Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

09.12.2016
FacebookWhatsappTelegram

Дальний ауданының тұрғындары судың астында қаламыз ба деп алаңдаулы. Бұған себеп те жоқ емес. Анықталғандай,  жер асты суы деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты жеке секторларды су басу қаупі туындап отыр. Қауіпті аймаққа Дальняя  және Омская көшелерінің бірқатар аудандары кіретіні белгілі болды. Мұндай келеңсіздік  қысқы маусымға дайын болмаған арықтардың кесірінен орын алды дейді құзырлы орган өкілдері.

Десе де көше тұрғындары арықтарды тазартып,  судың мөлшерін де қадағалап отырғанын мәлім етті.

— Біздің көшеде мердігер мекеменің жалғыз ғана қызметкерінің жүргенін байқадық. Алайда оның жұмыс істеген-істемегені бізге беймәлім. Арықтарды өзіміз тазартамыз. Әркім өз міндетіне салғырт қарамаса, мұндай жағдай болмас еді. Өткен жылы осы жерде 15-20 адам арнайы техниканың көмегімен жұмыс істеп, күзде дайындық шаралары атқарылған болатын,- дейді Омская  көшесіндегі 3-ші үйдің тұрғыны.

Бұл пікірді аталмыш ауданның тағы бір тұрғыны Юрий Костиченко да қуаттап отыр. Оның сөзіне қарағанда,  дәл осындай жағдай жылда қайталанып отырады екен. Дей тұрғанмен де осыған тікелей жауапты органдарды аталмыш мәселе қатты алаңдатпайтын сынды деп налиды Омская көшесінің тұрғыны.

— Осы көшеде тұрып жатқаныма біраз уақыт болды. Арық арам шөпке толған кезде, мердігерлер бір рет өтіп шығып, сонымен істі аяқтады. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, мұның барлығын ескеріп, ертерек қимылдау қажет емес пе еді? Арықтың көзі үнемі қатып қалады. Бұрын судың арнасы осы маңдағы мектептің жанынан өтетін. Ал бүгінде оны біздің көше арқылы жіберіп, су басу фактісі жылда қайталанады. Мәселен, қазірдің өзінде су азық-түлік сақтайтын жер асты қоймаларына кіріп, үйіміздің іші дымқылданып кетті. Бұл тұтастай ауданның ортақ базынасына айналды,- деп кейіді Ю.Костиченко. — Көліктердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында құбырларды да өзіміз орнаттық. Себебі онсыз жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметі көліктерінің бұл жаққа қатынауы мүмкін емес. Бұған қоса судың бетін сәл болса да қайтару үшін жергілікті тұрғындар бөгет әзірлеп тырысуда,- дейді көше тұрғыны.

Ал жергілікті билік өкілдері болса жағдай бақылауда деп санайтындарын айтады. Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков қалалық ТЖБ-ның қызметкерлерімен бірлесіп осы мәселе бойынша арнайы рейд жүргізіп үлгеріпті.

— Қалаға шамадан тыс қар жауып, оның соңы қатты аязға ауысқанын білесіздер. Осының салдарынан арықтар қатып қалды. Қазір тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданның белсенді тұрғындары да көмектесуде. Арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Жергілікті атқарушы органдар бақылау жүргізуде. Мердігер мекемелердің жұмысшы құрамының саны мен ыстық суды әкелу барысын қадағалауды күшейтеміз. Сонымен қатар тұрғындарға да түсіндіру шаралары жүргізіліп келеді. Өйткені қар мен тұрмыстық қалдықтарды да арыққа тастайтын жағдайлар анықталып отыр,- деген Николай  Ушаков бұл да өз кезегінде жағдайдың қиындауына әсерін тигізбей қоймайтынын атап өтті.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН,                                                                                                                                                                          «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС