Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ТЕЛЕСТУДИЯ – ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ

07.02.2014
ЖАҢА ТЕЛЕСТУДИЯ – ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі «Журналистика» мамандығының ашылғанына тура 15 жыл толады. Әрине, бұл аз уақыт емес. Осы уақытқа дейін бұл жерде қаламы қарымды, ойы ұшқыр жүздеген журналистер тәрбиеленіп, бойларына өмірлік азық болар білім нәрін сіңірген еді. Олардың алды республикалық, одан кейін облыстық және қалалық телеарналарда, түрлі газет-журналдарда еңбек етіп, еліміздегі журналистика саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүр бүгінде. Бұл – білім ордасындағы ұлағатты ұстаздардың еңбегінің жемісі.

Құндыз Тауасарова – журналист мамандығының 2 курс студенті. Аядай ғана Аякөз елінен қалаға арман қуып келген Құндыздың мақсаты – қазақ журналистикасының қарыштап дамуына өзіндік үлесін қосып, халықтың қалын ойлайтын қаламгер болу. Әрине, журналист болу да оңай іс емес. Өйткені, журналистика – үнемі ізденіс пен жан-жақтылықты талап ететін мамандық. Мұны Құндыз да жақсы біледі. Қазір оның бұл бағыттағы аяқ алысы жаман емес деуге болады. Жуырда ол Алматы қаласында өткен талантты жастардың «Тек «ел» деген сөз үшін» атты республикалық сайысына қатысқан еді. Аталмыш жарыс Алаш зиялыларының қызметі мен өміріне, қалдырған мұрасына байланысты қысқа көлемді бейнесюжет әзірлеу, көркем сөз, эссе, әңгіме, көсем сөз (публицистикалық мақала) және поэзиялық шығарма (жас ақындар мүшайрасы) бағыттары бойынша өтті. Қазақтың нар тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың туылғанына 120 жыл толуына орай өткен жарыста Құндыз көсем сөз бағыты бойынша бағын сынады. Болашақ журналистің  шығармашылық саласындағы бұл қадамы сәтті болды. 150-ден астам сайыскер қатысқан республикалық шығармашылық бәсекесінде топ жарған Құндыз 3-ші орынмен қанжығасын майлап, Семейге олжалы оралды. «Ұстазы жақсының ұстамы      жақсы» дейді қазақ. Осы орайда жас талант иесіне жол сілтеп, бағыт-бағдар берген, республикалық жарыста бағын сынап, жеңіс тұғырынан көрінуіне ықпал еткен филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанға алғысы шексіз екенін айтады Құндыз. «Жарыста еншілеген жүлдені университеттегі «Журналистика» мамандығының 15 жылдығына тарту етемін», — дейді ол.

 

{jcomments on}Семейде журналист мамандарын даярлайтын бірден-бір жалғыз оқу орыны – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет екені белгілі. Қазір аталмыш білім ошағында журналистерді кәсіби тұрғыда жан-жақты, өз істерінің шеберлері етіп дайындау алға қойылған. Университет басшылығы инновациялық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, студенттерге білім беру сапасын арттыруды көздейді.

 

«Журналистика» мамандығының ашылғанына 15 жыл толуына орай, университетте 5 ақпан күні заманауи технологиямен жабдықталған телестудияның ашылу салтанаты өтті. Жаңа студияның лентасын  ардагер журналист Дәулет Сейсенұлы мен «Семей таңы-Вести Семей» газеттерінің директор-бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты  Риза Молдашева қиды.

Университет студиясы жапондық кәсіби 3 бейнекамерамен, режиссуралық пультпен, аудиомикшермен, жарықтандырумен, монтаж жасауға арналған құрылғылармен жабдық-талған. Ал, бұл өз кезегінде журналистиканың «жілігін шағып, майын ішемін» деген жас студенттерге телережиссура, телеоператорлық шеберлік, дыбыс жазу, телехабарлар дайындаудың қыр-сырын, эфирде өзін-өзі ұстау мәдениетін терең меңгеріп шығуға жол ашады.

Айта кетейік, телестудияның тұсаукесер салтанатты рәсіміне алыстан ат арытып, журналистика саласында еңбек етіп жүрген оқу орнының түлектері де қатысты.  Солардың бірі  «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Иман айнасы» бағдарламасының жүргізушісі Жанжігіт Омархан. Университет ұжымының арнайы шақыруымен келген ол студенттік шақтағы біраз сәттерді есіне алып, болашақ жас журналистерге ақ жол, оқу орны ұжымының жұмыстарына табыс тіледі. Салтанатты жиын барысында бас қосқан Семейдің ойы терең, сөзі мерген белді журналистері де жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманында журналистердің біліктілігіне қойылатын талаптың жоғары екені айтпаса да түсінікті. Ал, университетте ашылған телестудияның болашақ журналистерге шеберліктерін шыңдап, іс-тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік беретіні сөзсіз.

«БАҚ бастарыңа бақ болып қонсын!». Бұл баспасөз бетінде жарияланған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің доценті Жидегүл Әбдіжәділқызының журналист боламын деушілерге арнаған тілегі. Ендеше, қазақ журналистикасын өсіп-өркендету жолында елім деп еміреніп, ел қамын   ойлайтын, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін қазағымыздың қайсар журналистері көп болсын!

Жібек СЕРҒАЗЫ,

Семей қаласының

Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің

баспасөз хатшысы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС