Серік Зайнулдиннің үлесі, әрине, орасан зор.

Бұл күн үржарлықтардың көптен күткен қуанышты күні еді. Себебі бұл мектептің құрылысы осыдан 13 жыл бұрын басталғанымен, мердігерлердің жауапсыздығынан сақалды құрылысқа  айналған. Содан бері көптеген кедергілер кездесіп, тек былтырғы жылы ғана Семей қаласындағы «Алау» құрылыс компаниясы осы нысанды өз жауапкершіліктеріне алып, бүгінгі күні жұмыстарын сәтті аяқтап отыр. Бұрынғы Жансүгіров атындағы орта мектептің оқушылары 1962 жылы салынған апатты жағдайдағы ескі ғимаратта білім алып келген еді. Енді ол күндердің барлығы артта қалды. Осы ретте мектеп директоры Гауһар Жағалбаева, мектеп оқушылары мен мұғалімдер ұжымы аудан әкімі Серік Зайнулдинге, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан кәсіпкерлеріне шын ниетімен алғысын айтып, ризашылықтарын білдіруде. Қолданысқа берілген жаңа білім ордасы қос қабатты, оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат құрылысына 861 млн. теңге қаражат жұмсалды. Мұнда оқушылардың жан – жақты білім алуына барлық  жағдай жасалған. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар жүргізуге қолайлы биология, химия кабинеттері бар. Технология кабинеттері, басқа да пән кабинеттері, асхана, мәжіліс залы, кітапхана, медиатека, 2 лингофон кабинеті, емшара бөлмесі – бәрі де  қажетті керек – жарақтармен толық жабдықталып отыр.

Ашылу салтанатында мектеп бүлдіршіндері  ұсынған әдеби монтаждан кейін аудан әкімі Серік Зайнулдин  жиналған көпшілікке құттықтау сөзін арнады:

– Құрметті жерлестер, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгін Үржар ауданында екі бірдей қуаныш. Жаңа мектеп ғимаратының қолданысқа берілуі Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Ұстаздар сіздерді аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат атынан төл мерекелеріңізбен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын.  Осы мектептің салынуы жолында атсалысқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Бұл жерде барлық жағдай жасалған, мектептеріңізде білімді ұрпақтар көбейе берсін. Бүгінгі қуаныш құтты болсын, іші білімді оқушыларға толсын, балаларымыздың дені сау болып, Үржардың шоқтығын биіктете берсін,- деп, қуаныш иелерін құттықтап, жаңа мектепке бағалы сыйлық тарту етті.

Сонымен қатар аудан әкімі Серік Зинабекұлы ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген жетістігі жоғары бірқатар ұстаздарға аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті. Жаңа ғимараттың символдық кілтін мектеп басшысына тапсыру құрметі мердігер компанияның директоры міндетін атқарушы Рыспек Арқабаевқа берілді. Осыдан кейін қазақы дәстүр бойынша шашу шашылып, лента қию рәсіміне кезек берілді.

Ашылу салтанатынан соң мектеп оқушылары мен аудандық Мәдениет үйі өнерпаздары жиналған қауымға  ән-жырларын тарту етті.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС