Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІЛІМ МЕН СПОРТ — БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

13.12.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Семей қаласындағы бірегей білім ордасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Қарағайлы ықшам ауданындағы мектепте енді 720 бала білім ала алады. Заманауи мектептің айрықша тұстары көп. Білім ошағында нано, биотехнология, робот техникасы сынды бағыттар терең зерттелмек.

Дүйсенбі, 12 желтоқсан күні Қарағайлы-1 ықшам ауданында физика-математика бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова, ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар және ата-аналар қауымы қатысты.

— Құрметтті оқушылар, қадірлі ата-аналар, аса қымбатты балалар! Мен Сіздерді Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимаратының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ баршаларыңызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты балалар, Тәуелсіздіктің 25 жылы сіздер үшін қандай қызықты, бақытты, шаттықты болса, келешекте де осылай жалғаса беруіне тілектеспін. Біздің еліміз Мәңгілік Елге айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап білім саласына үлкен мән берді. Сіздер болашағымыздың айқын болуына, Қазақстанның өркендеп, халқымыздың бақытты ғұмыр кешуіне үлес қосатын боласыздар. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде көптеген табыстарға жетті. Бұл жетістіктердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегімен тікелей байланысты,- деді өз сөзінде облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.

Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа ғимаратының ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова да сөз алды.

— Құрметті шәкірттер, ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдығы қарсаңында біз сіздермен бірге жаңа ғимаратқа кіргелі тұрмыз. Балалар, сіздердің алдарыңызда, еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен беделді, Отанымызға белгілі азаматтармен қатар, осы өңірдің белді азаматтары тұр. Олимпиада чемпиондары да осы жерде. Бұл бақытты бізге берген — еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев,- деп атап көрсетті басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ Күләш Ноғатайқызы ширек ғасыр ішінде еліміз талай қиындықтарды бастан өткергенін айтып, Елбасының білім саласына қашанда жіті назар аударып келе жатқанын атап өтті.

— Ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде Қазақстанның басынан талай дүние өтті. Бірақ, қаржымыз жоқ болса да, жағдайымыз қиын болса да, Елбасының білім саласы туралы ойланбаған бірде-бір күні болған жоқ. Назарбаев Зияткерлік мектептері — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қол жеткізген жетістігі. Баршаларыңызды жаңа мектептің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Құрметті балалар, біз ел үмітін, Елбасының сенімін ақтауымыз керек. Мерекелеріңіз құтты болсын!- деді Күләш Ноғатайқызы.

Бұдан кейін Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры Төлебай Рахыпбеков, мектеп құрылысын жүргізген «BI Group construction» холдингiнiң басқарма төрағасы Талғат Қожахметов сөз алып, жылы лебіздерін білдірді. Талғат Қожахметов мектеп директоры Бағдан Қайыржановқа символикалық кілт табыстады. Салтанатты түрде лента қию құрметі Лондон Олимпиадасының чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова мен еңбек ардагері Рашида Хасановаға берілді. Лента қию рәсімінен кейін облыс әкімі Даниал Ахметов бастаған топ мектеп ғимаратын аралап көрді және ұстаздармен, оқушылармен кездесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан — 2050» Стратегиясында: «Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар — сіздердің ата-аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер»,—  деп атап көрсеткен еді. Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі — осы сөздердің айқын дәлелі. Семей қаласындағы физика-математика бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мектепте облыстың шалғай жатқан аудандарынан келетін балалар үшін 120 орындық жатақхана да бар. Оған қоса білім ордасы ерекше көпфункционалды акт залымен жабдықталған. Дәстүрлі оқу кабинеттері мен зертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеңілдену кабинеттері бар. Ал мектеп телестудиясы оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Бүл күні семейліктер үшін тағы  бір жағымды жаңалық орын алды. Семей шаһарында спорт интернаты мен күрес залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы күні Семей қаласында, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Спорт академиясының да салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.  Академияның жас тәрбиеленушілерін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен Олимпиада чемпионы әрі жүлдегері Ольга Рыпакова құттықтады.

Жаңа академия құрамына осыған дейін жұмыс істеп тұрған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жекпе-жек залы мен 200 орындық интернат кіреді. Академияға облыстың ауыл-аймақтарынан дарынды балалар іріктелініп алынып, дзюдо, самбо, грек-рим және еркін күрес сынды спорт түрлерімен шұғылданып, жаттығатын болады. Ал оқу-жаттығу жұмыстарын Ресей, Моңғолия, Әзербайжан елдерінен келген білікті бапкерлер жүргізбек.

— Құрметті жерлестер! Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын, баршаларыңызға зор денсаулық, қызықты, бақытты өмір тілеймін. Еліміз ширек ғасыр ішінде тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары тек қана біздің облысымыздың өзінде 136 мектеп ашылды, 120 аурухана мен 300-ден астам спорт пен мәдениет нысандары бой көтерді. Ал бүгін Семей қаласында тағы бір нысанның тұсауын кесіп отырмыз. Жаңа спорт нысанын Семей спорт академиясы деп атауды ұсынып отырмын,- деген өңір басшысы алдағы уақытта қалада тағы бір мәдени-спорттық нысанның бой көтеретінін атап өтті.

Тәуелсіздік қарсаңында маңызды спорт кешенінің ашылуымен Семей тұрғындарын Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова құттықтады.

— Құрметті семейліктер, аталған спорт интернаты спортсүйер жасөспірімдер үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Бұған дейін облысымыздың шалғай жатқан ауылдарындағы жасөспірімдерде  мұндай жағдай болмаған еді. Ал бұл спорт интернаты жастарға осында тұрып білім алып, спортпен айналысуға жол ашып отыр. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын,- деді Ольга Рыпакова.

Осыдан кейін аймақ басшысын Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қаланы абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ермак Бидахметұлының айтуынша, ағымдағы жылы қаланың орталық бөлігін абаттандыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Ал Ертіс жағалауын көріктендіру жұмыстары келер жылы толығымен аяқталады. Шаһар басшысы сондай-ақ алдағы уақытта Ленин көшесі бойы жаңартылып, тұрғындардың жайлы демалысы үшін арбат жасалатынын айтып, оның жобасымен таныстырды. Осы ретте Даниал Кенжетайұлы алдағы жылдары Семей қаласын абаттандыру мен жол жөндеу жұмыстарына екі есе қаржы бөлінетінін жеткізді.

— Семей қаласын абаттандыру жұмыстары өткен жылдармен салыстырғанда биыл қарқынды түрде атқарылды. Оны шаһар тұрғындары да сезді деп ойлаймын. Ағым-дағы жылы тек жолдарды жөндеуге 1 млрд. 400 млн. теңге қаржы бөлмекпіз. Абаттандыру жұмыстарына 500 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылды. Келер жылы бұл қаражатты екі есеге дейін арттырмақпыз. Біз қала тұрғындарының абаттандырылған жайлы қалада тұрып, сапалы өмір сүргендерін көргіміз келеді. Сондықтан қала әкімдігі алдында үлкен міндеттер тұр. Алдағы айда Семей қаласын дамытудың үш жылдық жоспарын талқылайтын әкімдік отырысын өткізетін боламыз. Онда қала келбетін өзгертетін бірқатар шешімдер қабылданады. Бұрындары қолға алынбаған құрылыс жұмыстарын жүргізуіміз керек,- деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

03.05.2026
Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

Заместитель премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева выступила с разъяснением новых подходов правительства к реализации Указа Главы государства...

Читать далее ...

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

03.05.2026
Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 мая 2026 года на территории Государственного национального природного парка «Жоңғар-Алатау», вблизи села Тополевка Сарканского района области Жетісу, на высоком...

Читать далее ...

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

01.05.2026
В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

1 мая – День единства народа Казахстана широко отмечается в области Абай. Сегодня на площади Республики в микрорайоне Карагайлы города...

Читать далее ...

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

01.05.2026
«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

Жители сразу нескольких населенных пунктов обсудили с правоохранителями и госслужащими инфраструктуру своих районов, их благоустройство. Особое внимание жителей стражи порядка...

Читать далее ...

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

01.05.2026
В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

В Туркестанской области продолжается строительство завода «Казкрахмал». Предприятие стоимостью 35 млрд тенге станет первым в стране и крупнейшим в Центральной...

Читать далее ...

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

30.04.2026
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с президентом по регионам Европы и Африки компании Air Products (США) Иво Болсом....

Читать далее ...

Новости

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

13 часов назад

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

24 часа назад

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

3 дня назад

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

3 дня назад

Глава государства принял президента Международной кинологической федерации Тамаша Яккеля

3 дня назад

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

3 дня назад

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

4 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития фармацевтической и медицинской промышленности

4 дня назад

Молодежь области Абай присоединилась к обсуждению новой антикоррупционной политики страны

4 дня назад

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС