Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРКІНДІК АЛҒАН КҮННІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ КӨП БОЛДЫ

22.12.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы мешін жылын мағыналы істермен қорытындыламақ. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында шаһарда жаңадан бой көтерген бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне берілді.

14 желтоқсан күні Юность ықшам ауданында №6 алғашқы медициналық – санитарлық көмек орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова медицина қызметкерлерін еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жаңа ғимаратта сапалы ем көрсетілуіне тілектестік білдірді.

— Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында денсаулық сақтау саласына айрықша назар аударады. Соның нәтижесінде елімізде әлеуметтік нысандар салынып, тиісті жағдайлар жасалынуда. Бүгін пайдалануға беріліп отырған емдеу мекемесі — соның айғағы. Баршаларыңызды еліміздің мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын,- деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы.

Емдеу мекемесі ағымдағы жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Қос қабатты нысанның бірінші қабатында әкімшілік пен профилактикалық бөлімше орналасса, екінші қабатта зертхана қызметі мен ем шараларын жүргізетін кабинеттер. №6 алғашқы медициналық – санитарлық көмек орталығының бас дәрігері Бақыт Баированың айтуынша, жаңа нысанда тұрғындарға «Денсаулық» бағдарламасы аясында амбулаториялық  және алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсетіледі.

— Аталған ауданда 13 мыңнан астам халық тұрады. Көбі жастар және әскерилер. Заман талабына сай жабдықталған мекеме тұрғындардың сұранысын қанағаттандырады деп ойлаймыз. Мекемедегі дәрігерлердің сексен пайызы жоғары санаттағы мамандар. Ағымдағы жылы күндізгі стационар ашуды көздеп отырмыз. Бір сөзбен айтқанда, сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған,- деді Бақыт Баирова.

Мекемені аралап көрген облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова науқасты емдеу нәтижесі алдын ала жүргізілген ем-домға байланысты екенін, әсіресе ана мен бала денсаулығына баса назар аударылуы керектігін атап өтті. Әкім орынбасары сондай-ақ жалпы науқастанғандарға сапалы медициналық қызмет көрсетілуі керектігін де атап көрсетті.

Дәл осы күн Мелькомбинат алаңы, 1 мекенжайында  54 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің пайдалануға берілуімен де ерекшеленді. Тұрғын үй құрылысы Шығыс Қазақстан облысы өңірлік бағдарламасы аясында бой көтерген.

Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтай келген қала әкімі Ермак Сәлімов еліміз егемендік алғаннан бері елеулі өзгерістер болып, халқымыздың әл-ауқаты жыл санап жақсарып келе жатқанына тоқталды. Елбасымыздың тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасы да ойдағыдай орындалуда. Айта кетейік, жаңа үйлерді беру келер жылы да жалғасын таппақ.

— Баршаларыңызды Тәуелсіздігі-міздің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін семейліктер үшін өте қуанышты күн. Мемлекеттік бағдарлама аясында шаһарымызда құрылысы жүргізілген тағы бір үйді пайдалануға беріп отырмыз. Алдағы уақытта облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен бірқатар жоспарларымызды жүзеге асыратын боламыз. Келер жылы да аталған жұмыстарды жалғастырамыз. Алдағы жылдары болашағы зор Қарағайлы шағын ауданында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Аталған ауданда  97 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бір сөзбен айтқанда, Семей қаласында мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асырылуда деп айтуымызға болады. Баршаларыңызды қуаныштарыңызбен құттықтаймын,- деді Ермак Бидахметұлы.

Баспана «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына ШҚО өңірлік бағдарламасы арқылы берілді. Салтанатты шара барысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Айжан Медеуова да қоныс той иелерін құттықтады.

— Құрметті семейліктер! Бүгінгі мерекелеріңіз — қоныс тойларыңыз құтты болсын. Бүгінде Елбасының қолдауымен Қазақстанның әр өңірінде баспанамен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай игі істер Семей шаһарында да жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Қоныстарыңыз жайлы болсын, үйлеріңіз бақыт пен шаттыққа, балалардың күлкісіне толсын. Семей қаласы әрқашан да көркейе берсін,- деді Айжан Медеуова.

Бұдан кейін қала әкімі Ермак Сәлімов семейліктерге салтанатты жағдайда жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Қала басшысы жаңа қонысқа ие болған тұрғындардың бірқатарының  жаңа пәтеріне кіріп, қуаныштарына ортақтасты.

Бұл күні қаламыздағы  35 — ықшам ауданында «Балдырған»  атты жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді. 180 орынға есептелген балабақшада қазақ және орыс тілдерінде  6 топ жұмыс істейді. Ғимарат Гагарин көшесі, 325 «А» мекенжайында орналасқан. Әлеуметтік нысанның ашылуына қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова қатысты.

Сондай-ақ қаламыздағы Посмаков көшесі, 104 мекенжайында орналасқан «Іскер» шағын орталығы да бүлдіршіндерге есік ашты. 150 орындық балабақша 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету бағытында ашылып отыр. Барлығы 27 адамды жұмыспен қамтыған қазақ және орыс тілдерінде тәрбие беретін балабақша ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС